400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"МАТЕМАТИКА - ӨМІР"

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні оқытушылары үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика

Күні. 21.11.2019 Тобы: 1 ТУР 19-1, 1 ОРТ 19-1, 1 ОРТ 19-2.

Сабақтың тақырыбы: « Математика - өмір »

Мақсаты: Студенттердің білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілеттерін және математика, информатика, әдебиет, ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлық, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке, жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабағы.

Әдісі: Топ бойынша жұмыс.

Көрнекі құралдар: слайд, логикалық есептер, мақал-мәтелдер.

«Математика - өмір» атты сайысы VI - кезеңнен тұрады.

  1. “Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір’’ топқа сұрақ

  2. “Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің’’

  3. Полиглот.

  4. Сандар сыры

  5. Ойлан тап

  6. Кім жылдам (есептер)

  7. Қорытынды.


I - Жүргізуші: Бүгінгі студент ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты, өзінің біліміне сенімді екеніне байқап көрейік. « Білімді азамат – ел ертеңі », « Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзімен уақытыңды қызықты өткізгің келсе математикамен шұғылдан деп сіздерге сәттілік тілейміз.!

Ізгі арманын, үмітін

Бабалардың жалғаймыз!

Білім көкжиегінде

Жалындаймыз, самғаймыз!- дей отырып сайыскерлерімізді таныстырамыз.

II - Жүргізуші : Бірінші сайыскерлеріміз: «Қас-қағым сәт» тобы.

Қас-қағым сәт тобы алға,

Биіктерге самға.

Достығымыз барда,

Жүреміз тек алда!


I – Жүргізуші: Екінші сайыскерлеріміз: «Уақыт талабы» тобы.

Уақыт талабы тобы алға,

Биіктерге самға.

Біліміміз барда,

Жүреміз тек алда!

II – Жүргізуші:


Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,

Біреуі мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

I - кезең

« Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір » (10 ұпай)

Бұл бірінші кезең сайысында сұрақ жалпы командаға қойылады. Қойылған сұрақтың әр дұрыс жауабына 10 ұпайдан есептелінеді.

«Қас-қағым сәт » тобы

1. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не? (калькулятор )

2. Кез келген санның 0 дәрежесі неге тең? (1)

3. Алғашқы есептеу құрылғысы(саусақ)

4. Барлық нақты сандар жиыны (R немесе (-∞;∞))

5. 666 санын еш амал қолданбай 1,5 есеге қалай артрыруға болады? (аударып жазу )

6. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті теңдік (теңдеу)

7. Айнымалының алдындағы тұрақты сан (коэффициент)

8. Тұрақты сан.(константа)

9. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін (сан жай)

10. «Айнал» командасы берілгенде жауынгер қандай бұрышқа бұрылады?(1800)

11. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

12. Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім? (Г. Лейбниц)

13. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан (Әл-Хорезм)

14. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)

15.Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасы (Пи)

16. Аксиома дегеніміз не?. (мағынасы күмансіз тұжырым)

17. Косинустың синусқа қатынасы (котангенс)

18. « Математика ғылымдар патшасы» кімнің сөзі (Карл Гаус)

19. Негізі сан дәреже көрсеткіші айнымалы болатын функция(Көрсеткіштік)

20. «Ноль» қай елден шыққан? (латын, мисса-ешқандай, ештеңе емес)


«Уақыт талабы » тобы

1. Байлаған сайын тереңге, шығасың биік белеңге? (Білім)

2.  Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

3. 100-ді -ге бөліп, 50-ге ті қосқанда нәтижесі қандай? (250)

4. Геометриядан жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына100 өгіз сойып құрбан еткен ежелгі грек ғұламасы (Пифагор) 

5. 1 пұт неше кг-ға тең? (16 кг)

6. Ең алғаш әйел математик (С. Ковалевская)

7.Бір шокаладты 100 теңгеге сатып аласың ,1,5 шокаладты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

8. «Фигура» сөзінің мағынасы (түр, кескін, бейне)

9. Анықталу облысы симметриялы және аргументтің теріс және оң мәндерінде мәні тең функция (жұп)

10. Координата бас нүктесінен қарағанда симметриялы функция (тақ)

11.Интернетті қосуда қамтамасыз ететін құрылғы (модем)

12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)

13. Алматы қаласындағы республикалық мамандырылған физика- математикалық мектеп-интернат аталған, қазақ халқының дарынды ұлы, акедемик кім? (О.А. Жәутіков)

14. Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель төртбұрыш.(параллелограмм)

15. Египетте фараондар жерленген көпжақ.(пирамида)

16. Косинутың синусқа қатынасы(котангенс)

17. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

18. Бір түзудің неше параллель түзулердің бойында жатқан векторлар (коллинеар)

19. «Фигура» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі? (Г. Лейбниц)

20. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (0)

I - жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Оны сен білмесең,

Өте алмайсың көпірден – дей келесі .

II-кезең:

« Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің » .

Бұл сайыста қазақ тілі, тарих, география пәндерінен Жамбыл облысында және Тараз қала-сының мағында орналасқан бірнеше сәулеттік ескерткіштер және облысымыздан шыққан атақты тұлғалар, жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, олимпиада жүлдегерлері туралы болады. Сонымен қатар математика, физика, биология, ағылшын пәндерінен сұрақтар (экран) болады.

II - Жүргізуші:

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға 3 тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Ұпай, студенттер сіздікі - дей келесі .

III кезең:

« Полиглот » (5 минут)

Топтардың алдындағы парағына жауабын 3 тілде жазады, егерде 3-еуі дұрыс болса – 30 ұпай, 2-еуі дұрыс болса -20 ұпай, 1-еуі дұрыс болса- 10 ұпай беріледі.

1. көбейту-умножение – multiplication(еуөктбй)

2. анықтама -определение- definition(атынамқа)

3. кесінді-отрезок- line segment(деінікс)

4. дәреже-степень-power(дереәж)

5. шама-величина- value(ашма)

6. білім-знание-knowledge-(імблі)

7. көрсеткіштік-показательный- exponential(іктөкішткеср)

8. баға-оценка-mark-(ағба)

9. Математика ғылымдардың ... (патша-царь-king)-(пшата)

10.Математик ... жанды болуы керек (ақын-поэт-poet)-(ныақ)

I - Жүргізуші: « Алтын қоржын» - дағы логикалық есептерді шешіп көрелік. Экранға көңіл аударайық.

Сандардың сырына біз үңілеміз,

Үйренбеген достардан түңілеміз.

Қасиетті сандарға байланысты,

Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.

IV-кезең:

«Сандар сыры» – 1 балл. (5 минут)

Тақтада көрсетілген 3,5,7 сандарына байланысты не білеміз?




балл

Үш саны

3 қуат

Ақыл,жүрек, тіл



3 бәйтерек

С.Сейфуллин, Б. Майлин, І Жансүгіров



3 байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық,



3 арсыз

Ұйқы, күлкі, тамақ



3 тәтті

Жан, мал, жар



3 тоқтам

Ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық



3 ғайып

Ажал, қонақ, несібе



3 көз

Су анасы-бұлақ,Жол анасы-тұяқ,Сөз анасы-құлақ



3 жұрт

Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты


5 саны

5 асыл

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым



5 парыз

Қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр, садақа (зекет)



5 дұшпан

Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ


7 саны

7 ата

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат



7 күн

Бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына



7 қазына

Ержігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, таз, қыранбүркіт, мылтық



7 жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба(індет), өрт, соғыс, сел(тасқын), жерсілкіну



7 қаткөк

Ай күн, есекқырған(меркурий), шолпан, қызылжұлдыз(марс), мүштәрі(сатурн), сатурн



7 қатжер

Тұңғиық, жылан, су, қосбалық, қара тас, көкөгіз, жер



7 амал

Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың тоғамы, қыс тоқсанның кіруі


II - Жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткіз бе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.- дей келесі .

IV-кезең:

« Ойлан тап » (10 ұпай) Слайд

1. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақ-шаларды қоюға көмектесіңіз. (6*(8+20):4-2=4017)

2. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? (53)

3.Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады? (24)

4. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? (Бір мотоцикл)

5. Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп? (ыдыстар).

6. Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған аю, кірпі, қоян келді.

Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады.

- 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.

Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?

Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге

400: 4=100 теңге

1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге

7. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар,
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)

8. Кімді математика королі атаған ? (Карл Гаусс)

9. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тара-қанды өте ауыр жаралады және олар жара-қаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

10. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған ? (13)

Қорытынды:

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан арттық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»-дегендей Н.Д. Зеленскийдің сөзімен аяқтап, бүгінгі «Математика - өмір » атты 6 кезеңнен тұратын жарысымыз аяқталды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі