15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика Ашық сабақ "Шамалар.Көлем"
«Бекітемін»----------------Оқу ісінің меңгерушісі: Абжалиева Г.Е.
Мектеп: №277 орта мектеп |
|||||
Пән: Математика |
|||||
Күні: 21.12.2018ж. |
Мұғалімнің есімі: Борикулова А
|
||||
Сынып 1 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: 0
|
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Шамалар.Көлем. |
||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату; өлшеуге арналған əдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.3 ** ұзындық: см, дм/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мəндерін салыстыру жəне шама мəндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: ұзындық/ масса/ көлем шамаларын ажыратады.,өлшеу құралдары мен өлшем бірліктерін таңдайды. Оқушылардың басым бөлігі: өлшеу құралдарын қолданып,өлшейді,салыстырады. Кейбір оқушылар: шамалардың мəндерін салыстырады жəне шама мəндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындайды. |
||||
Бағалау критерийлері:
|
Білім алушы Ұзындық/ масса/ көлем шамаларын ажыратады және оларды өлшеу құралдары мен өлшем бірліктерін таңдайды. Ұзындық (см), масса (кг) , сыйымдылық (л) өлшем бірліктерін салыстырады. Атаулы сандармен амалдар орындайды. |
||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:Түрлі ыдыстарды пайдалана отырып,көлемді анықтайды. Тілдік дағдылар: тыңдалым,айтылым,жазылым. |
||||
Терминология: сантиметр,килограмм,литр |
|||||
Сөз тіркестері: ұзындықты өлшеу,заттардың салмағын өлшеу,заттардың көлемін өлшеу.
|
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Қоршаған ортамен байланыстыру, заттарды топтауға машықтандыру |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта. Есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға,бірлесе еңбектенуге баулу.
|
||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Шамалар.Ұзындықты өлшеу. Масса бірліктері.
|
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар
|
|||
Басталуы 4 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз! Суреттер арқылы 4 топқа бөлемін. 1-топ. Сантиметр 2-топ. Дециметр 3-топ.килограмм 4-топ.литр Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Әр топ өз атауларын қорғайды. Бағалау «От шашу» Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
суреттер |
|||
Ортасы 29 мин
Сергіту сәті
Сергіту сәті |
Ширату тапсырмасы: Суреттегі ыдыстар туралы түсініктерін сүраймын. Олар не үшін керек?
Белсенді оқу тапсырмалары:(ҰЖ)
Бағалау: «Бағдаршам» Раушангүлді отырғыз.(ЖЖ) Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырамын.Оқушыларға суретке қарап,30 литрлік ыдысты толтыру үшін қанша шелек топырақ салу керектігін анықтайды.Ол үшін оқушылар ыдыстардың көлемдерін сәйкестендірy керек. Олар өз жауаптарын қағаздарға жазып сыныптағы оқушыларға көрсетуіне болады. Жауабы: 3 шелек. Табыс критерийі: «А» деңгейлі оқушы: 1.Ыдыстың көлеміне сәйкес шелектер санын анықтайды. 2. Терминдерді қатесіз оқиды. «В» деңгейлі оқушы: 1.Ыдыстың көлеміне сәйкес шелектер санын анықтайды. 2. Терминдерді оқиды. «С» деңгейлі оқушы: 1.Ыдыстың көлеміне сәйкес шелектер санын болжайды. 2. Терминдерді мұғалім көмегімен оқиды. Бағалау: «Бас бармақ» «Орындап көр» тапсырмасы (ҰЖ) Тапсырманы тәжірибе түрінде оқушылармен біріге орындаймын. 1 литрлік және 2 литрлік ыдыстарды пайдаланып, 4 литр суды өлшеп алуын ұйымдастырамын. Оларға көмектесе отырып, қажетті ыдыстарды дұрыс таңдау арқылы өлшей білу дағдысын қалыптастырамын. Жауабы: 2 л, 2 л; 1 л, 1 л, 1 л, 1 л; 1 л, 1 л, 2 л. Табыс критерийі: «А» деңгейлі оқушы: 1. қажетті ыдыстарды дұрыс таңдау арқылы өлшей біледі 2. Қалай тапқанын дәлелдейді. «В» деңгейлі оқушы: 1. қажетті ыдыстарды дұрыс таңдау арқылы өлшей біледі 2. Қалай тапқанын дәлелдеуге тырысады. «С» деңгейлі оқушы: 1. қажетті ыдыстарды суреттің көмегімен таңдайды. Бағалау: «Мадақтау» Сергіту сәті: Автокөлікке неше литр бензин құйылды?(ҰЖ) Тапсырманы сурет мазмұнына сүйеніп, өз беттерінше орындауын ұйымдастырамын
Жауабы: 40 литр бензин. Бағалау: «Мадақтау» Есепте.(ТЖ) Бұл тапсырма заттың массасын қосумен есептеу дағдысын бекітуге және атаулы сандар-ды (литрмен) азайтуға мүмкіндік береді. Жұмысты топта орындауды ұсынамын Тексеруді тақтада орындап жалғастырамын Бағалау: «От шашу» Табыс критерийі: «А» деңгейлі оқушы: 1.Өрнектің мәнін терминді қолдана отырып оқиды. 2. Оны өмірмен байланыстырады. «В» деңгейлі оқушы: 1. Өрнектің мәнін терминді қолдана отырып оқиды. 2. Оны басқа өлшеуіш құралдармен салыстырады. «С» деңгейлі оқушы: 1.Өлшем бірлігін айтады Сергіту сәті: Ойлан. Оқушыларға стақандағы шырынға мұқият қарау керектігін ескертемін.
Cуреттегі стақанда қалған шырынның мөлшеріне қарап, Жанар Анардан гөрі көп ішті деп ойлауы мүмкін. Сондықтан бұл тапсырма байқампаздықты қажет ететінін айтамын. Жауабы: Анар көп шырын ішті. Табыс критерийі: «А» деңгейлі оқушы: 1.Шырынның кім көп ішкенін нақты айтады. 2.Дәлелмен толық жеткізеді. «В» деңгейлі оқушы: 1. Шырынның кім көп ішкенін айтады. 2.Дәлелмен толықтыра алмайды «С» деңгейлі оқушы: 1.Шырынның кім көп ішкенін достарының көмегі арқылы толықтырады. «Сен білесің бе?» Қабырғасы 1 дм текшеге 1 литр су сыятынын айтамын Тәжірибені іс жүзінде жасап көрсетемін.
Жұмыс дәптерімен жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Шәйнекте 3 литр су бар.Шәйнектегі судың көлемін анықтау үшін неше ыдыс керек? Белгілеңіз. Дескриптор: Білім алушы -шәйнектің сыйымдылығына сәйкес ыдыстардың санын анықтайды және белгілейді. Бағалау: жапсыруға арналған смайликтер. |
оқулық
жұлдызшалар
Оқулық
смайликтер
Үлестірмелер
оқулық
Үлестірме қағаздар
|
|||
Соңы 2 мин |
Кері байланыс: «Көңілді бағдаршам»әдісі.
|
|
|||
|
|
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
«Орындап көр» тапсырмасындағы 1 литрлік және 2 литрлік ыдыстарды пайдалану арқылы 4 литр суды құю жолдарын табуда қабілеті жоғары оқушылар өз білімін көрсетеді. |
||||
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
Мадақтау, бармақпен, алақанмен, смайликпен, шапалақпен бағалау арқылы балалардың бүгінгі білімді қаншалықты меңгергенін байқаймын |
||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Ширату кезінде бір-бірін итермейді. АКТ қолданған кезде электр тоғынан сақтанады. Сергіту сәтінде парта қырынан сақтанады. Жазылым дағдысы кезінде қаламсаптың ұшынан сақтану ескеріледі. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген