400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлык тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы

Қасым Ахмиров мектеп балабақша кешенінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Нигметуллина Асемгульь Биржановна

ТАҚЫРЫБЫ: «ҰШҚЫР ОЙЛАЙ БІЛЕМІЗ»
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫБЫ

Мақсаты: балалардың ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып 1-ден 6-ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, санның көршісін табуға жаттықтыру. Жыл мезгілдерін, апта күндерін ретімен айтуға үйрету. Тақпақтар есептер арқылы, логикалық тапсырмалар арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту, қосу, азайту белгілерін пайдалану арқылы есеп  шығара білу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, сандар, жұмбақ, есептер, үлестірмелі материалдар.
Ойындар: «Ретімен орналастыр», «Тура, кері сана», «Заттың пішіндерін ата», «Көрші сандарды ата».
Сабақ әдіс-тәсілі: саяхат, сұрақ-жауап, тақпақ-жұмбақ-ойындар.
Сабақтың барысы:

1.       Ұйымдастыру кезеңі.

а) шаттық шеңберін құрамыз.
Қайырлы таң! Әрқашан күн сөнбесін
Күн нұрын, жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік
Бәріміз тату дос боп бөлісейік.

  Балалар, біз бүгін еліміздің ғарыш айлағы Байқоңырға саяхатқа шығамыз. Жолқапшығымызды  иығымызға асамыз
(қимылмен) жүреміз. Тақтада баратын жеріміздің картасы бар. Орал ------     Астана ------      Қарағанды ------ Шу ------ Тараз ------ Шымкент ------ Түркістан -------  Қызылорда ------ Байқоңыр.

І. Аялдама: Елордамыз - Астана. Еліміздің - бас қаласы.
Тапсырма:

1.   Апта күндерін ата.
2.   
Бір аптада неше күн бар? Бүгін нешесі?

Ойын: Ретімен орналастыр: 1,2,3,4,5,6,7.
ІІ. Аялдама: Қарағанды. Еліміздің көмір өндіретін алып шахталар орналасқан үлкен қала.
Тапсырма:

1.  Неше жыл мезгілі бар? Ата.
2. Қазір қай мезгіл?
3.Ретімен орналастыр.

Қыс жайлы тақпақ айтып бер.

ІІІ. Аялдама: Шу. Бұл қаланың аты осы жерден ағатын алып Шу өзеніне байланысты қойылған.
Тапсырма: 1) Сен қандай түстерді білесің?

2)   Қандай геометриялық пішінді білесің? Ойын «Түстері бойынша жина» (корзинаға - 2-еу)

ІV. Аялдама: Тараз. Өте ескі тарихи қала. Халқы көкөніс, жеміс өсірумен айналысады.
Тапсырма: жұмбақ есептер шешу.

1.   Екі қоян болыпты

Сәбіз жинап теріпті
       1-еуі сәбіз жинапты
       1-еуі кетіп қалыпты
       Қанша (неше) қоян қалыпты?

2. Бұтақта 3 құс қонып отырыпты, оның біреуі ұшып кетіпті.

Бұтақта неше құс қалды?

3. Екі кірпі болыпты

Қысқа азық жинапты
       Біреуі 2 саңырауқұлақ
       Біреуі 1 саңырауқұлақ
       Барлығы болыпты неше саңырауқұлақ?

4. Ағаш бұтақтарына 3 тиін  отырды, оған келіп тағы 1 тиін қосылды. Сонда барлығы неше тиін болды?
5. Қолыңда 3 алма,

Табақта 2 алма.
        Қосқанда барлығы
        Болады неше алма?

6. Бір қоянның 2 алмұрты бар

Екінші қоянда да 2 алмұрт
        Үшінші қоянда барлығы неше алмұрт?
        Сандарды сана: тура ------ кері.

V.   Аялдама: Шымкент қаласы. Бұл қалада бензин, машина дөңгелектерін шығаратын үлкен зауыт бар. Халқы мақта,    көкөніс өсірумен айналысады.

Тапсырма: «Көршісін тауып белгіле» (барлық балаға беріледі).
1 бала тақтада.
VI. Түркістан аялдамасы.
Ауасы таза, киелі жер. Кеп көңілімізді  сергетейік.
Сергіту сәті.
VII. Соңғы аялдама:Қызыл-Орда. Бұл қалада басты байлық - сыр күріші. Ән мен жырдың өлкесі.
Тапсырма: Есептер әлемі.
4+1=     1+1 =      2+1 =         3+1 =
5-1  =        4-1 =    3-1 =         2-1 =
   Біз есептерді дұрыс шығардық. Алдымызда «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Қандай әдемі зымыран.
   Қандай ғарышкер ағаларыңды білесіңдер: Тоқтар Әубакиров, Талғат Мұсабаев. Міне, балалар, біз бүгін Қазақстанның қалаларын аралап, тапсырмаларды орындап,  ғарыш ұшатын жерді де көрдік. Болашақта сендердің араларыңнан ғарышқа ұшатын қазақ шығуы мүмкін.
   Балалар, біздің саяхатымыз аяқталды. Біз енді Көкшетауға өз бақшамызға оралайық. Көзімізді жайлап жұмып, сиқырлы кілеммен ұшып келеміз. Артымызда біз жүрген қалалар. Көзімізді жайлап ашамыз.

1.   Біз қайда, қандай қалаларда болдық?
2.    Сендерге ұнады ма?
3  Балаларды бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі