400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Математика әлемі пәнінен факультатив сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
математикадан бастауыш сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды»

Директор : Оқу ісінің менгерушісі: ӘБ кеңесінде:

__________ _____________ Қаулы №______

«____»_______ «___»___________ _____________





Күнтізбелік жоспар







Пән: Математика әлемі

Сынып: 2-4

Мұғалім: Берикбол Ахмарал

Сағат саны: 34

Аптасына: 1







2019-2020 оқу жылы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Басатуыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты негізінде «Математика әлемі» факультативтің жұмыс жоспары әзірленді.

2-4 сыныптардың « Математика әлемі» қосымша курсына аптасына 1 сағаттан,барлығы 34 сағат бөлінген.

« Математика әлемі» қосымша курсының басты мақсаты:Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.

« Математика әлемі» қосымша курсының міндеттері:

- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.

- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.

- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.

- Шығармашылық ізденіске жетелеу.

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.

- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.

- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.


«Математика әлемі» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Күтілетін нәтиже:

- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді

- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады

- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады

- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады

- Проблемалық жағдаятты шеше алады

- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды







«Математика әлемі » пәнін оқытудың пәнаралық байланыстары
Математиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Математиканы оқыту процесінде белгілі бір пәнаралық байланыстар іске асырылады.

Математика мен қазақ тілінің арасындағы байланыстар:

  • грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

  • математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

  • сөйлем құрастыру барысында үлгілеудің (модельдеудің) пайдаланылуы;

  • сөйлемдегі сөздер байланысының сызбаның көмегімен өрнектелуі;

  • сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

  • математикалық тілдің қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттің арасындағы байланыстар:

  • көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау және ажырату, теңеулердің қолданылуы;

  • халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, қаламақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында пайданылуы;

  • көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың ішкі сезіміне түрткі салу;

  • көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстүр, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:

  • дүниедегі құбылыстарға дәл де әділ баға бере білу;

  • өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

  • математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен баланы қарым-қатынасқа келтіру;

  • айналадағы дүниеде танып білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабақтарында пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

  • заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру;

  • геометриялық фигуралардан адам, жануар бейнелерін сала білу;

  • көркем сурет шығармалары арқылы баланың ішкі сезімін және көңіл-күйін ояту, дамыту.







Оқушылардың білім деңгейін бақылау

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).




















Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

2 сынып

«Математика әлемі »

Аптасына 1 сағат

№№

Тақырыбы:

Сағат саны

Уақыты

1

Математикалық санамақтар .

1


2

Санайық , есептейік , ойланайық !

1


3

« Апта күндері » өлең жаттау

1


4

Математикалық эстафета

1


5

Қызықты математикалық сайыс есептері

1


6

Математикалық диктант

1


7

Өлеңді есептер

1


8

Геометриялық пішіндермен жұмыс

1


9

Логикалық есептер

1


10

Логикалық есептер№1

1


11

Сиқырлы шаршылар

1


12

Математикалық жұмбақ санамақтар

1


13

Логикалық есептер -2.

1


14

Мұқият орында ! ( бояу )

1


15

Математикалық эстафета

1


16

Сандары бар мақал –мәтелдер

1


17

Геометриялық пішіндер. Олеңдер.

1


18

Санайық,есептейік,ойланайық !

1


19

Математикалық спринт. Тест.

1


20

Қалып қойған санды тап.

1


21

Сандар қатарын жалғастыр....

1


22

Мұқият орында ! ( бояу )

1


23

Сиқырлы шаршылар

1


24

Математикалық диктант спринт

1


25

Логикалық есептер

1


26

Қызықты математикалық сайыс

1


27

Айырмашылығын тап!

1


28

Шығармашылық тапсырмалар

1


29

Логика тапсырма

1


30

Айырмашылығын тап!

1


31

Өздік жұмысы

1


32

Шығармашылық тапсырмалар

1


33

Қызықты тапсырмалар

1


34

Қорытындылау

1


Барлығы: 34 сағат.




Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

4-сынып

«Математика әлемі»

Аптасына 1 сағат

№

Тақырыбы

Сағат

саны

Уақыты

1

Натурал сандар

1


2

Көп таңбалы сандарды салыстыру

1


3

Уақыт өлшем бірліктер

1


4

Арифметикалық амалдар

1


5

Қызықты үшбұрыштар

1


6

Күрделі теңдеулерді шешу

1


7

Разрядтық қосылғыштарға жіктеу

1


8

  1. Теңдеу арқылы шығарылатын есептер

1


9

Жоғалған сандарды табу

1


10

Бөлудің ерекше жағдайлары

1


11

Көлемді табу жолдары

1


12

Қалдықпен бөлу

1


13

Логикалық есептер 1

1


14

Өрнектердегі амалдардың орындалу реті

1


15

Атаулы сандар

1


16

Қызықты тапсырмалар

1


17

Амалдарды орындау

1


18

Математикалық спринт (тест)

1


19

Фигуралардың периметрі мен ауданын табу

1


20

Бөлінгіштік белгілер

1


21

Логикалық есептер 2

1


22

Үлестер

1


23

Өрнектер жазу және олардың мәнін табу

1


24

Ұзындық өлшем бірліктері

1


25

Шеңбер және дөңгелек

1


26

Сандардың римдік жүйесіндегі жазылуы

1


27

Ребустар шешу

1


28

Масса өлшем бірліктері

1


29

Қозғалысқа берілген есептер

1


30

Үш таңбалы сандарды көбейту, бөлу

1


31

Шамаларды салыстыру

1


32

Аудан өлшем бірліктері

1


33

Теңдеулерді шешу

1


34

Байқа, тап, түзе!

1


Барлығы: 34сағат





Черноярка жалпы орта білім беру мектебі











Бастауыш сынып факультатив пәндеріне арналған оқу жұмысының күнтізбелік жоспары





Мұғалім: Берикбол А.

Білімі: орта арнайы

Еңбек өтілі: 2жыл










2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
63 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
8911
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі