Математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, жаратылыстану тест жинақтары жауабымен

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, жаратылыстану тест жинақтары жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, жаратылыстану тест жинақтары жауабымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сауаттылығы 

4-нұсқа  

1- мәтін. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

 Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың»,- деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді.

Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері адақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді.

Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.

1. Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?

А. Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұтатындығын дәлелдеу

Б. Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету

В. Балаға әкесін сыйлау керектігін түсіндіру

Д. Балаға барлық адамдарға тәртіп бірдей екендігін ұғындыру

2. Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?

А. Әке балаға сыншы

Б. Алып – анадан

В. Ата – баланың қорғаны

Д. Бала – бауыр етің

3.Мәтіннің стилі қандай?

А. Көркем әдебиет стилі

Б. Ауызекі сөйлеу стилі

В. Ғылыми стиль

Д. дұрыс жауабы жоқ

4.Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?

А. Сабақты жақсы оқу керектігін

Б. Ұстазының әкесінен қорқатынын

В. Ұстазды патша да сыйлайтынын

Д. Әкесінің талап койғыштығын

5.Патша баласы қандай еді?

А. Ақылсыз

Б. Айлакер

В. Сыпайы

Д. Ашуланшақ

6.Патшаның кұлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі

А. Патша ұсынысынан қорқып кетті

Б. Патша ұсынысы әділетсіз көрінді

В. Патша ұсынысы қатал көрінді

Д. Патша ұсынысы оғаш көрінді

2- мәтін. Мәтінді түсініп оқы, сұрақтарға жауап бер.

Қалың орманды аралап келе жатқан аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған ол бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралып, аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын жаралап, ағаштан ұшырып түсіріпті.

7. Аюға балды жеуге не кедергі болды?

А. орман

Б. Ағаш

В. бөрене

Д. Тиін

8. Бөрене неге аюдың басына сарт ете қалды?

А. салмағы ауыр

Б. салмағы жеңіл

В. құлап түсіп басына тиеді

Д. ұшып кетеді

9. Орманды аралап келе жатқан аю неге тап болды?

А. бал арасына

Б. достарына

В. түлкіге

Д. кірпіге

10.Ызаланған аю күшімен бөренені нешінші рет итеріп жібергенде, ұшырып түсіреді?

А. 1

Б. 2

В. 3

Д. 4


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

Б

В

Д

А

В

А

А

В


Қазақ тілі

1.Бірынғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөзді тап.

А. кітап

Б. сынып

В. береке

Д. азу

2. Тәуелділік жалғауы жалғанған сөзді белгіле:

А. дәптердің.

Б. шыршада.

В. оқу залы.

Д. еменнен.

3. Туынды зат есімді белгіле

А. іспен.

Б. істер.

В. істен.

Д. іскер.

4. Жіктік жалғаулы сөзді тап:

А. әріптің.

Б. сөйлем.

В. дыбыспен.

Д. әншісің.

5. Антоним сөздерді тап:

А. әдепті бала.

Б. биік, аласа

В. әдейі, арнайы

Д. жұма, сенбі

6. Сөйлем басында келген кыстырма сөзден кейін тұратын тыныс белгісі:

А. нүкте.

Б. үтір.

В. леп белгісі.

Д. сұрак белгісі.

7. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін қандай сөйлем?

А. Сұраулы сөйлем

Б. Жай сөйлем

В. Хабарлы сөйлем

Д. Лепті сөйлем

8. Сөйлем мүшесінің байланысын не аркылы анықтайды?

А. Сұрақ аркылы.

Б. Сөз аркылы.

В. Тыныс белгісі аркылы.

Д. Шылау арқылы.

9. Мағынасы жуық сөзді белгіле:

А. ақылды, акымак. -

Б. оңай, жеңіл.

В. сұр, сүр.

Д. түзу, кисык.

10. Құрамы екі немесе одан да көп жай сөйлемнен тұратын сөйлем түрі атауы:

А. хабарлы.

Б. кұрмалас.

В. жай.

Д. лепті.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

В

А

Д

Д

Б

Б

Д

А

В

Б


Математика

1. Ең үлкен үш таңбалы және ең кіші төрт таңбалы сандардың қосындысын тап

А. 190

Б. 199

В. 1909

Д. 1999

2. Қоян 156 м қашықтықты 13 секундта жүгіріп өтеді. Қоянның жылдамдығын тап.

А. 12 м/с

Б. 13 м/с

В. 14 м/с

Д. 15 м/с

3. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 90625

А. 90600+20+5

Б. 90000+600+20+5

В. 90000+6000+20+5

Д. 90000+625

4. 72 сантиметрдің сегізден бір бөлігін тап.

А. 8 см

Б. 9 см

В. 9000 км

Д. 8000 км

5. Шаршының ауданы 36 см/кв. Шаршының қабырғасының ұзындығын тап.

А. 3 см

Б. 6 см

В. 4 см

Д. 9 см

6.Тікұшақ 320 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша километр ұшады?

А. 1080 км

Б. 128000 км

В. 12880 км

Д. 1280 км

7. 8 санының кубын тап.

А. 722

Б. 888

В. 512

Д. 802

8. 9 санының квадратын тап

А. 81

Б. 90

В. 99

Д. 999

9. Теңдеудің дұрыс шешімін тап. Х – 1230 = 3000 - 2008

А. 2222

Б. 902

В. 1224

Д. 1222

10. Бірінші қапта 182 жаңғақ, екінші қапта 146 жаңғақ бар. Екі қаптағы жаңғақтар саны бірдей болу үшін бірінші қаптан екінші қапқа неше жаңғақ салу керек?

А. 12

Б. 15

В. 18

Д. 21


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

Б

Б

Д

Д

В

А

А

В


Жаратылыстану

1. Күзде аңдардың жүні түсуін қалай атайды?

А. өсу

Б. түлеу

В. түсу

Д. кәрілік

2. Фотосинтез жүру үшін не қажет?

А. су

Б. көмірқышқыл газ

В. күн сәулесі

Д. гүл

3. Омыртқалы жануарлар қатарын тап

А. жылқы, жұлдызқұрт, балық

Б. жылқы, көбелек, құмырсқа

В. жылқы, қоян, сауысқан

Д. дұрыс жауабы жоқ

4. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді көрсет

А. жолжелкен

Б. жантақ

В. бәйшешек

Д. раушан

5. Тозаңдану дегеніміз-...

А. тозаңның жатынға түсуі

Б. тозаңның гүлге түсуі

В. тозаңның сабағына түсуі

Д. дұрыс жауабы жоқ

6. Симбиоз дегеніміз-

А. бірлескен қарым-қатынас

Б. жеке дара қатынас

В. алыстан қатынас

Д. барлық жауап дұрыс

7. Жаңа өсімдік пайда болатын өсімдік бөлігі

А. Хлорофил

Б. Тұқым

В. Қант

Д. Тозаңқап

8.Гүлдің құрылысына қатысты мүше

А. Қатпаршақ

Б. Тостағанша жапырақша

В. Тамыр

Д. Жеміс

9.Тұқымның түзілу жолы-

А. тұқымның өнуі

Б. тұқымның таралуы

В. тозаңдану

Д. гүлдің ашылуы

10. Балдыр өсімдігі қандай дәруменге бай?

А. кальций

Б. йод

В. калий

Д. фосфор


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Б

В

В

А

А

А

Б

Б

В

Б








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2025
10
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі