Материалдар / Математика Ашық сабақ "Есептер шығару"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика Ашық сабақ "Есептер шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2018
356
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МатематикаУақыты: 24.11.2017жКабинет: 218Мұғалім: Казиева Жазира
Сабақтың атауыЕсептер шығару
Сабақтың жабдығыСуретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар1) Оқушылардың өткен сабақтан алған бөлімдерін пысықтау;2) Оқушылардың есептеу дағдысын дамыту; 3) Ойын элементтерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту;Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың барысы: ұйымдастыру.Көрнекілігі: әр түрлі түсті стикерлер, үлестірме қағаздар, слайд.


Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының әрекеті
Топқа бөлуОқушыларға түрлі түсті стикерлер үлестіріледі.Қолдарына алған стикерлер бойынша топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындықОй сананы арттыру,Бүгінгі күн талабы.Біле білсең бұл дәуір,Математика заманы.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау

7 119-бет7‧(45-44)=745:9+(91-86)=1056:(567-559)=763:9+(92-18)=819‧(17-17)=07‧9+(68-39)=92Оқушылар ауызша орындайды

Қызығушылықты оятуОйын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам, әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.1. Сәуле мен кесіндінің айырашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған).2. Көбейтудің заңдарын ата (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік).3. Үш сызықтан пайда болған фигура ( ).4. Үстел беті төртбұрыш оның бір бұрышын кесіп алсақ неше бұрыш қалады.5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді).
Жаңа сабақ1. Оқулықпен жұмыс№1. Есептің шешуін түсіндір.Шешуі: 1) 6‧4=24 ₋ бірінші тік төртбұрыштың ауданы. 2) 24:3=8 (см) ₋ екінші тік төртбұрыштың ұзындығы.Жауабы: 8 см.2. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу3. Өзіндік жұмыс. №2.I топ.4 күнде ₋ 32 алма 5 күнде ₋ ? алмаШ: 32:4‧5=40Ж: 40 көшет алма отырғызылды.II топ.12л сүт ₋ 4 банка 15л сүт ₋ ? банкаШ: 12:4=3 15:3=5Ж: 5 банка керек.III топ. IV топ.18 түп алма ағаш – 9 кг10 түп алма ағаш- ? кгШ: 18:9=2 10:2=5Ж: 5 тыңайтқыш керек.4. Миға шабуыл. №3.I топ.40:8‧7=35II топ.(8‧3)‧(32:8)=96III топ.(36-18)+(6‧6)=54IV топ.(38+18)‧(4‧2)=4485. Кім жылдам? №4. 46 дм= 460см1м28см=12дм8см405см˃40дм3дм2см=32см6м˃50дм76дм=7м60см6. Сергіту сәті.Қостық біз, көбейттік бізҚатты шаршап кеттік біз.Кәне тұра қалайық,Қимылдасын қол-аяқ.Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,Орнымызғаназар салайық.7. Ой қозғауI топ. II топ.№5.Ш: (42+28)-(14+54)=70-68=2Ж: тиын 2 қарағай бүршігін артық жинады.III-топ. IV-топ.№7.в=6см=3смS=?S=‧в=3см‧6см=18.№8. Ауызша есеп.9. Топтық жұмыс. №9.
Ой толғанысЛогикалық тапсырмалар1. Көлден ұшты 7 қаз, Қайтіп қонды 2 қаз. Қонбады оның нешеуі, Қане, кім тез шешеді? (5)2. Он асықтың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (7)3. Мұз айдынында жеті бала, Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді бар баланың Санын айтсаң жарадың. (5)

Сабақты бекітуБүгінгі сабақта біз не істедік?Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасыОқулықта берілген тапсырмаларды орындау №7. 121-бет.Оқушылар күнделіктеріне жазады
 БағалауБүгінгі сабақ ұнады ма?

Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!