400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика 8 саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ: сауат ашу


Сабақтың тақырыбы:

Мектеп:№10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп


Біздің мектеп. 8 саны және цифры



Күні: 25.09.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Утенова А.И


Сынып: 1 ә

Қатысқандар: 27 Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1,1,1,1, Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі ажыратылатынын түсіну: сандар қатарындағы орнын анықтау

1,1,1,2 бір таңбалы сандарды оқу,жазусалыстыру

1,1,1,3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:


. 10 көлеміндегі сандарды

тура және кері ретімен санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

. Бір таңбалы сандар

құрамын анықтайды; цифра мен санды бір-бірінен ажырата алады, үш тілде санай алады(10 көлеміндегі сандар санайды)

Кейбір оқушылар орындай алады:

Бір таңбалы сандарды

әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығы,таяқша + - = > < таңбаларды қолданады, көрсетеді

Бағалау критерийлері

Дискриптор

-8 санын әртүрлі тәсілдермен алуды

-Сандық сәуледен 8 санының орнын табуды

-8цифрын жазуды меңгереді

Құндылықтарға баулу

Бірлесіп жұмыс жасауға, жауапкершілікке ,топта жұмыс жасау құндылықтарын дамыту

Пәнаралық байланыс

Дүние тану ,көркем еңбек пәнімен байланысады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Сандар құрамын , қатарын және салыстыру ,қосу ,азайту амалдарын орындай алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Сегіз,сандар тізбегі,цифр,санның құрамы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Қазақ тілі

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Біз қандай сандарды білеміз ?

-Жеті саны қандай сан ?

-Келесі сан қалай аталады?

Не себепті.....деп ойлайсыз?

Не себепті 8 саны жұп сан деп ойлайсыз?

8 санын қалай шығаруға болады?

Санды қалай көркем жазуға болады деп ойлайсыз??

Алдыңғы оқу

Сандарды тура және кері санау сандардың сандық сәуледегі орны





Жоспарланған

уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Басы 3минут


1 психологиялық дайындық

(м,к,ұ) Амансың ба, алтын күн !

Амансың ба , көк аспан !

Амансың ба , достарым !

Амансың ба ,ұстазым !

-Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан арқыл жылуды сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

(Т) мазайка құрастырып топқа бөлініп отырады.

1 топ : Өшіргіш 2 топ :сызғыш 3топ :қарындаш 4 топ : қалам

Жаңа сабаққа дайындық:

ІІ Ой қозғау

-Бұлардың барлығын қайда қолданамыз?

-Мектепте

-Біздің мектеп қай жерде орналасқан ?

-Бейбарыс м.а

-Біз қай сыныпта оқимыз ?

-1 сыныпта

Сыныптағы заттарды санау

Сыныптағы терезе,парта-шкаф,орындық.

Оқушылардан сынып ішінен ұнататын түстегі заттарды тауып,оларды санап шығу .

Киімдегі түймелерді, сынып бөлмесіндегі гүлдерді санап шығу.

-Не үйрендік ? (10 дейін санау ) 3 тілде .

2 " Санды тап" ойыны 1 ден 7 ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды бет жағын тақтаға қаратып орналастыру . Парақшаларды солдан оңға қарай реті бойынша орналасқанын хабарлау Парақшаларды санау .

-Бес сан алу үшін неше парақша санау керек?

-Жеті санын алу үшін неше парақша санау керек ?


Шеңбер

Жіп, өрмекші суреті, өрмекшінің өрмегі





















Ортасы

27 минут



























































































Жаңа тақырып:

1. Практикалық жұмыс

Сыныптағы оқушыларды тақтаға шығару (7 оқушы) дауыстап санату

-Еді тақтада неше оқушы бар ?

-Оушы саны азайды ма әлде көбейді ме ?

-Сан түзуінде 8 саны қай саннан кейін тұрады ?

-7 ден кейін

Оқушыларды жұбымен 2 ден тұрғызу

-неше жұп болды ? (4)

-Онда 8 саны қандай сан екен ? ( жұп сан )

Сан түзуінде 8 саны бар парақшаны сандық сәулеге қою.

Оқушылар алдарына -сызғышын қойып, одан 8 санын тапқызу .

-8 санының сл жағында қандай сандар тұр? (1,2,3,4,5,6,7)

4 . Оқулықпен жұмыс

1) Сандық сәуледен 8 санын көрсету

(Ұ)


2 ) Түйелерді сана (Ұ)

-Керуенде неше түйе бар ? (7)

-Керуенге неше түе жақындап келеді ? (1)

-8 саны қалай шықты ? (7+1)

Мақал "Бірлік бар жерде , тірлік бар ."

3) Түсіп қалған сандарды ата


(Ж) құм төбелер тізбегі бойында сан қатары көрсетілген . Сандар тізбегін қалпына келтіру .

4) 8 Санын қалай алуға болады ?



(Ж) 7+1=8 6+2=8 5+3=8 4+4=8 ( оықлым және жазылым )

5)Қателерді тап .

(Ж) Өрнекті жұппен оқып қатесін табу

(Ө) Содан кейін өз еркімен қатесі бар өрнекті айтқызып , басқаларына қатесін жөндеуді ұсыну және дұрыс өрнекті атату .

Қатесі бар өрнектер: 8<7, 5>8, 6>8, 2>8

6) Шығарып көр

Сеізаяқ туралы әңгімелеу

Сегізаяқтың аяқ санын және аяқ киімін санау

Ж: 8 аяқ киім , аяқкиімі бар (4),аяқкиімсіз(4),аяқтар саны тең .

7) Орындап көр

Кім бірінші болып түсті атап шығады ?

(Т) Сайыс ұйымдастыру

5 Сергіту сәті

Қараңдаршы көз тігіп:

Сезгіздікте -қос жүзік,

Бас-аяғы жоқ оның

"8" санын ал біліп.

Көзілдірік -ол, білсең,

Жүрер көзге ел іліп

6 Дәптермен жұмыс

  1. Сегіз жапырақтың суретін сал (жазылым)





Ө леңді мұғалімнің оқып тұруы (тыңдалым бейнелеу кезінде)

Гүл өсірсең терлеп!

Мұның аты -Еңбек.

Кесте тіксең зерлеп ,

Мұның аты-Еңбек.

Сабағыңды жөндеп ,

Әзірлесең-Еңбек,

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.


2) Сандарды тура ретімен жаз (үлгі бойынша)

3(ӨЖ) <, >, = белгілерін қою (өз ара тексеру )

4)Суреттегі заттарды санау , 8 ге толықтыру , заттың суретін салу



-Олардың 8 ге қаншасы жетпейді ?

(М.К) 5+3=8 7+1=8 өрнекті жазып мәнін тауып оқиды.

8 цифырының жазыу үлгісін тақтада жазып көрсету

-Қандай бөліктерден тұрады ?

(Ө) 1 Үлгі бойынша жазу 8

(Ө) Түсіп қалған сандарды қой ( Жауапты интерактивті тақтадан тексеру )

8=7+* 8=2+* 8=5+*

8=*+6 8=*+3 8=*+1

Оқулық







Сандар қатары



Цифрлар


8 цифры






Сандық сәуле













Суреттер





Дәптер








Жазу үлгісі












Қағаздан жасалған қима әріптер































Аяғы


5 минут

Кері байланыс

Оқушылар сабақтың соңында:

сандық сәуледен 8 санының орнын табуды;

8 санын әртүрлі тәсілдермен алуды;

8 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушының сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру

үшін төмендегі сұрақтар қойылады.

— Сандық сәуледе 8 саны қай жерде орналасқан?

— 8 санын әртүрлі тәсілдермен қалай алуға болады?

-Сабақтың мақсаты қандай еді?

-Мақсатымызға жеттік пе?








Дифференциация:Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау


Пәнаралық байланыс:

АКТ

құндылықтар

«Қатені тап» , «Түсіп қалған сандарды қой»ойындарын жеке жұмыс ретінде қабілетті балаларға ұсындым.

Дәптермен жұмыс кезеңінде қате орындаған оқушылардың өз қатесін өздеріне таба білуге ықпал еттім.

Дискриптор құрастырамын

Сандық сәуледен 8 санының орнын табуды;

8 санын әртүрлі тәсілдермен алуды;

8 цифрын жазуды меңгереді.

Әр тапсырмадан кейін кері байланыс жүргізіп, оқушылардың білімдерін қадағалап отырамын.

Дүниетану, көркем еңбек

Интербелсенді тақта








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
670
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі