400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика . 4 санын қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика пәніне арналған сабақ жоспары. Жаңа форматқа сай жасалынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:1 «А»

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы:4 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға +4, -4 бойынша есеп шығаруды үйрету.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: 4 санын қосу және азайту және айырманың мәндерін қатесіз есептеуге дағдыландыру, білімдерін тиянақтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:Дүниетану

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,топтастыру.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: дидактикалық материалдар.

Уақыт

Белсенді жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут




Топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

1,2,3

Сынып іші тып-тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз.

Түгендеу

3 топқа бөлініп отырады

1. «Алма»

2.«Алмұрт»

3.«Өрік»

Оқушылармен сәлемдесемін.




Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгендеймін.


Оқушыларды жемістер арқылы топқа бөлемін

Мұғаліммен,сыныптастарымен сәлемдеседі.



Сынып басшысы келмеген оқушыларды айтып шығады.



Жеміс түріне қарай өз тобына отырады.

Білу

3 минут


«Кім жылдам?»

1-топ-5+4-1+2-6=4

2-топ-6+4-3+2-4=5

3-топ-10-4+3-2+1=8

Оқушыларды мұқият тыңдап жауабын толықтырып отырамын.


Түсіну

15 минут







5 минут

Дәптермен жұмыс .

1-тапсырма.4 санын қосу және азайту кестесі

1+4=5 10-4=6

2+4=6 9-4=5

3+4=7 8-4=4

4+4=8 7-4=3

5+4=9 6-4=2

6+4=10 5-4=1

2-тапсырма


0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

4+4=8 5+4=9 6+4=10

8-4=4 9-4=5 10-4=6

Оқушыларға бағыт беремін.

4 санын қосу және азайту кестесін себетке алма жинау ар0ылы –здер3 .



Сергіту сәті

1 минут

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске- бесті қосқанда,

Қолымызда он саусақ.

Он,он,он

Өз орныңа қон.

Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындау.

Оқушылар жатқа айтады.

Қызығушылық танытады.

Қолдану

3 минут

№ 3 тапсырма.Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата.Өсу ретімен 4-тен бастап,кему ретімен 10-нан бастап.

3 сан аттай отырып жолаушыларды орналастыр

1-топ-4 4,7,10

2-топ-10 10,7,4

3-топ-3 3,6,9

Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалау.



Талдау

10 минут

№ 4тапсырма

Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.

Қызыл 4 см,көк 3см ,жасыл 6 см.

3+4=7

7>6

1-топ-3 см арттыр

2-топ-4-см арттыр

3-топ-3-см кеміт

Көмектесіп отырамын




Берілген тапсырманы топта талқылап,жауап береді.



Жинақтау

3 минут

«Қайықты орналастыр»

1-топ-1+4=5 5+4=9

2-топ-4+4=8 5-4=1

3-топ-3+4=7 7-4=3

Қосымша тапсырмалар беріледі

Әр топ оқушылары жауап береді.

Үйге

№5 112 бет



Бағалау

2 минут

Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау,марапаттау

Менің көңіл күйім .Топты бағалау.

Рефлексия

Жаңа технологияның маңызды бөлігі- ойын болып табылады.Ойын түрінде ұйымдастырған сабағым оқушылар үшін өте қызықты өтті.Берілген әр тапсырманы қызығушылықпен,шапшаңдықпен орындап топтар арасында жарыс екенін түсініп, жеңіске жетуге бар білімдерін ортаға салып тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысты.Әрине баяу,үлгермеушілік танытқан оқушыларда болды.Берілген тапсырмаларға ойынның кез келген элеметтерін қолдану арқылы баланың белсенділігін артып, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталып, ұжымдық сезімі қалыптасты.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі