Білім
саласы: «Таным»,
«Коммуникация»
Білім
бөлімі: Қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру,
Құрастыру, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Математика
әлемі»
Мақсаты: Балаларға
5-ке дейінгі сандарды ажыратуға үйрету.
Қатарда орналасқан заттарды көрсетіп,
ретімен санауға үйрету.
Білімділік:
Геометриялық пішіндер
туралы білімдерін кеңейту. Сандарды
тура және кері санауға үйрету. Балалардың
тілін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Дамытушылық:
Логикалық ойлауларын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту. Қолдың ұсақ
маторикасын жетілдіру.
Тәрбиелілік: Балаларды
тапқырлыққа баулу, шыдамдылыққа
аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Блингвалдық
Компонент
: Қыс-зима, жеті-семь.
Көрнекілік: Геометриялық
пішіндер, сандар, боялған асықтар, фетра
тақтасы, магнит тақтасы, жарма ұнтағы.
Әдіс
тәсіл: Түсіндіру,
сұрақ-жауап, ойындар, санамақ ойындар,
сергіту
Оқу
қызметінің барысы:
Шаттық
шеңбер:
Қайырлы
таң, Көк аспан!
Қайырлы
таң, Алтын күн!
Қайырлы
таң, Жер ана!
Қайырлы
таң, достарым!жаттығулары, жұмбақ.
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс
мезгілінде неше ай бар?
Бір
аптада неше күн бар?
Апта
күндерін атап беріңдерші?
1-ден
5-ке дейін тура және кері кім санап
береді?
Пішіндерді
атап беріңдерші?
Түстері
қандай?
Үш
бұрыш пішінінде неше бұрыш бар?
Төрт
бұрыш пішінінде неше бұрыш бар?
Дөңгелек
пішінінде неше бұрыш бар?
Тосын
сәт:
Әуен
ойнатылып қонаққа Күлдірген келеді.
Қолында бес шары бар.
Күлдірген:
Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерге
құр қол келген жоқпын. Мына қолымдағы
шарлардың ішінде тапсырмаларым бар.
Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен
сендерге сыйлық беремін.
1-ші
тапсырмасы.
Санамақ.
Басбармағым
– әкем,
Балан
үйрек – анам,
Ортан
терек – ағам,
Шылдыр
шүмек – әпкем,
Кішкентай
бөбек – мен.
Жарайсыңдар,
балалар.
2-ші
тапсырмасы
Жұмбақ.
Туысқан
бес кісі,
Бірінен
– бірі кіші.
Бәрінің
аты бір,
Ен
кішісі шеткісі.
Ол
не?
Дұрыс
таптыңдар.
3-ші
тапсырмасы
Логикалық
есеп.
Торғайда
неше көз бар?
Қазда
неше аяқ бар?
Оң
қолда неше саусақ бар?
Оң
қолымда екі алма,
Сол
қолымда үш алма.
Қосқанда
болар барлығы,
Неше
алма?
4-ші
тапсырма
1-ден
5-ке дейін қазақ тілінде және орыс тілінде
санап беріңдер?
5-ші
тапсырма
Сандарды
түсіне қарай санап, магнитті тақтаға
жануарларды қою.
5
көк асықты санап бер?
Тақтаға
5 аюды қой?
4
сары асықты санап, тақтаға 4 қоянды қой?
3
қызыл асықты санап, тақтаға үш мешінді
қой?
2
жасыл асықты санап, 2 пілді қой?
1
көк асықты санап, 1 әтеш қой?
Күлдірген:
Рахмет балалар, сендер тапсырмаларды
жақсы орындап шықтыңдар. Мен сендерге
беретін сыйлығымды тәрбиеші апайға
тастап кетемін. Енді менің қайтатын
уақытым келді. Сау болыңдар балалар.
Ойын:
«Қандай сан жоқ?»
Шарты:
Сандарды балалар көздерін жұмып отырады.
Сол кезде сандардың біреуін алып қояды.
Қайсысы жоқ екенін айтып береді.
Сергіту
сәті:
1
дегенде тұрайық,
2-3-4
алақанды соғайық.
Оң
жаққа бұрылып,
Сол
жаққа бұрылып,
Бір
отырып, бір тұрып.
Бір
жүгіріп алайық.
5
дегенде асықпай,
Орнымызды
табайық.
Балалар
орталыққа барып үй құрастырайық.
Пішіндерден
домино құрастырайық.
Пішіндерден
үй құрастыру.
Моншақ
тізу.
Таяқшалардан
үй жасау.
Пирамида
тұрғызады.
Жарма
ұнтағынан сандар жазу.
Балалар
бізге қонаққа кім келді?
Күлдірген
өзімен бірге не алып келді?
Шардың
ішінен не шықты?
Қандай
тапсырмаларды орындадық?
Балалар
сендер орталықта не жасадыңдар?
Жарайсыңдар
балалар. Күлдіргеннің сыйлығын сендерге
таратып берейін. Балаларды мақтап,
мадақтап, қорытындылау.
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі: 1-ден 5-ке дейін
тура және кері санауды біледі.
Нені
игереді: Геометриялық
пішіндерді және олардың түстерін
ажыратуды игереді.
Меңгереді:Тапсырмаларды
өз беттерінше орындауды меңгереді.
Пайдаланылған
Әдебиеттер:
Бала
мен балабақша – 2013ж Республикалық
педагогикалық журнал.
От
басы және балабақша журналы – 2014ж