жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика Ашық сабақ "Жазық фигуралардың моделдері" 1 сынып
|
Пән: Мaтематикa Ұзaқ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: 19. 10. 2018ж. |
Мектеп: Новенький ЖОББМ Геометриялық фигурaлaр |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: Жaзық фигурaлaрдың модельдері |
Мұғалімнің аты-жөні: Әбеновa Гүлзат Жоламанқызы |
||||
|
Сынып: 1 «А» |
Қaтысқaндaр сaны: |
Қaтыспағандар саны: |
|||
|
Осы сaбaқтa қол жеткізілетін оқу мaқсaттaры (оқу бaғдaрлaмaсынa сілтеме) |
1.3.2.3 жaзық фигурaлaрдың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру (2с) |
||||
|
Сaбaқтың мaқсaттaры |
|
||||
|
Тілдік мaқсaттaр |
Пәнге тән лексика мен терминология: Композиция, модельдеу, жазық фигурa, үшбұрыш, төртбұрыш, шaршы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
|
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық -топтық жұмыс кезінде. Еңбек пен шығармашылық - композиция құрастыру кезінде жүзеге асады. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек-композиция құрастыру кезінде. Дүниетану-көбелек құрастыру кезінде ерекшеліктерін айту. |
||||
|
Бастапқы білім |
Жазық фигуралар туралы біледі. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
Ширату «Сиқырлы фигуралар» Барлық оқушы тақта алдына шығады. Әрқайсысында қызыл, сары, жасыл түсті резеңке білезіктер болады. Сол білезіктерден мен көрсеткен суреттегі заттардың пішінін жасайды. Сол арқылы 3 топқа бөлінеді.
Сабақ мақсатымен таныстыру:
|
Түрлі-түсті резеңке білезіктер. Суреттер: теледидар, доп, сызғыш; |
|||
|
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс. Дереккөз арқылы саралау.
Әр топ жұмыстарын тақтаға алып шығып, қорғайды. (қандай фигуралар пайдаланғандарын, неше фигура пайдаланғандарын, түстерін айтады) ҚБ: қарсы топтар «Желкенді қайық» әдісі бойынша бағалайды. |
фигуралар, желім, ақ қағаз.
|
|||
|
|
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс. Тапсырма арқылы саралау А. Үлгіге қарап көбелектің композициясын құрастыру.
В. Шаршыдан үшбұрыштар шығару арқылы көбелек құрастыру.
С. Осы көбелектегі фигураларды пайдалана отырып, басқа композиция құрастыру.
Соңында шағын көрме ұйымдастырып, топтар өз жұмыстарын көрмеге қояды. ҚБ: мұғалімнің бағалауы (қолпаштау) 1. Керемет! 2. Өте жақсы! 3. Жарайсыңдар! |
Оқулық 58-59 бет Геометриялық фигуралар, қайшы, желім. |
|||
|
|
Сергіту сәті Орындарынан тұрып, көрсетілген фигураларды ауада саусақпен, шынтақпен, көзбен, аяқ ұшымен бейнелейді. (Отшашу әдісі бойынша қошемет көрсетеді.) |
Тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер |
|||
|
|
Өзбетіндік жұмыс. Қорытынды арқылы саралау.
Берілген фигураларды пайдаланып жүк көлігі композициясын құрастыру. ҚБ: «Иық, білек, қол.» мұғалімнің қолпаштауымен топтарды иық –күшті, білек-мықты, қол- әлді бағалауымен мадақтау. Әр оқушыны мадақтап , беремін. |
Фигуралар
|
|||
|
|
Дәптермен жұмыс. Жеке. Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау. Көбелектің қанаттарын жазық фигуралармен безендір.
-Балалар, қолдарымызға қарындаштарымызды алып, үзік сызықтардың үстінен бастырып сызамыз және сондай жазық фигураларды қиып алып, көбелектің қанаттарына жабыстыру арқылы безендіреміз. Тап солай астыңғы қанаттарын да өздерің қалаған жазық фигуралармен безендіресіңдер. - Көбелектің екі жұп қанаттары қандай? - Бірдей. (Симметриялы) - Ендеше, олардың екі жақ қанаттарының түстері де, өрнектері де бірдей болады. - Сондықтан екі жақ қанаттарына да қандай фигуралар орналастырамыз? -Бірдей. ҚБ:Өзара дәптер алмасып тексереді «Сиқырлы сызғыш» әдісі бойынша бағалайды. (дәптерлерінің жиегінде сиқырлы сызғыш сызылып тұрады. Сол сығыш бойындағы сызықтың біреуіне х таңбасын қояды.) |
Дәптер 57 бет Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш. Керемет х Әдемі Жақсы |
|||
|
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Критерий:Жазық фигуралардан композиция құрастырады. Тапсырма:Берілген фигураларды пайдаланып, шырша құрастырыңыз.
Дескриптор:
|
Үлестірме топшамалар, гометриялық фигуралар |
|||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия «Ақиқат және Жалған» әдісі Оқушыларда қызыл және жасыл түсті алақанның суреті болады. Оқушыларға анықтамалар айтамын егер дұрыс болса жасыл бұрыс болса қызыл түсті көтереді. Мысалы: Шаршы-қарама-қарсы қабырғалары тең тік төртбұрыш (жалған) Жазық фигураларды кеңістік фигураларының табандарын бастырып сызу арқылы алуға болады (ақиқат)
қолдарымыздағы шаршыларымызды 3 түсті үйшіктерге орналастыру арқылы білдірейік. |
|
|||
|
|
Қосымша ақпарат |
|
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Дереккөз арқылы саралау. Топтық жұмыс аясында берілген үлгіге қарай отырып қайықтың бейнесін құрастырады. Тапсырма арқылы саралау. Оқулықпен жұмыс барысында деңгейлеріне қарай тапсырма орындайды. А. Үлгіге қарап көбелектің композициясын құрастыру. В. Шаршыдан үшбұрыштар шығару арқылы көбелек құрастыру. С. Осы көбелектегі фигураларды пайдалана отырып, басқа композиция құрастыру. Қорытынды арқылы саралау. Барлығына бірдей берілген фигураларды пайдаланып жүк көлігі композициясын құрастыруға тапсырма беріледі. Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау. Дәптермен жұмыс барысында кейбір оқушыларға қолдау көрсете отырып, көбелектің қанаттарын жазық фигуралармен безендіргізуді жоспарлап отырмын. |
ҚБ: Топтық жұмыста қарсы топтар бірін-бірі «Желкенді қайық» әдісі бойынша бағалайды. ҚБ: мұғалімнің бағалауы Оқулықпен жұмыс кезінде топтардың жұмыстарын 1. Керемет! 2. Өте жақсы! 3. Жарайсыңдар! деп қолпаштау арқылы бағалаймын. ҚБ: «Иық, білек, қол.» Өзбетіндік жұмыс барысында мұғалімнің қолпаштауымен әр оқушыны иық –күшті, білек-мықты, қол- әлді бағалауымен мадақтау. ҚБ:Өзара дәптер алмасып тексереді «Сиқырлы сызғыш» әдісі бойынша бағалайды. ҚБ: бағалау критериімен дескриторлар. Рефлексия «Ақиқат және Жалған» әдісі |
Қимыл қозғалысқа сергіту сәтін өткізу кезінде. Копозиция құрастыру барысында қайшыны қолдану қауіпсіздігін сақтау. |







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген