Материалдар / Математика әлемінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал пән мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
294
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика» атты интеллектуалдық ойыны

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.

3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту.

Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:

Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, интерактивтік тақта, презентация(слайдтар), әр топқа даярланған үстел.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Түрі: Топтық сайыс сабағы.

Типі: Ойын түрінде

Математикалық сайыстың барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Ғажайып математика» атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білімділер» , «Жүйріктер», «Дарындылар» топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз

Қымбатты білім сүйгіш жас достар!

Орыс ғалымы М.Ломоносов « Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны

оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.

Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Мұғалім: Математикалық сайыс-бұл еңбек.

Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

1) «Кім жылдам?»

2) «Формуланы жалғастыр»

3) «Жүйрік екніңді көрсете біл».

4) «Полиглот».

5) «Шатасқан әріптер».

6) «Мақал мәтелдер»

7) Ұпай қосып ал!

8) Көрермендермен лото

9) Қорытындылау.

1. «Кім жылдам?» Қойылған сұрақтарға топтағы оқушылар жылдам қол көтеру арқылы жауап береді, ұпай дұрыс жауап берген оқушының тобына қосылады.

1. Дәлелдеусіз қолданылатын тұжырым. (аксиома)

2. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

3. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 мин)

4. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1 санын)

5. Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3 алма)

6. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (900 )

7. Үстелде 3 стакан сүт бар. Алмаз 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар? (3 стакан)

8. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

9. Қарама-қарсы сандардың қосындысы ... (ноль)

10. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы ... (1800)

2. Формуланы жалғастыр

3. «Жүйрік екеніңді көрсете біл!»

«Ойымды жалғастыр»

10. Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең.

20. Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп аталады.

30. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлемді теорема дейміз.

40. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы -қа тең болады.

50. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады.

«Логикалық тапсырма»

10. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Ж: Жоғары

20. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Ж: 2 сағат

30. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Ж: үш

40. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? Ж: 21

50. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола

ма? Ж: Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады

«Есепте»

10. Ж:

20. Теңдеуді шешіңіз: Ж: -2

30. Поезд 2 сағатта 144 км жол жүреді. 3 сағатта қанша жол жүреді? Ж: 216 км.

40. Көбейткіштерге жікте: Ж:

50. Теңдеуді шешіңіз: Ж:

4. Полиглот

Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын күштілерге есуге

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

3 ұпай шәкірт саған несібе

3 тілде – 3ұпай, 2 тілде – 2ұпай, 1 тілде – 1 ұпай.

1) Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (кітап,книга, book...........................

2) Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш,ленейка,........................

3) Тіл жоқ өзінде, сөзі бар ізінде (қалам,руччка,pen......................

4.) Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен жазам

Жазып алам көшіріп,

Сүртемін сосын өшіріп (тақта,доска,...................

5) Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп кішкентай күн көзін (электр шамы,лампочка,...................

5. Шатасқан әріптер Оқушыларға 1 минут уақыт беріледі. Шатасқан әріптерден сөз құрау керек. Әр сөзге 5 ұпай беріледі.

1. Квадрат

2. Циркуль

3. Көпмүше

4. Парабола

5. Функция

6. Теорема

7. Өрнек

6. Мақал-мәтелдер сайысы

Топ басшылары қағазда берілген мақалдарды сурет салу арқылы топқа түсіндіреді. Дұрыс табылса 10 ұпай беріледі.

1. Ат баспаймын деген жерін үш басады.

2. Бес саусақ бірдей емес

3. Отыз тістен шыққын сөз, отыз рулы елге тарайды.

4. Бір тал кессең, он тал ек.

5. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

7. Ұпай қосып ал! 1 сұрақ . 5 литр және 3 литр банкалар арқылы 4 литр суды қалай құйып алуға болады?

2 сұрақ

8 метр жіптен өлшеу құралынсыз, 3 метр жіпті қалай қиып алуға болады?

8. Көрермендермен лото

Лото сұрақтары:

1.Ықшамда: Жауабы:

2.Екінің алтыншы дәрежесі нешеге тең? Жауабы: 64

3. функциясының графигі? Жауабы: Гипербола

4.-қа тең бұрыш қалай аталады? Жауабы: Сүйір бұрыш

5.Параллель түзулер дегеніміз не? Жауабы: Бір жазықтықта жататын, ортақ нүктесі болмайтын түзулер.

9. Қорытындылау Әділ қазылар жеңімпаз топты анықтайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!