Материалдар / Математика аруы-2024
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика аруы-2024

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәніне деген қызығушылығын ояту,ойлау қабілетін арттыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика аруы - 2024

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сайыс барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Математика жайында
Сайысты біз бастаймыз

Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек»- деген. Олай болса бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыздар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіздер. Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін аруларымыз белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап беру керек және тапсырмаларды дұрыс орында қажет. Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойлары жинақы болуы керек және тәртіп сақталған жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болайық.

Сайыс кезеңдері:


1. «Сәлемдесу сөз басы»
2. «Сұрақ бізден, жауап сізден»
3. «Санға қатысты мақал-мәтелдер»

4. «Адасқан әріптер»

5. «Математика сұлулығы»

6. «Кім жылдам»

7. «Тәтті сайысы»

8. «Сәнді фигуралар»

9. «Әр қолдың өз жұмысы бар»

10. «Сергіту сәті»

Олай болса бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған сұлу да, әдемі, аруларымызды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер, әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Бүгінгі арулардың сайысында,
Жеңіске жетер нағыз мықты. (қазылар алқасымен таныстыру)
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата - дәстүр салтына - дегендей сайысымыздың

1 – кезеңі «Сәлемдесу сөз басы» бастаймыз.
(осы сайыстың қорытынды бағасын сұраймыз)
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға

2 – кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден» (бұнда аруларымыз берілген 5 сұраққа жауап беру керек. )
7сынып оқушысына:
1. Жай сан деп қандай санды атаймыз?( 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін сандар )
2. Алғашқы ондық бөлшек кімдердің еңбектерінде пайда болды?(араб математиктері)
3. Натурал сандар? (санау үшін қолданылатын сандар)
4. Қарыс?( бас бармақ пен ортаңғы саусақ ұштарының арақашықтығы)
5. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?(көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді)

8сынып оқушысына:
1.
Рационал сандар жиынын нелер құрайды? (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер.)
2. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?( Құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды.)
3. Сызықтық функцияның графигі... болады (түзу сызық)
4. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар?(қарама - қарсы сандар)
5. Ең кіші ж
ұп сан? (2)

9сынып оқушысына:
1. Берілген шаманың 1/100 бөлігі?( процент)
2. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? (1800)
3. Сыбайлас бұрыштар?
4. y = ax2түріндегі функцияның графигі?
5. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? /Дәреже/

10сынып оқушысына:
1. Төртбұрыштардың ішкі бұрыштардың қосындысы? ( 360 º)
2. Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру үшін қандай әдістерді қолданамыз?( Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару, Көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгізу, Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату)
3. 1637жылы арифметикалық квадрат түбір ұғымын ғылымға енгізген? (Рене Декарт)
4. Пифагор деген кім? (грек оқымыстысы)
5. катет пен гипотенуза туралы теорема кімнің атымен аталады? ( Пифагор)


10сынып оқушысына:
1. Жазықтықтың шегі барма? (жоқ)
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем?(аксиома)
3. у=х3 функциясының графигі? (гипербола)
4. Бағытталған кесінді? (вектор)
5. П - дің жуық сан мәні? (3, 14)

Осы сайыстың қорытынды бағасы.
Математика - толған тәртіп, мағына мен мән
Математика - толған тамаша заңдылық пен сән
Математика - толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір

3 – кезең «Санға қатысты мақал-мәтелдер» (1-10 ға дейінгі сандарды қатыстырып мақал – мәтелдер айту).

4 – кезең «Адасқан әріптер» (орны өзгертілген әріптерді орнына дұрыс қойыпматематикаға байланысты сөздерді табу) әр дұрыс жауап 1 ұпай
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

5- кезең «Математиканың сұлулығы» (дайын слайдта математикалық пирамидалар сандарға қосу көбейту амалдар арқылы орналастырылған, сол пирамиданы әрі қарай жалғастыру керек). Төменде қандай амалдар орындалады?

6 – кезең «Кім жылдам» Дайын слайдта «Венгр сөзжұмбағынан» информатика пәнінде пайдаланытын сөздерді табу керек.

7 – кезең «Тәтті сайысы» (бұл сайыста аруларымыз қорапқа салынған қағазға ораулы тұрған кәмпитті алып қағазда жасырылған есепті немесе жұмбақты, мақалды шешіп кәмпитті ашып жеу керек кім көп есепті шығарып, әрі қанша кәмпит жесе соған көп ұпай беріледі әр кәмпит 1 ұпай)
1) - 2х+(- 25), х= - 10 өрнегінің мәні неге тең?
2) екі санның қосындысы 8 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең. Осы сандарды тап. (5; 3)
3. 56 санының 24%- ін табыңыз
4. 168м матадан 65 көйлек тігіледі, сондай 96м матадан қанша көйлек тігуге болады?
5. 12, 05+0, 21 - 5(- 4, 5)
6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында(сызғыш,)
7. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі (28)
8. Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадың. Бірақ сенде кілең үш теңгеліктер, ал сатушыда кілең бес теңгеліктер бар. Тұғырықтан қалай шығуға болады? Жауабы: ( 3 теңгеліктен 24 теңге берсең, 5 теңге қайтарады).
9. Егер түнгі сағат 12 – де жаңбыр жауып тұрса, онда 72 – сағаттан кейін күннің көзі шығатынын күтуге бола ма? (жоқ себебі түн болады)
10. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (он)
11. Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі бар.(сегіз)
12. Тауда екі ағаш бар, әр ағаштың түбінде екі іннен бар. Ал әр інде түлкінің екі күшігінен жатыр. Сонда барлығы неше түлкінің күшігі бар.(сегіз)
13. Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір – бірден бөліп жеді. Бөлмеде неше адам отыр.(үш)
14. Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма. (24)
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
1. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
2. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
3. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
4. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
5. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
6. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді)
7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
Жас дарын жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

8-кезең «Сәнді фигуралар» (Математикалық фигуралар арқылы әр түрлі денелерді құрастыру).

9-кезең «Әр қолдың өз жұмысы бар» (Әр ойыншыға 1 парақ ақ қағазбен, 2 қарандаш таратылады, әр қайсысы оң қолымен 9 санын сол қолымен 6 санын салу қажет. Содан кейін цифрларды қолданып, адам суретін салу керек.)

10-кезең «Сергіту сәті»


Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ - қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Математика аруы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау – саламат болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!