жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика « 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту. Қосу кестесін құрастыру»
Б.Амалбеков атындағы ЖОББ базасындағы тірек мектебінің(РО)КММ
Пәні: Математика
« 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту.
Қосу кестесін құрастыру»
Бастауыш сынып мұғалімі
Ашикбекова Кулшат Мукыжановна
Атасу кенті
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту Қосу кестесін құрастыру |
Мектеп: |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Ашикбекова К.М. |
|||
СЫНЫП: 1А-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады; “+”, “–”, “=” таңбасын қолдану; қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады. |
||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
|||||
Ресурстар: |
Қарындаш,маркерлер; топта жұмыс істеу үшін әр оқушыға арналған ламинатталған А4 форматты қағаздар; қосу кестесінің көрнекі түрі. «Қамшы» ойыны |
||||
Тірек сөздер |
қосу кестесi. |
||||
Сабақтың мақсаты: |
Қосу амалының нәтижесін қосу кестесін пайдаланып анықтау дағдысын қалыптастыру. |
||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
||||
Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді. - Бір таңбалы сандарды қосудың нәтижесін ойша есептету. Қосу мен азайтудың нәтижесін тез есептеуге көмектеседі. -Бір таңбалы сандарды қосу нәтижесін жатқа білу керек.
Кіріспе тапсырма. Бір таңбалы сандарды қосудың кестесін құрастыру мақсатында жобалық жұмыс ұйымдастыру. Кесте кез келген уақытта пайдалану үшін анықтама кітап түрінде жасалуы мүмкін. Бұл анықтама кітабына бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу нәтижесі кіру керек .
— Анықтама кітабында бірінші қай мысал тұру керек? (1 + 1 = 2.) — Екінші сан — 1. Бірінші санның орнына қандай бір таңбалы санды қою керек? (Өсу ретімен 1-ден 9-ға дейінгі сандар.) — Егер екінші қосылғыш — 2 болса, бірінші қосыл-ғыштың орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады? (Өсу ретімен 1-ден 8-ге дейінгі сандар.)
Оқушылардың жасаған жұмыстарына алғыс білдіріп, олар бірге жасаған анықтама кітапты бір таңбалы сандарды қосуды жатқа білгенге дейін керек кезде пайдаланып жүру керек екенін ескерту! |
Қосу кестесін зертте. Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аударуын сұрау. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айту. Жауабы:
2 саны;
10 саны; 8 мысалдың жауабы 9 болады; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.
Ойлан. Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындау Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеу
Жауабы:
9 түрлі жағдай:
9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1 + 9.
Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдастыру. Оқушыларға қосу компоненттерін атауды және мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешу. Талдау жасау. Қосу кестесінде 0 санымен қосудың жағдайлары берілмеген. 0 санының ерекшелігіне байланысты қосу кестесінде бұл сан үшін жеке бағанның болуының қажеті жоқ. 0 санымен қосу амалын орындау ерекшелігін байқап және есте сақтауы керек: 0 санын кез келген санмен қосқанда сол санның өзі шығады.
Жауабы:
7 + 0 = 7; 8+0=8; 4 + 0 = 4. 9+0=9; 5 + 0 = 5 6 + 0 = 6; 3 + 0 = 3; 2 + 0 = 2; Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап а) 2 + 8; 7 + 3;
ә) 8 + 1, 4 + 5,
б) 2 + 1; 7 + 2;
в) 8 + 2, 1 + 9
Сергіту сәті |
||||
|
Қосымша тапсырмалар Орындап көр 7 4 6 +0 2 3 5
|
||||
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсету. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамыту (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). |
Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады. (қабілеті төмен оқушымен жұмыс) Жауабы: 4+ 5 = 9; 3+ 6 = 9; 6+ 2 = 8; 4+ 4 = 8; 8+ 2= 10; 7+ 3= 10; 3+ 4= 7; 2+ 5= 7; 4+ 1= 5; 3+ 2= 5; 3+ 3= 6. 4+ 2= 6.
|
||||
|
Оқушылар сабақтың соңында: қосу кестесін құрастыруды; бір таңбалы сандарды қосу үшін кестені пайдалануды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру сұрақтары: - Қосудың компоненттерін ата - Азайтудың компоненттері -1-20, 20-1 тура кері санау -1-10 дейінгі тақ сандарды, жұп сандарды атату. — кестедегі ең кіші сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек? — кестедегі ең үлкен сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек? - 1-10 –ға дейінгі тақ және жұп сандар құрмын кім біледі? Оқушылардың “ Бас бармақ” әдісімен өзін-өзі бағалауы.Рефлексия |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген