"Математика әлеміне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Математика әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық тобының тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

МКҚК «Қошақан»

балабақшасының

меңгерушісі У.А.Утегулова









Shape1


(«Балдырған» мектепалды даярлық тобы,аудандық семинарға ашық оқу қызметі)











Тәрбиеші: Бегалиева Ұ.М










Қажымұқан ауылы 2018ж

«Математика  әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың жылдық  білімдерін қорытындылау.  Математикалық  амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау кабілетін дамыту. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып,  білімдерін тиянақтау. Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру оңға, солға, көршілес сандарды табуға жаттықтыру, жыл мезгілдерін, апта күндерін, ретімен атауға. Топпен жұмыс істеуге, әдептілікке тәрбиелеу.  

Көрнекіліктер: Геометриялық фигуралар, сан тізбектері, сандар, пішіндер, слайд,кейіпкерлер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелесу  

Таңғы шеңбер:

Қуанамын мен де,қуанасың  сен де,

Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге.

Всем,всем,добрый день!

Здравствуй,  солнце золотое !

Здравствуй,  матушка земля!

Гуд монинг,гоулд сан,             Гуд мониң дия гестс

Гуд монинг май френдз.          

Барысы:

-Балалар  математика  әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалауға дайынсыңдарма ?                                                                               

-Ия, дайынбыз.

Математика әлеміне болып жатқан қызықтарды бірге тамашалау үшін мен сұрақтар қоямын, сендер сол  сұраққа толық жауап берсеңдер.

  1. бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Қазір қандай жыл мезгілі?

  3. Бір аптада неше күн бар? 

  4. Бүгін аптаның қай күні?

  5. сәрсенбі болса,ертең қай күн? (бейсенбі)-

  6. Біз кешке тамақтанамыз, ал жаттығуды- (таңертең жасаймыз)

  7. 1-ден 10 ға дейін орысша санау (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0)

  8. Ағылшынша 1-ден 10-ға дейін санау ( уан,ту,сри,фо,файф,сикс,сэбэн, эйт, найн, тэн)

Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: (Балалар амандасып болған соң найзағай басталады.) Балалар, тез менің қасыма жиналыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңе құм және шаң түсуі мүмкін. Найзағай болған кезде әуен ойнайды. Топқа шарлар кіргізіліп, еденде үлкен лабиринт төселеді. Балалар, көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, біз қайда келдік?

Балалар: Орманға

(Осы кезде Орман періштесі ұшып келеді.)

Тәрбиеші:Орман періштесіне, айтыңызшы, біз қайда тап болдық?

Орман періштесі: «Логика» еліне тап болдыңдар.

Тәрбиеші: Ал біз қалай үйге барамыз?

Орман періштесі: Білмеймін. Мүмкін, «Логика» патшайымы көмектесер? Ол бәрін біледі.

Тәрбиеші: Патшайымға қалай баруға болады?

Орман періштесі: Сендер сиқырлы лабиринттен өтулерің керек, сонда «Логика» патшалығына барасыңдар.

Тәрбиеші: Жарайды, онда «Логика» патшалығына барайық, үйімізге қалай қайтуды сұрайық. Еденге лабиринт төселген. Балалар, мұқият қараңдаршы, қай жолмен жүргеніміз дұрыс?

(Балалар лабиринтке қарап жолды таңдайды. Жолда оларға кедергілер кездеседі. Кедергілерде жазу бар: «Есіктеді ашу үшін кілтті табу керек. Бірақ ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек»)

флипчарт 1

1- Есік

1.Тапсырма: «Нешеу? Санын тап»

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Шарты:  тақтада түрлі суреттер шығады, балалар санын тауып, жазу керек. флипчарт 2

2-Есік

2.Тапсырма: Жасырылған санды тап.

Шарты:балалар тақтада берілген сандардың ішінде жасырылғанын тауып жазу керек.

Балалар тапсырманы орындап кілтті табады. Есікті ашып, ары қарай кетеді.

Жолда олар тағы бір кедергіге жолығады.

3.Тапсырма: 10-ға дейінгі сандардың құрамын табу

флипчарт 3

3- Есік

4.Тапсырма: «Кім жылдам»

Шарты: Геометриялық пішіндердің аттарын, түсін жылдам атап беру керек. Үш тілде.

Енді кілтті алуға болады. Балалар кілтті алып есікті ашып, жолды ары қарай жалғастырады. Төртінші есікке бару үшін өзеннен өтулерің керек. Бірақ өзеннен өту үшін тастарды жинауымыз керек.

флипчарт 4

4- Есік

5.Тапсырма:Қимылды ойын«Тастарды жина да, есепті шығар»

Шарты: Өзенде әртүрлі тастар шашылып жатыр, соларды жинайды, астында жасырылған есепті тәрбиеші балаларға оқиды, балалар тыңдап,қағазға сандарды жазып есептеп теңдігін жазу керек немесе ауызша орындау

1.Балапаның көгалда,

                    Санай алмай  тауық  жүр.

                    Жетеуі жүр  жүгіріп,

                     Үшеуі жем шашып  жүр,

                    Қанша барлық балапан,

                   Санап көрші  балақан.

2. Үш сәбіздің бақтағы

                      Тиін барып жинады,

                      Ең әдемі тәттісің

                       Қоянға сыйлады.

                     Ыдыстағы сәбіздің

                    Санап көрші қалғанын!

Балалардың алдынан кедергілер шығады. Одан өту үшін келесі тапсырманы орындайды.

флипчарт 5

5- Есік

6-Тапсырма: «Сан мен санау, Тура және кері санау»

Шарты: 1-20-ға дейінгі сандарды тура және кері санау екі тілде.

(Балалар тапсырманы орындайды. Ойын біткен кезде сиқырлы қақпа ашылады.)

флипчарт 6

Тәрбиеші: Алақай, балалар, біз «Логика» әлеміне келдік.  (Балалардың алдынан «Логика» патшайымы шығады.)

флипчарт 7

Логика патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің патшалығымда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, құрметті ханшайым. Біз сізге бір өтінішпен келдік. Үйімізге қалай баруды білмей тұрмыз. Сіз бізге көмектесе аласыз ба?

Логика патшайымы: Мен сендерге сиқырлы әлемнен қайтар жолды табуға көмектесемін. Бірақ ол үшін сендер маған және менің қонақтарыма сыйлық қалдыруларың керек.

Тәрбиеші: Жарайды, біз өз  қолымызбен сыйлық жасап береміз. Балалар бізде пішіндер бар ғой, соларды қолданып патшайымға ұшатын көліктердің түрлерін құрастырып берейік. Көліктердің неше түрі бар?

Жеке жұмыс: Балалар үстел үстіндегі пішіндерден көлік түрлерін құрастырады

Патшайым: рахмет сендерге балалар, маған жету үшін қиын, қатерлі жолдармен жүріп келгендерің үшін, сендерге арналған сыйлығым бар (тәрбиешіге береді)Қане, енді көздеріңді жұмыңдар. Балалар тәрбиешінің қасында тұрып, көздерін жұмады. Осы кезде найзағайдың дауысы естіледі (лабиринт және шарлар жиналады)

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз балабақшаға келдік. (мнемокесте арқылы қорытындылау)

Қорытынды: әндетіп айту.

Ал,балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау,саламат болайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2018
573
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі