«Математика әлемінде»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Математика әлемінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Математика әлемінде»
Материалдың қысқаша нұсқасы













Тақырыбы : «Математика әлемінде»

Сыныптан тыс іс - шара

Сыныбы: 5 «Ә »




















Математика пәні мұғалімі: Кашкинбаева Г.К.













Мұғалім: Кашкинбаева Г.К.

Сыныбы: 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Математика әлемінде»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика әлемінде» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Аристотель», «Әбу Насыр Әл-Фараби», «Пифагор», «Евклид», «Архимед» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.

Математиканың пәнінің мұғалімі: Гладченко С.К.

Информатика пәнінің мұғалімі: Бахтыбекова Г.М.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Кім көп біледі? Логикалық сұрақтар

  3. Кім жылдам? Адасқан әріптерден сөз құрау

  4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

  5. Тапқыр болсаң,шешіп көр. Ребус беріледі.

  6. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу

  7. Қорытынды


1.Таныстыру

Жүргізуші:Ұлы математиктердің суреттері жасырылған. Оқушылар сіздер сол суреттерді таңдап алып,өздеріңіздің топтарыңыздың атын сол ғалымның атауымен қоясыздар. Және де сол ұлы математик туралы қысқаша мәлімет бере кетесіздер.


2. Кім көп біледі? Логикалық тапсырма

1.Кәрзеңкеде 15 қара өрік бар. Айнұр компотқа 1/3-н салды. Компотта неше қара өрік бар? (5)

2. Барлық цифрлардың көбейтіндісінде қанша 0 болады? (1)

3. 7 адам бір-бірімен фотосуреттерімен алмасты, қанша сурет таратылды? (42)

4. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (5 минут)

5. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1/3)

1. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).

2. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).

3. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).

4. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).

5. Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).

1. Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

2. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

3. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).

5. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

1.Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

2.Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)

3.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

(50 кг)

4.Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

5.Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)


1.Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

2.. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

3.Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

5. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)



3.Кім жылдам?

Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.


И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш

Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)

4.«Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10. Болар бала бесігінде боспын дейді, Болмас бала (жиырма бесте жаспын дейді)


5.Тапқыр болсаң,шешіп көр. Санды ребустар беріледі. Ребустағы әріптердің орнына тиісті цифрларды қойып, өрнектің мәнін табыңыз

  А 4 В 9 Д 2 А 7 А 8 А 1 3 7 5

+ 5 С 7 - Е 4 Ғ - С С Д -Д 5 С + Д 5 С

8 1 0 1 8 7 4 5 7 3 7 5 8 А 1


2 4 3 9 3 2 5 7 5 8 3 1 3 7 5

+ 5 6 7 - 7 4 5 - 1 1 8 -4 5 6 + 4 5 6

8 1 0 1 8 7 4 5 7 3 7 5 8 3 1


6. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу

1.Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадараттасаң егер оны

Белгісі оның кетеді. (Квадрат түбір)


2.Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек?

Білейікші оны бізде (Теңсіздік)


3.Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырды ол бізді. (Натурал сан)


4.Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (Дәреже)


5.Шар емес, дөңгелек емес

Бірақ осылардың бөлігі

Радиус, диаметрін іздегенде

Онсыз болмайды келісі (Шеңбер)


6.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)


7.Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль)


8.Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


9.Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)


10. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)


ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ СҰРАҚ

  1.  Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

2. Төрт қойдың неше аяғы бар?

(16 аяқ)

3. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?

(300 кг)

7.Қорытынды.

Жеңімпаздарды марапаттау.Әділ –қазыларға сөз беріледі.

Математикалық тілек.

Мен сіздерге кесіндідей өлшенетін, шеңбердей дөңгеленген аз ғана ғұмырда үшбұрыштай шыңның басынан көрініп, бұрыштары тік төртбұрыштай тік белең жолда бақыт, табыс және геометриялық фигуралардан құралған ұзындығы,биіктігі 50 см болатын креслоның иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Мұғалім: Барлығыңызға табыс және сәттілік тілейміз! Барлықтарыңызға бүгінгі ойын үшін рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі