400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Математика әлемінде" интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Математика әлемінде» интеллектуалдық ойыны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің математикалық ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Өз Отанына деген сүйіспеншілік, адамгершілік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, мультмедиялық аппарат, математикалық көрме.

Түрі: Интеллектуалдық ойын.Топтық сайыс

Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу, рухани жаңғыру

Типі: Ойын түрінде

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

1 – тур. Математикалық сұрақтар

2 –тур. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

3 – тур. Математикалық логика

4 – тур . Құпия сұрақ

5 – тур. Математикалық эстафета

6 – тур. Математикалық атаулар

ІІІ. Қорытындылау


Оқытушы: Қайырлы күн қадірменді Оқытушылар, студенттер! «Математика таңғажайыптар мен сиқырлар әлемінде» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер. Қымбатты білім сүйгіш жас достар! «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек» Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма ,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-деп Абай атамыз айтқандай ,уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін ,бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып , кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші :Шеберлікті, білімді

Сараптап сендер көріндер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Н.Хайдаровна

2) Бөлім меңгерушісі – Б.Бермановна

3) Бөлім меңгерушісі – Д.Тахировна

4) Есептеу комиссиясы – Л.Калиевна

Шақырып жарыстарға сан-салалы,
синустар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Синустар командасын қарсы аламыз.  ( Ортаға шақыру)


Құрметтеп алғырларды ой-саналы

Косинустар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады. ( Ортаға шақыру)

Ортамызда бүгінгі сайысқа қатысушы І топ «Синустар» , ІІ топ «Косинустар»

Қол шапалақтап құрмет көрсетейік.


І. Топтардың сәлемдесуіне кезек береміз. 1) Синустар 2) Косинустар


1. Кезекте таныстыру, амандасу рәсімі

І топ: «Синустар» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.


Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Синустар» тобынан қарсылас топқа сәлем.

ІІ топ: «Косинустар» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.


Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

«Косинустар» тобынан қарсылас топқа сәлем!


Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың І турын бастаймыз.

I тур. Математикалық сұрақтар бөлімі. (әр топқа 10 сұрақтан)

Бұл тур жалпы командаға арналған. Оқыған сұраққа командадағы кез-келген студент тез жауап бере алады, ал жауабын таба алмаған жағдайда онда келесі сұраққа мүмкіндік алады.

Әр сұрақ – 1 баллмен есептеледі.

«Синустар» тобына.

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Дәлелденбейтін сөйлем. (аксиома)

3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4. 180- градусқа қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

5. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы /периметр/

6.  Нөлден үлкен сандар  (оң сандар)

7. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (нөл)

8. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

9. Ең үлкен үш таңбалы сан  (999)

10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

«Косинус» тобына.

1. Геометрия неше бөлімнен тұрады(екі)

2. 70-градусқа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диагональ)

4. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)

5. Санның жүзден бір бөлігі /пайыз/

6.  Ең үлкен екі таңбалы сан  (99)

7.  5 ғасырда неше жыл бар? (500)

8.  Санның нөл дәрежесі (1)

9.  ОУ осі қалай аталады? (ордината)

10. Бестің кубы (125)


ІІ тур. «Ойымды жалғастыр» бөлімі. Математикалық сандар қосып жауап береді.(әр топтан 1 ойыншы тұрып мақалдың жалғасын айту)


1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

4. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

5. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)


(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

ІІІ тур. «Математикалық логика» бөлімі.

«Снустар» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

4. Адамдар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

5. Қандай үш санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? /1,2,3/


«Косинустар» тобына.

1. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек. (4)

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

5. Стол басында екі әке, екі бала отыр. Барлығы қанша адам? /3 адам/


Әділқазылар алқасынан 3 турдың қорытындысын сұраймыз.

Жанкүйерлерге сұрақ. «Ұлы даланың жеті қырының бірі» Қазақстандағы алма. Олай болса мына алмадағы сұрақтарға жауап берейік.

1. Қалтам қанша?
Өзімде бар екі сан қалта,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі іш қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте, кәне, ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы, пальтом бар.
Онда да төрт қалтам бар.  (он бес)

2. Күшіне сенген бір мықты

Жығып салған сегізді. (Шексіздік)


3. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (Дәреже)

4. Қазақтың байырғы ұзындық өлшемі ( елі, сүйем, тұтам, білем,шынтақ, қолтық, сынық, қарыс, сүйем,құлаш, табан, адым,аттам)
Тереңдік өлшемдері:
(тобыққа дейін, тізеге дейін, белуардан, кісі бойы)

ІV тур . «Құпия сұрақ» бөлімінде топ басшысы жауап береді. Таңдау( қара қорапты немесе конвертті) арқылы екі мүмкіндігі бар.

Қара қорапта жатқан затты бір дарынды жас бала ойлап тапты. Ежелгі Грекияда бұл затты қолдана алу – аса кемелділіктің, ал оның көмегімен есеп шығара алу қабілеті – қоғамдағы жоғары бедел мен парасаттылықтың белгісі болып саналды. Осы зат архитектура мен құрылыста таптырмас құрал. Жүздеген жылдар бойы оның құрылысы өзгерген жоқ. Қара жәшікте жатқан зат не? (Циркуль)


Мен қағаз парағын бес рет бүктеймін, сосын ол бүктеген қағазды тесемін.Қағаз парақты қайта жазғанда неше ойық шығады? (32)



Әділқазылар алқасынан 4 турдың қорытындысын сұраймыз.


V тур. «Математикалық эстафета» бөлімі. Әр студент кезектесіп барып жазулы тұрған столдағы есептерді шығарады.

Әділқазылар алқасынан 5 турдың қорытындысын сұраймыз.

VI тур. «Математикалық атаулар» бөлімі. Бұл тур да жалпы командаға арналған. Менің қолымдағы сандықшадан өздеріңіз қалаған әріпті суырып алу арқылы, сол әріпке қатысты  математикалық терминдер айтуымыз қажет.1 минут ішінде. Бұнда, бір сөз – 1 ұпаймен есептеледі.

«А»-алгебра, арифметика, азайту, алты, аудан.
«С»-синус, симметрия, сегіз, сан, сызғыш, сызықтық, сәуле.
«П»-пайыз, процент, периметр, пирамида, параллель, перпендикуляр.



Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.

Әділ қазылар алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.



VIІ. Қорытындылау бөлімі. Математика-толған тәртіп, мағына мен мән,

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән.

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Қатысқан барлық студенттерге алғысымды білдіремін.Сайыстың нәтижесі айтылып, әділқазылар алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. Ойын аяқталып, ойынға белсене қатысқан студенттер мен топтар марапатталады.

















«Синустар» тобы


№

Түрі

ұпайы

Қорытынды


1

Таныстыруы, сәлемдесуі




2

Математикалық сұрақтар




3

Ойымды жалғастыр/ мақал-мәтел/




4

Математикалық логикалық




5

Құпия сұрақ




6

Математикалық эстафета




7

Математикалық атаулар






Барлығы




Әділқазылар: 1.

2.

3.

Есеп. ком.






«Косинустар» тобы


№

Түрі

ұпайы

Қорытынды


1

Таныстыруы, сәлемдесуі




2

Математикалық сұрақтар




3

Ойымды жалғастыр/ мақал-мәтел/




4

Математикалық логикалық




5

Құпия сұрақ




6

Математикалық эстафета




7

Математикалық атаулар






Барлығы




Әділқазылар: 1.

2.

3.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
18 маусым
949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі