15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат
Мақсаты: Балаларға математика сабағында өтілген тақырыптарын суреттер,тапсырмалар арқылы естеріне түсіру.
Міндеттер:
Білімділік: Балалардың ой - өрісін кеңейту, геометриялық пішіндерді бір – бірінен ажыратуды , атай білуді үйрету. Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу құзыреттілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балалардың ойлау, көріп тану, сипап сезу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Берілген тапсырманы орындап, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: пішіндер, топтастыру
Алдын - ала жұмыс:
Көрнекі құралдар: пішіндер, үлестірмелі материалдар, пішіндерге ұқсас заттар; күн, доп, машина, аққала, бағдаршам суреттері.
Әдісі: Таныстыру, түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап, ойын.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы.
Іздену – ұйымдастырушы.
Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап аламыз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.
Тәрбиеші: Балалардың назарын тақтадағы суретке аударып жыл мезгілі туралы және өткен оқу іс-әрекеті туралы қайталайды.
Балалар: Жылдың қай мезгілі екенін айтады. Сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз өзіміз білетін геометриялық пішіндерді және пішіні бір-біріне ұқсас заттарды топтауды еске түсіреміз.. Ол үшін біздер «сыйқырлы пішіндер» еліне саяхатқа барамыз. Барғыларың келе ме?
Тәрбиеші: Міне керемет! Мынау алдымызда тұрған «Дөңгелектер әлемі». Сендер бұл жерден нені көріп тұрсыңдар?
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Бұның бәрі қандай пішінге ұқсайды?
Тәрбиеші: Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?
Тәрбиеші: Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
Тәрбиеші: Ал енді балалар мынау «төрт бұрыштар әлемі» Бұнда нелер бар екен?
текшелер, кірпіштер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз енді осы сиқырлы пішіндер әлеміне келіп тұрып қалайша бір ойын ойнамай кетеміз?Қане, балалар! «Жоғалған пішінді тап» ойынын ойнайық!Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ойын аяқталған соң «Достық» әнін айтып, бақшамызға қайтамыз. Келген соң тағы бір ойын ойнаймыз.Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз.
Балалар тәрбиешіге қарап іс қимылдарын жасайды.
Жылдың мезгілі күз
Сурет боиынша әнгімелеседі
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Балалар Күнді, гүлді, допты, шарды.
Балалар: Дөңгелекке.
Балалар: Таулар,пирамидалар,үйдің төбесі.
Балалар: Үшбұрышты пішінге ұқсайды.
Балалар: Үйлер, есік, терезе, кітап, дәптер,
Рефлексивтік – коррекциялауы
Қорытындылаушы, түзетуші кезең
Тәрбиеші: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?Тәрбиеші: Онда қандай пішіндер бар екен?
Тәрбиеші: Топтау деген не? Сендер пішіндерді топтай аласыңдарма?Пішіндерді дұрыс айтып, дұрыс топтай білген балаларды мадақтау.
Балалар: Сиқырлы пішіндер әлеміне.
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Балалар: Ұқсас заттарды жинаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды:Пішіндерді
ажыратып атауы.
Түсінеді:
заттардың бір-біріне
ұқсас болуы.
Істей
алады:
Әр түрлі
заттармен, ойыншықтардан
топ құрай
алуы.
Есеп:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген