400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Математика әлемінде" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:25.10.18ж

Сыныбы :4 а

Сабақтың тақырыбы: « Математика әлемі »

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі біздің математика пәнінен « Математика әлемі » атты интелектуалды сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 4а сынып оқушылары қатысады. Сайысқа қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп отыр. Осы топтардың әділ бағасын беретін « әділқазылар алқасын » сайлап алайық.


Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 7 бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру

  2. « Кім шапшаң ?» ойыны

  3. « Ғажайып математика »

  4. Тіл өнері ( Математикалық оқулар )

  5. Сөз мәйегі –мақал

  6. Математикалық жұмбақтар

  7. Амал таңбаларын қою

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

Енді сайысымыздың 1-кезеңі « Таныстыру » кезеңін бастаймыз.

1 топ « Тапқырлар »

Біздің тобымыздың аты: « Тапқырлар »

Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп»

2 топ « Алғырлар »

Тобымыздың аты: «Алғырлар»Біздің тобымыздың ұраны : «Ақыл азбайды,білім тозбайды»


Онда сайысымыздың 2-ші кезеңі « Кім шапшаң ? » ойынын бастаймыз. Ойынның шарты есеп екі топтың мүшелеріне есептер берілген. Есепті қатесіз, шапшаң шығаруымыз керек. Қай топтың мүшелері есепті қатесіз шығарса сол топтың мүшелері жеңіске жетеді. Әр есептің дұрыс жауабы 5 ұпайдан.

Shape2 Shape1

« Алғырлар» тобы

1 с. 55+45=99 83+17=100 57-53=4

2с. 322+16=338 525+15=540

437-13=424

3с. 642 + 456 = 1098 253 + 265 = 518

50*2 - (35: 7) = 95

4с. 607*9 =5463 453 * 2 = 906

64 * 2 – ( 45 : 9 ) = 123





« Тапқырлар » тобы

1 с.56+12=78 25+20=45 51–11 =40

2с.456+3= 459 454+10=464

117-10=107

3с. 177 + 233 =410 890 + 110 = 1000

25 * 2 + 15 * 2 = 95

4с. 708*3=2124 732*3=2196

557 – ( 467 – 389 ) =479









4

3-ші кезеңі « Ғажайып математика » деп аталады.

9 ұяшық берілген 9 ұяшықтың әрбірін таңдау арқылы өздеріңе ұпай жинайсыңдар. Әр ұяшықтарда логикалық есептер жасырылған. Егерде сұраққа жауап бере алмасаңдар, келесі топтың мүшелері жауап беруге болады, ұпай саны жауап берген қосылады.

Оң жақтағы 10. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )

Ортадағы 10. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2)

Сол жақтағы 10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. ( 33 асығы бар )

Оң жақтағы 20. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ? ( тең )

Ортадағы 20. Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады?

(144 теңге)

Сол жақтағы 20. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады ? ( 6 кг )

Оң жақтағы 30. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. ( Түйеқұс ұшпайды )

Ортадағы 30. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? ( 125 кг )

Ортадағы 30. « Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті ? ( 1 сағат 43 минут )

4-ші кезеңі. Тіл өнері

Математикалық оқулар


1 топ «Тапқырлар» 2 топ «Алғырлар»

Т + 10 = ? тон 3 + кір = ? үшкір

6 + н = ? алтын 5 + ік = ? бесік

7 + к = ? жетік с + 10 + а = сона

100 + ім = ? жүзім қ + 10 + ақ = ? қонақ

К + 2 + л = ? кекіл 8 + көз = сегізкөз

5-ші кезеңде 2 оқушы шығады«Сөз мәйегі – мақал» Олай болса балаларды әдемі, өрнекті, мағыналы сөйлеуге үйрететін мақал жарысын бастаймыз.

Ананың көңілі балада, …

  • Қына тасқа бітеді, ...

  • Досы көпті жау алмайды, …

  • Ер жігіт елі үшін туады, …

  • Ақыл – тозбайтын тон, ...

  • Өзге елде сұлтан болғанша, ...

  • Білекті бірді жығар, ...

  • Туған жердің күні де ыстық, …

  • Еңбектің наны тәтті, ...

  • Жақсының аты өлмейді, ...

  • Бірлік болмай, ...

  • Ердің көркі елімен, ...

  • Туған жердей жер болмас, ...

  • Оқу – білім бұлағы, ...

  • Еңбегің қатты болса, ...

  • Жақсы - ай мен күндей, ...

  • Төртеу түгел болса, ...

  • Ырыс алды - ...

  • Еңбек етсең ерінбей, ...

  • Білім қымбат, ...

  • Отансыз адам - ...

  • Жақсы туса - ел ырысы, ...

  • Әдепті бала арлы бала, ...

  • Үлкенге - құрмет, ...

  • Жақсыдан үйрен, ...

  • Қына тасқа бітеді, ...

  • Ата көрген оқ жонар, ...

  • Оқусыз білім жоқ, ...

  • Туған жердің қадірін, ...

  • Жақсы кісі көпшіл, ...

  • Бірлігі жоқ ел тозады, ...

  • Оқусыз білім жоқ, ...

  • Сулы жер - …

  • Жақсы байқап сөйлер, ...

  • Еңбек ет те, ...

  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...



6-кезең. Математикалық жұмбақтар

« Жылдам тап » ойыны

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік. деп сайысымыздың 7 бөлімі Математикалық жұмбақтарға кезек берейік. Жұмбақ екі топқа бірдей беріледі.

  1. 12 бұтағы бар алып емен

52 шыбық тарап өсіп өнген

Шыбық сайын жетіден жапырағы

Бар ма сондай ағашты көзің көрген?

( Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 тәулік)

  1. Бір – бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді. ( 8 )

  1. Түйе бота маң басқан

Төртеуі аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой.

Бәрін бірге санап қой. ( 15 )

  1. Көлден ұшты 40 қаз,

Қайтып қонды 15 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Кәне, кім тез шешеді? 40 – 15 = 25

  1. Табақта он бес алма,

Қолымда бес алма.

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма. ( 15 + 5 = 20 алма )

7-кезең. Амал таңбаларын қою

Өткір болсаң ұтарсың,

Тапқыр болсаң табарсың.

Оқысаң өрге басарсың,

Жауабын жылдам табарсың. – дей отырып, сайысымыздың 8 бөлімі

« Амал таңбаларын қою » кезеңін бастайық.

Shape3

27 + 30 = 57

155 - 55 = 100

899 + 1 =900

54 : 9 = 6

6 * 8 = 48

18 : 2 = 9

100 + 6 = 106

200 – 50 = 150

54 * 0 = 0

300 + 250 = 550

2427 : 3 = 809

810 : 9 = 90

630* 2 =1260

230 * 3 = 690

28 * 4 = 112







Shape4

37 + 20 = 57

255 – 55 =200

799 – 10 = 789

63 : 9 = 7

8 * 7 = 56

35 : 5 = 7

200 + 6 = 206

964 – 64 = 900

64 * 0 = 0

600 + 150 = 750

3642 : 6 = 607

360 : 4 = 90

560 * 2 =1120

440 : 2 = 220

420 * 0 = 0























Құрметті көрермендер осымен « Математика әлемі » атты пәндік шарамызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына берейік.

( әділқазылар алқасы өз шешімдерін айтады )

Білімнің тұңғиығына бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика қызықты тойлайтұғын.

Сонымен біз бүгін математиканың көп тапсырмаларын орындадық. Барлық ғылымдардың патшасы математика деп бекер айтпайды. Қазіргі экономика заманында есепке жүйрік болуымыз керек. Сонда ғана өз заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы боламыз. Сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттарыңыз құтты болсын . Биік шыңнан көріне беріңіздер.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
932
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі