Материалдар / Математика әлемінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика әлемінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі











«Математика әлемінде»


(интеллектуалдық сайыс)










Орындаған: Егінбаев Е.








2018- 2019 оқу жыл


«Математика әлемінде»


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов


2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская


3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс


4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.


2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.


2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.


1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.


Команда мүшелерін сұрақтар қою арқылы анықтап аламыз. Қойылған сұраққа кім бірінші қол көтеріп жауап береді, сол команда мүшесі бола алады.





Сұрақтар:

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80

минут ұшады. Айырмашылығы неше минут? (екеуі тең)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

11. Түзудің бойынан 4 нүкте берілген болса, онда қанша кесінді пайда болады? (6 кесінді)

12. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады? ( 3 күнде)

13.Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

14. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)

Әр команданы ортаға шақырып, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.


1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

2. Кім тапқыр. (Логикалық есептер)

3. «Математикалық лабиринт»

4. «Өз тобыңды түгенде» Капитандар сайысы.

5. «Терминдерді білесізбе?»

6. Қанатты сөздерде – сандардың қолданылуы

7. Ойлы болсаң, озып көр



1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).


Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына.

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына,

Математиктер жасасын!-деп келесі бөліміміз «Кім тапқыр» бөлімін бастаймыз



2. Кім тапқыр. (Логикалық есептер)


  • Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады, алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер, соңғы қатарда 15 тырна бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады? (120)

  • Ертеде бір патша өзінің уәзіріне мынадай тапсырма берген:200литрлік бөшкеге дәл ортасынан келетіндей етіп су құю тапсырылған.Құйған кезде ешқандай сызғышпен және де басқа құралдармен өлшеуге тыйым салынған.Уәзір бұл тапсырманы орындаған? Қалай?

DrawObject1 DrawObject2

  • 3.Талғат деген кісі меймандос адам екен. Бір күні оның үйіне бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап төріне отырғызады. Дастархан жайылып, қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын көзбен шолып шығады да, сәл ойланып қалады. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тарсақ, онда бір табақ ет жетпей қалады, үшеуіне тек бір табақ қойсақ ет артылып қалады, енді не істемек? Бұл үйде қанша қонақ, табақ саны қанша? (12 қонақ, 5 табақ)


1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.


3. «Математикалық лабиринт»


Ойын шарты бойынша қызыл түсті шаршыны суреттің ортасындағы үйге адаспай жеткізу қажет.




Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып, өт –деп келесі сайысқа кезек береміз.

4. «Өз тобыңды түгенде» Капитандар сайысы.

Мысалы: 4ке еселі сандар

1,2,3, Айнұр ,5,6,7 Бағдат 9,10,11 Асем.........................

  • 1топқа 2-ге еселі сандар

  • 2топқа 3-ке еселі сандар

  • 3топқа 5-ке еселі сандар


Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл қарындаш пен қаламды

Айыра біл соқпағында өмірдің

Айыра біл тапсырмаңды алдағы


5. «Терминдерді білесізбе?»

  • 1топқа Фигура

  • 2топқа Сфера

  • 3топқа Синус

Мысалы: Радиус-сектор-радиан-натурал-лемма-аксиома-сан.


Математика ермек емес балалық

Математика – көрегендік, даналық

Математика құрметтеуге лайық

Кел, достарым, мұны жақсы ұғайық


6. Қанатты сөздерде – сандардың қолданылуы

  • Жетіге келгенше,

жерден 7 рет таяқ жерсің..


  • Мал-бір жұттық, батыр-бір оқтық, жер-мәңгілік

  • Жерді екі рет жыртқан өнімді екі есе көп алады


  • Отызыңда орда бұзбасаң,

қырқында қыр баспассың.

 

  • Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.


  • Мың досың болса да,

біреуі жетпей тұрады.

 

  • 2 жақсы қас болмас,

2 жаман дос болмас

 

  • Досыңды 3 күн сынама

3 жыл сына


  • Он мың сөздің түйінін,

он сөзбен шеш.


  • Бір кісі таққа мінсе,

Қырық кісі атқа мінеді


  • Жүз теңгең болғанша,

100 досың болсын.


  • Жүзден біреу шешен,

Мыңнан біреу көсем.


1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.


7. Ойлы болсаң, озып көр

Бұл бөлімде әр топқа әртүрлі сөздер жазылған парақтар беріледі, сол сөздерді бір оқушы шығып, ым-ишарамен көрсетіп, түсіндіру қажет.


  • Циркуль, транспортир, кітап, текше, калькулятор, бөлшек, периметр, пайыз, сызғыш,


2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.


Олар жәйлі төреші

Көрермендер өздерің

Ақ қарасын айырып

Куа болды көздерің

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет!мың рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!