400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика " Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастуыш сынып мұғалімдерімен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша

көбейту және бөлу.

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:1)Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.

2)Есептеу, есте сақтау қабілетін ой-өрісін,өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту.Ұқыпты,ретті жазу дағдысын  қалыптастыру.

3)Адамгершіліке,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,проблемалы

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,

Сабақтың барысы:                              І Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа назарын аудару.

- Балалар қазір математика сабағы.Сабаққа керекті құрал жабдықтарыңды алып,оқушы ережесіне сай түзу отырамыз.Бүгін бізде ерекше сабақ. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.Сабақта алаңдамай,еркін еңбек етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.

2.Психологиялық дайындық:

Біз есепке салдық күш

Артық десе қосамыз

Кем десе аламыз

Есе көп десе көбейтеміз

Есе аз десе бөлеміз

Соны есіңе сақтап қой.

Көзге жаттығу:

Балалар бүгін сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан екі топқа бөлінеміз.

1-топ Алғырлар Ұраны Тек қана алға!

2-топ Тапқырлар Ұраны: Намысты қолдан бермейміз!

Қазылар алқасы бүгінгі сабаққа келген қонақтар болмақ.Қазылар алқасы үй жұмысынан бастап қай топ сұраққа дұрыс жауап берді не болмаса есепті дұрыс шығарды сол топтың қоржынына 1 ұпайда түсіп отырады.

Сондықтан оқушылар мұқият тыңдап жеңіске жетуге тырысамыз.

Мен сендерге сәттілік тілеймін.

  • Балалар сендер әдебиет сабағынан, сыныптан тыс ертегілерді оқығанда

  • Әр кез кедейдің көмекшісі, шыншыл қарапайым халыққа көмектесіп жүретін сендердің сүйікті кейіпкерлерің кім?

  • Алдар көсе

  • Бүгінгі сабағымыздың кейіпкері ол Алдар көсе.

Алдар көсенің қарны ашып келе жатса алдынан бай шығыпты. Байдан Алдар қарным ашты қой берші депті?

-Сонда Бай тегін жатқан қой қайдан болсын. Мен саған 7 кезеңнен туратын тапсырма беремін соны орындасаң мен саған қой беремін. Онымен қоса сені үйіме апарып қонақ етемін депті жылаңқы бай.

-Мұны естіген Алдар сенерін сенбесін білмей ойланып тұрып жарайды бер тапсырмаңды депті.

Енді балалар сендер Алдарға көмектесу үшін не білесіңдер соны пысықтап көрейікші. Және сендердің көмектеріңмен Алдар көсе қой ала алама көрейік?

3.Үй тапсырмасын тексеру.Ауызша

1.Көбейтудің компонентерін ата?

2. Бөлудің компонентерін ата?

22*2 33*4 66*2 36*2 53*2 66*2

Балалар біздің қолымыздан келетін сияқты ендеше кірісейік.

Дәптермен жұмыс:әдемі жазамыз дұрыс отырамыз

Қандай сан жазылған?

478 691 345

Бұлар неше таңбалы сандар?

Үш таңбалы

Разрядқа бөліңдер:

4-жүздік

5-ондық

6-бірлік

Дәптерде қандай сандар жазылған ?

1.Математикалық диктант:.

1.10 мен 8сандарының қосындысын 2есе арттыр

2.38 бен27 сандарының айырмасын 8ге көбейт

3.40 пен 9 сандарының қосындысын 7ге кеміт

4.3 центнерде неше килограм бар?

5.5 минутта неше секунд бар?

6.Шаршының периметрі 280см Шаршының қабырғаларының ұзындығын тап?

7.Арман мен Темірханда 15марка бар. Арман Темірханға 3марканы сыйға берді

.Сонда оларда неше марка қалды?

8.Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді . Қарияда неше немере бар?

9.Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2партиядан ойнаса, Барлығы неше партия оинаған?

.Дәптерді көршілеріңмен алмастырыңдар кімде қанша қате айтасыңдар.

Қатесіз жазған балаларды мақтау.

Жаңа сабақ: Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.Баған түрінде жазылады

1 жүзд.-100 133*2

3 онд.-30

4 бірл.-4

Осылардың әрқайсысын 2-ге көбейтеміз 100*2=200        30*2 =60            4*2 =8

Толымсыз көбейтінділердің мәндерін табамыз.

200+60+8=268

Енді осы өрнекті баған түрінде есептейік.

*134              1-бірлігіне көбейтеміз

      2              2-ондығын көбейтеміз

  268              3-жүздігіне көбейтеміз

Көбейтуді бөлумен тексереміз. 268: 2=134 баған түрінде.

2-кезең Оқулықпен жұмыс 100бет 3-есеп Тізбекті жалғастыр . Ойынның шарты: Кім бірінші орындаса, сол мәреге бірінші жетеді.

1. Алғырлар: 142*2 122*2

134*2 132*3



2.Тапқырлар: 242*2 321*2

312*3 143*2

Қорыту қои беру.

Келесі тапсырма: Қонжыққа көмектесейік.

Қонжық есе арттыруды білмей тұр соған көмектесейік.

3. Мына сандарды 3 есеге арттыр: 231,303, 221, 313, 331, 131, 121, 332.

1-топ Алғырлар

323*3=963 303*3=909

331*3=993 131*3=393

2-топ Тапқырлар

221*3=663 313*3=939

121*3=363 332*3=996

Қорытып қой беру.

4-кезең

101 бет 4-есеп Мысал есепке де келіп жеттік. Ұтыс ойыны:

Шарты: Қай топ бірінші шығарса сол топ бірінші болмақ.

Оқулықты ашып оқып шығамыз есептің тек өрнегін ғана орындаймыз.

а) Алғырлар шығарады .134*2

б) Тапқырлар шығарады.468:2

Енді екі топқа бірдей тапсырма: Мысал есеп

Бірінші несі болады? шарты

Екінші ? Сұрағы

Үшінші? Шешуі

Төртінші ? Жауабы

Тақтаға назар аударамыз.

№8 Үшінші сынып оқушылары кешке таман жұлдыздарды бақылайды. Қыздар «ағып бара жатқан» 38 жұлдызды, ал ұлдар көкжиектің 4 жағынан 16 жарық жұлдыздан көрді. Үшінші сынып оқушылары барлығы неше жұлдызды бақылады?

Шарты: Қыздар – 38 жұлдыз
Ұлдар-4 жағынан 16 жұлдыздан
Барлығы-? Жұлдыз бақылады

Шешуі: 38+4*16=102
Жауабы: 102 жұлдызды бақылады

Қорыту. Мадақтау фишка беру.

Келесі тапсырма,:

5-кезең Теңдеулерді шешу: капитандар жарыс

1-топ

Х-23= 125*4

2-топ

У*30=1000-730

Қорыту топқа ұпай қосу.

6-кезең Кесте бойынша есеп құрастыр:

Бағасы саны құны

Периметрін табу.

1-топ Тік төртбұрыш сызып периметрін тап:

2-топ Шаршы сызып периметрін тап.

Қортындылау,

Біз бүгін сабақта не істедік?

Қандай тапсырмаларды шештік?

Алдарға көмектестік па?

Қанша қой жинадық топтар санайды.

Мадақтау

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі