400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика ашық сабақ "Өзіңді тексер"2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен екінші сыныпқа дәріс беретін әріптестеріме,еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға керек болар деген ойдамын . Бұл сабақ жоспарынан өздеріне ұнаған тиімді тәсілдерді басқа да сабақтарына қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3

Сабақ тақырыбы

Өзіңді тексер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 Бұрыш түрлерін (тік,сүйір,доғал) бір-бірінен ажырату және атау\тіктөртбұрышты шаршыны тіктөртбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

• берілген мәлімет бойынша жазық фигуралар салуды біледі, фигураларды белгілейді.

Көптеген оқушылар:

• кез-келген жазық фигуралар салып, топтастыра біледі. Төбелерін, қабырғаларын, бұрыштарын анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

• берілген өлшемдер бойынша фигуралар салуды жəне топтастыруды біледі, периметрін табуды түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

• Көпбұрыштарды ортақ белгілері бойынша жіктейді

• Нүктелі қағазға берілген нұсқаулыққа сәйкес кесінді,

түзу, геометриялық фигуралар салады

Тілдік мақсаттар

•бұрыштардың түрлерін ажырата алады.

•фигуралар салудың ретін түсіндіре алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмекке үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

көркем еңбек пәнімен байланыс жүзеге асады.

АКТ-ны қолдану

Сергіту сәті

Алдыңғы меңгерілген білім

Геометриялық фигуралар тізбегі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кел сыныптас тұр қасыма,

Мне менің қолым бос,

Жылуыма- жылу қос.

Барлық істерде саған сәттілік тілеймін!

Үй тапсырмасы.

( Т. ж.) Оқушыларға геометриялық фигуралар мен пішіндер ұсынылады. Оқушылар пішіндердің атауын айтып әртүрлі заттар құрастырады.

Әртүрлі пішіндер





Слайдтар


Сабақ ортасы

30 минут

Оқушыларға топ атауларын беру.

1-топ Бұрыштар.

2-топ Тіктөртбұрыштар.

3-топ Үшбұрыштар.

4-топ. Шаршы.

Топ атауларын қарап, бөлім бойынша өтілген тақырыптарды еске түсіріп сабақ мақсатын анықтап алайық. Оқушылардың ойын тыңдап қортынды шығару.

Сабақ мақсаты: Жазық фигуралар салуды, белгілеуді, белгілерін атауды білдім.

1-тапсырма. Әр топ өз атын қорғайды. Уақыт 5 минут.

1-топ. Бұрыш дегеніміз не ? Бұрыш түрлері, оны қалай саламыз?

2-топ.Тіктөртбұрыш саламыз, белгілейміз. Неше төбесі, неше бұрышы, неше қабырғасы бар ? Қасиетін айтамыз.

3-топ. Тікбұрышты үшбұрыш саламыз, белгілейміз. Қабырғасы, төбесі, бұрыштарын айтамыз.

4-топ. Шаршы саламыз, белгілейміз. Төбесі, қабырғасы, бұрыш туралы айтамыз. Шаршы дегеніміз не ? деген сұраққа жауап береміз.

Бағалау критерийі:

• Бұрыштарды түрлеріне қарай ажыратады және

атайды

• Негізгі белгілеріне қарай тіктөртбұрышты,

шаршыны, тік бұрышты үшбұрышты ажыратады

Дескриптор Білім алушы

− бұрыштарды таниды және атауын жазады;

− сипаттамасы бойынша тік төртбұрышты анықтайды және атауын жазады;

− сипаттамасы бойынша үшбұрышты анықтайды және атауын жазады;

− сипаттамасы бойынша шаршыны анықтайды және атауын жазады.

Бағалау. Смайлк арқылы бағалау.

Мақсатқа жеттік па?

2-тапсырма. Жеке жұмыс. Фигураларды топтастыр. 5 минут.

Кез-келген фигура сызып топтастыру жұмысын жүргіземіз.

Әр оқушыға ламинатталған А 4 қағазы таратылады. Оқушылар өздері білетін кез-келген фигураны сызады.

Кесінді сызған оқушылар бір топ, төртбұрыш сызған оқушылар бір топ, шаршы сызған оқушылар бір топ, үшбұрыш сызған оқушылар бір топ болады. Әр фигураның белгілері аталынады.

Топтастырып болған соң басқа фигура сызған оқушылар анықталады.

Бағалау критерийі:

Жазықтық фигураларын сала алады;

Фигураларды белгілеріне қарай топтастыра алады;

Дескриптор Білім алушы

фигураларды салады;

сипаттамасы бойынша топтастырады;

Мақсатқа жеттік па ?

Сергіту сәті. Көңілді әуен.

3-тапсырма Жұптық жұмыс 10 минут

Тапсырманы жұптасып орындаймыз. Әр жұпқа тапсырма орындайтын парақшалар таратылып беріледі. Жұп нөмірі көрсетілген.

Нүктелі қағаздың ортасына ұзындығы 3 см кесінді сыз. Кесіндінің оң жағына тігінен түзу сызық жүргіз. Кесіндінің сол жақ төменгі бұрышына тік бұрышты үшбұрыш сал. Кесіндінің жоғарғы жағына 4 см шаршы, төменгі жағына дөңгелек сал.

Бағалау критерийі Білім алушы

• Нүктелі қағазға нұсқаулыққа сәйкес фигуралар

салады.

Дескриптор Білім алушы

- қағаздың ортасына ұзындығы 3 см кесінді сызады;

- кесіндінің оң жағына тігінен түзу жүргізеді;

- кесіндінің сол жақ төменгі бұрышына үшбұрыш салады;

- кесіндінің жоғарғы жағына шаршы салады;

- кесіндінің төменгі жағына дөңгелек салады.

Әр жұп өзін- өзі бағалайды. Дұрыс жауабы экранда көрсетіледі.































Оқушыларға арналған А 4 ламинатталған қағаздары


Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «Білім қоржыны» Бүгінгі сабақта бәрі түсінікті болған және басқа достарына түсіндіре алатын оқушылар жасыл түсті, өзі түсініп, бірақ сұрағы бар оқушы көк түсті, түсінбеген оқушылар қызыл түсті қоржынға аттарыңды жазып салыңдар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
4227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі