400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика -информатика апталық іс-шарасы: "Математикалық кафе"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық кафе. Жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық кафе

«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» дегендей қымбатты ұстаздар алдымен сіздермен амандасып алайық. Қазір мектепте математика және информатика апталығы жүріп жатыр, білесіздер. Бүгінгі іс-шарамыз екі пәннің бірігіп, бірлесе жасап жатқан іс-шара деп біліңіздер.

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.

Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз,

Бас иеміз салем беріп баршаңызға.


Тектіліктен жаралған қазағымның

Бүгінгі кеште қызметім асабамын

Шуақ шашқан көктемнің шуағындай

Фариза атты информатик қыздарыңмын.


Таныстырып өтейін бірлестікті

Ұран қылған сыйластық пен бірлікті

Қарабалаева Салтанат апайымыз

Бас аспазшы, тағамдардың сарапшысы


Әсел менен Роза апай, гүлдей әрдайым жайнаған

Бас аспаздың көмекшісі қызметіне сайланған

Музыкаға жауапты Азиза апай ажарлы

Сіздерге көңіл күй сыйлар диджейлікке сайланған.


Бірлестіктің айнасы Айжан апай көшбасшы

Фотограф болып естелік қалдыруға сайланған

Бибігүл апай шеберлі, админстраторы кафенің

Бас есепші жүйрік деп Динара апай сайланған.



Жүргізуші: Құрметті қатысушыларға «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз! Біздің тағамдарымыздан дәм татып, би - билеп, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз!

Күй төсерін төгейік

Жырдан нөсер төгейік

Уа, жамағат ал енді

Әнге кезек берейік

Кешімізді жақсы көңіл күймен бастап, «Ұстазым» әнін бірге шырқайық.

Жүргізуші:

Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!!!
Сіздерге ас мәзірін ұсынамыз!


Первые блюда

1. Жұмбақтардан жасалған, информатика тұздығымен дәмделген “Харчо”

2. Мақал-мәтел қоспасы бар, математикалық “Рассольник”

3. “Ебін тапқан екі асар” қаймағы қосылған, “Борщ”

4. Зейін, ой дәмдеуіштері қосылған, мақал-мәтел қоспасы бар информатикалық “Окрошка”

+

Логикалық тапқырлықтан жасалған “Незабудка”салаты


Жүргізуші: Кеш қонақтары! Бүгінгі кештің ерекшелігі «ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы орындаған командаға ұтыс беріледі.
Жүргізуші: Бірінші тағам сұрақтарына бірінші жауап берген топқа бір ұпай қосылады.

Сергіту сәті:

«Өнер десе қазағым бар елеңдеген,

Тамыры ілгеріден тереңдеген

Ел ішінде өнерлілер толып жатыр,

Сіз бенен біз сияқты еленбеген» -дей отырып, әр топ бір өнерден көрсетеді.

Ал енді алдарыңызға екінші тағамды ұсынамыз.

Вторые блюда

1. Пельмен

2. Манты

3. Шашлык

4. Фирмалық тағам

+

Математикалық ойын

Жүргізуші: Психологиялық тренинг (Ертегіден мынандай үзінді)

Баяғы да бір хан болыпты. Ханның бір қызы болыпты. Ол ешқашан да күлмейді екен. Сол себепті халық оны күлмесқыз деп атап кетіпті. Сіздерге сұрақ: Не себепті ханның қызы ешқашан күлмеген деп ойлайсыздар? (Ойлануға уақыт беріледі) 2) Күлуі үшін не жасау керек деп ойлайсыздар? (Ойлануға уақыт беріледі .Әр топтан бір мүшені тыңдау)

Бұл жазғандарыңыз күлмесқыздың проблемасы емес, сіздер өз проблемаларыңызды жаздыңыздар.

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп есепте.

Сол үшін әрдайым күліп жүріңіздер.



Ал енді «Дастарханда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ» демекші алдарыңызға тәтті нан ұсынамыз.

Ең көп ұпай жинаған топты марапаттаймыз.

Жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрермендерге,

Мың рахмет, мың рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
861
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі