Тақырыбы: «Қызықты
математика»
Дайындаған: Айсаева Маржан
Айсақызы
2020 оқу
жылы
Мақсаты:
Білімділік: балаларға тура, кері санату
1-ден 10-ға, 10 санынан 1-ге дейінгі кері сандарды тез әрі санауға
баулу. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуда тапсырманы орындату,
сұраққа толық нақты жауап беруін
қадағалау.
Дамытушылық: геометриялық пішіндер туралы
тақпақтары, санамақтар, жыл мезгілдері, апта күндері, ойын
тапсырмалар, логикалық ойындар арқылы баланың қиялын, ой-өрісін
есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды тапқырлыққа,
ізденімпаздыққа татулыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбер, сұрақ-жауап,
әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, тақпақтар, ойындар, сергіту сәті,
тыныс алу жаттығулары, мақтау, мадақтау.
Көрнекіліктер: сан текшелері, түрлі түсті
пішіндер, суреттер, видео слайд.
Оқу қызметінің
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде жәй сабақ
емес, қонаққа апайлар келіп отыр.
Балалар, көңіл-күйлерің
қалай?
Балалар: Өте
жақсы.
Тәрбиеші: Шаттық шеңбер
құрайық,
Орнымыздан
тұрайық
Кірді, міне
апайлар,
Сәлемдесіп
алайық.
Сабақты жақсы
оқуға,
Уәде беріп
қалайық!
(Балалар қонақтармен үш тілде
амандасады)
Сәлеметсіздер ме?!
Здравствуйте?! Good morning?!
Балалар: Осы сұлу
әлемде,
Адам өмір
сүреді.
Үлкен мен
кішіге,
Күн сәулесін
төгеді.
Тәрбиеші: Балалар, біз үнемі нені есте
сақтап отыруымыз керек? (Сөйлеу ережесін)
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн
бар?
Балалар: Бір аптада жеті күн
бар.
Тәрбиеші: Бүгін аптаның нешінші
күні?
Балалар: Бүгін аптаның үшінші
күні.
Тәрбиеші: Біздің апта күндерін үш
тілде айтып береді.
Айкүн апта күндері туралы
тақпақ айтады.
1.Дүйсенбіде доп ойнадым
далада,
2.Сейсенбіде серуен құрдым
қалада,
3.Сәрсенбіде сурет салдым
сәндетіп,
4.Бейсенбіде би биледім
әндетіп.
5.Жұма күні жидек тердім
ағаштан.
6.Сенбі күні кино көрдім
клубтан.
7.Жексенбіде үйде болдым
демалдым.
Осылайша өте шықты бір
апта.
Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай
бар?
-Үш айды
атаңдар?
-Күз мезгілінің ерекшеліктері
қандай?
Балалардың
жауаптары.
Күз туралы
тақпақ.
А.Құнанбаев
«Күз»
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып, дымқыл думан жерді
басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны
ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай
жарысқан.
Ғажайып сәт: Алтын күз
келеді.
Алтын күз: -Сәлеметсіздер ме,
балалар?! Мен Алтын күзбін. Мен сіздерге өзіммен бірге көптеген
тапсырмаларымды ала келдім. Ішінде қызықты ойын тапсырмалар бар.
Осы тапсырмаларды мұқият орындаңдар. Сендер өте ақылды, тапқыр
балалар екендеріңе сенемін. Мен басқа да балабақшаларға кетуім
керек. Оларға да беретін тапсырмаларым бар. Осы ай күздің соңғы
айы. Менің кететін уақытым болды. Қош сау
болыңыздар!
1 тапсырма.
«Жапырақ»
-Өткен оқу қызметімізде қандай
геометриялық пішіндермен таныстық?
-Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш,
сопақша, тіктөртбұрыш, көпбұрыш.
-Геометриялық пішіндер неге
ұқсайды?
-Дөңгелеқ допқа, күнге,
үшбұрыш үйдің шатырына, сәукелеге, төртбұрыш жастыққа, терезеге,
тіктөртбұрыш есікке, үстелге, сопақша жұмыртқаға, картопқа,
көпбұрыш жұлдызшаға, қар бүршігі.
-Видеоролик «Геометриялық
пішіндер».
-Пішіндер туралы тақпақтар
білесіңдер ме?
1. Меруерт -
дөңгелек
2. Аян –
үшбұрыш
3. Алихан –
төртбұрыш
4. Инабат –
сопақша.
2 тапсырма.
«Бұлт»
-Математика оқу қызметінде
қайсы реттік сандарға келдіңдер? (10 реттік
санға)
1-ден 10-ға дейін тура, 10-нан
1-ге дейін кері санап бер?
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0
-10-ға дейінгі сандар туралы
кімдер санамақтар біледі?
1. Мейіржан
1-5
2. Мағжан
6-10
-Видеоролик «Санау
әні»
Ойын
тапсырма. «Вагондарды сан ретімен
орналастыру!»
3 тапсырма.
«Тамшы» Сергіту сәті.
Видеороликпен.
4 тапсырма.
«Қолшатыр».
-10 санының құрамында неше
бірлік бар?
-Математика оқу қызметінде
есеп шығару үшін қандай амалдарды
қолданамыз?
+, -,
=.
1.«Балықтарды өз шелегіне
орналастыр!»
2.Ауызша
амалдар
3.Логикалық
сұрақтар.
5 тапсырма.
«Құс»
-
«Қанқыздарды өз жапырақтарына
орналастыр!»
-
«Ара мен
гүлдер»
6 тапсырма.
«Ағаш»
-
Көп (артық)
<,
Аз (кем)
>. 5
>
4
6
<
9
4
=
4
-
«Зат жиынтығының санын
жаз!»
Тыныс алу жаттығуы. «Үй
пердесі»
Қорытындылау.
-Балалар, сіздерге бүгінгі
математика оқу қызметі ұнады ма?
-Қандай ойын тапсырмалар
ұнады?
-Қандай пішіндерді еске
түсірдіңдер?
-Нешеге дейінгі реттік
сандарды санадыңдар?
Балалардың
жауаптары.
Балаларды мақтау,
мадақтау.
Кәне, кәне,
тұрайық,
Шеңберді біз
құрайық.
Көріскенше күн
жақсы,
Сау саламат
болайық!