Материалдар / «Математика еліне ертегі арқылы саяхат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Математика еліне ертегі арқылы саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін тиянақтап бекіту. Танымдық қабілеттерін дамыту, үлкендермен және достарымен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика еліне ертегі арқылы саяхат»


Мақсаты:Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін тиянақтап бекіту. Танымдық қабілеттерін дамыту, үлкендермен және достарымен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

  1. Ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, мұқияттылыққа, үйрету;

  2. Қарапайым математиқалық түсініктерді басқа сабақтармен интерграциялық кешенді қарастырып жүргізу.

  3. Ертегі арқылы балаларды қабылдау, ойлау, есте сақтау бақылағыштық, батылдық қасиеттерін дамыту

  4. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші:Саламатсыздар ма балалар!

Балалар: Саламатсыз ба!

Тәрбиеші: Балалар, білім еліне саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар: Иә!

Тәрбиеші:Онда біздер Математика еліне орманға саяхатқа шығамыз.

Математика-бұралаңсыз,нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдынында сүңгіп-сүңгіп жүзсең бір,

Тарқамайды қуанышпен шаттығың.

Шығамын десең биік шыңның басына,

Адал-досың-Білімді ал қасыңа.

Зула,топ жар.Бәйгіге түс,бекм бол,

Тула,толқы,тебірен бірақ, тасыма.

Ендеше экранға назар аударайық. Мен сендерді білімді ертегілер еліне саяхатқа шақырамын. Бұл елде барлығы бір-бірімен басқаша амандасады. Өз әдіт-ғұрыптары бар, осыларды үйренгілерің келе ме? Егер де мен 1 рет шапалақтасам, бір-біріңмен алақандарыңмен амандасыңдар, ал егер 2 рет ұрсам – саусақтарыңмен, ал егер де 3 рет шапалақтасам, бір-біріңе иілесіңдер.

Шарты: Әр амандасқан сайын басқа келесі адаммен амандасасыңдар! 1, 2, 3 ойын басталды!

Тәрбиеші: Балалар кәне барлығымыз 10-ға дейін санайық.Осы сандар ішінде киелі сандар бар, соларды атап берейік.

Балалар: 3,4,7,9.


Тәрбиеші: Кәзір осы киелі 7санға-«Домино»ойынын ойнап жиберейік.(ортаға 6 бала шығады)


Тәрбиеші, Балалар: 2жүп құрады 7сан шығатын.


Тәрбиеші: Музыка әуені ойналады. Қане, балалар білімді ертегілер еліне барамыз. Ой, байқаңдар, өте жіңішке жол. Асықпай, ұқыпты жүреміз. Бір кезде көл кезікті. Көлді айналып өтеміз. 1, 2, 3. Бұл не? Көпір керемет, бір-бірден өтеміз! Байқаңдар! Жолға үлкен ағаш құлаған. Қараңдар, қандай үлкен! Бұтақтары жан-жаққа шашыраған! Құлаған ағаштан аттап өтеміз. Ой, шаршадық! Әйтеуір, жеттік-ау! Ал, балалар қараңдар, мынау не?

Балалар: Бұл орман.Айналада көп ағаштар бар екен.

Тәрбиеші: Ал енді осы ағаштарды санаймыз.Оңнан солға,солдан оңға.Содаң соң реттік номерін қоюды сіздерге ұсынам,және сіздерге сұрақ.

Талқылау;

Қай сан оң жақ немесе сол жағында тұрғанын атай аласынба?Алдыңғы сан қаншалықты кіші?Кейінгі сан қаншалықты кіші?Көршілес сандарды атай аласынба?

Балалар: Орындайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар алдымызда ертегідегі үйшік түр.Бүл ертекте неше кейіпкер бар?

Тәрбиеші: Ертегі тамашалау алдында кейіпкерлер бар стикерлер алайық.

Тәрбиеші: «Сәулетті үйшік» ертегісін сахналандырамыз.

Жүргізуші: Айдалада бір үйшік тұр. Қасынан тышқан өтіп бара жатыр еді. Үйшікті көріп тоқтады да:

-Сәулетті үйшік - тым жақсы! Үйшікте кім бар, тіл қатшы.

Жүргізуші: Ешкім үн қатпады.

Амандасу: (Көптілдік тілде амандасу)

Сәлем! Привет! Hi!

Сәлеметсіз бе?! Здраствуйте! Hello!

Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning!

Сосын ол үйшікке кіріп алып, сонда тұрып жатты.

Тәрбиеші:Балалар тышқанның Сырсандығында сіздерге тапсырма бар.»Айлакер тышқандар»

Үйшікке Бақа секектеп келді. Бақа:

-Сәулетті үйшік тым жақсы, үйшікте кім бар тіл қатшы?

Тышқан: Мен тышқан – інқазғанмын. Ал сен өзің кімсін?

Бақа: Мен бақа – бақылдақпын.

Тышқан: Алдымен менің тапсырмам бар соны орында. Сандықтың жасыл есігін ашып, онда тапсырмам бар соны орында.

Тапсырма;»Қуыршақ Айсұлуға көкөністерді себетке,ал жемістерді сауытқа салуға көмектес.(Монтессори кітабымен жұмыс)

Бақа тапсырма орындағанша балалармен жұмыс.

»Ойын «Миға шабуыл»

  • Лимон қышқыл, ал шекер ... (Слайд 13)

  • Таңертең біз таңғы ас ішеміз, ал түсте ше? (Слайд 14)

  • Не көп, алма ма, әлде алма ағашы ма?(Слайд 15)

  • Қайсысының қолы көп, екі мысықтыкі ме, әлде 2 аттыкі ме? (Слайд 16)

  • Алабұға, мөңке балық (Слайд 18)

  • Бір жылда 24 ай, 12 ай ма, 3 ай ма, 4 ай ма? (Слайд 19)

  • Ағашта үнемі не болады? (жапырақ, гүл, бүршік тамыры, көлеңкесі)(Слайд 20)

Тышқан: Жарайсың, Бақа- бақылдақ! Кел, үйшікке менімен бірге тұр.

Жүргізуші: Бақа секіріп үйге кіреді. Екеуі бірге тұрып жатты. Үйшіктің жанынан қоян өтіп бара жатып тоқтады.

Қоян: - Сәулетті үйшік – тым жақсы! Үйшікте кім бар, тіл қатшы?

  • Мен тышқан – інқазған.

  • Мен бақа-бақылдақ!

  • Ал сен өзің кімсің?

Қоян: - Мен қоян-желаяқпын

Тышқан: Алдымен менің тапсырмамды орында. Сандықтың сары есігін аш, сонда тапсырмам бар.

«Марат және Сәуленің заттарын ретте.»(Киімдерін тауып айтып беру)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер кішкене серігіп қалдаңдар.

Жұбын тап? Ойын:

Тәрбиеші: Балалар, суретке мұқият қараңдар. (Слайд 21) Бұл тапсырма жоғарыда, сол жақта костюм мен орамал суреті салынған.

Бұлардың арасында байланыс бар. Қандай байланыс, кім айтады?

Оң жақта үйдің суреті бар. Осы сияқты байланысы бар затты табайық? Төменде орналасқан суреттерді таңдаймыз.

Балалар: Кірпіштер.

Ендеше ойша ойланып көрейік.

Екі сүрет берілген. Коньки, мұз . Қалай түсінесіңдер?Бұл неге байланысты?

Балалар: Қыс мезгілі сүреті салынған.

Тәрбиеші,-Дұрыс қыс мезгілін.Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар:Қыс мезгілінде 3ай бар.Олар –желтоқсан,қантар,ақпан,(орысша,ағылшынша айтады)

Келесі: «Қайың,өзен» деген сөзге келетін байланысын сөздің ішінен табайық?.

Балалар: Жаз мезгілі.Жаз мезгілінін айларын атайды.

Тәрбиеші: Қане, тапсырманы дұрыс орындадық па, тексерейік. (Тақтаға қарайық, слайд 22)

Жарайсыңдар!

Тышқан: Жарайсың қоян-желаяқ! Кел бізбен бірге тұр.

Жүргізуші: Үйшіктің қасынан түлкі өтіп бара жатып терезені қақты.

Түлкі: Сәулетті үйшік – тым жақсы! Үйшікте кім бар, тіл қатшы?

  • Мен тышқан – інқазған.

  • Мен бақа-бақылдақ!

  • Мен қоян-желаяқпын.

  • Ал сен өзің кімсің?

Түлкі: Мен түлкіжан-сіңліжанмын

Тышқан: Алдымен менің тапсырмамды орында. Сандықтың сұры есігін аш, сонда тапсырма бар.

3 тапсырма: Сергіту сәті: « Буги –Вуги»

Әуеннің мазмұны бойынша қимыл -қозғалыстар жасау.

Ойын: Ортақ несі бар, қандай айырмашылығы бар?

Тәрбиеші: Ұшық пен құстың қандай айырмашылығы бар, және несімен бір-біріне ұқсайды?

Балалар:

  • «Ұшақ пен құс» - ұшады, олардың қанаты бар, тұмсығы бар.

  • Ұшақ көк түсті, көлемі үлкен, ол адамдарды тасиды, темірден жасалынған, ол бензинмен жүреді.

  • «Құс» - тірі жаратылыс, қоңыр түсті, көлемі кішкентай, құста қанат болады, өз-өзіне тамақ табады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Тышқан: Жарайсың, түлкіжан-сіңліжан. Кел, бізбен бірге тұр!

Жүргізуші: Көкжал бөрі өтіп бара жатып есіктен сығалады.

Қасқыр: Сәулетті үйшік – тым жақсы! Үйшікте кім бар, тіл қатшы?

  • Мен тышқан – інқазған.

  • Мен бақа-бақылдақ!

  • Мен қоян-желаяқпын.

  • Мен түлкіжан-сіңліжанмын

  • Ал сен өзің кімсің?

  • Мен көкжал бөрімін, қасқыр серімін!

Тышқан: Менің сандығымның ақ есігін ашып тапсырмамды орында

«Кел ормандағы аңдарға алмаларды бөліп берейік.»

Балаларға Сырсандықтан тапсырма орындату.»Есіңе түсір»

Тышқан: Жарайсың көкжал бөрі – қасқыр сері. Кел, бірге тұрайық!

Жүргізуші: Қасқыр үйшікке кірді. Олар бесеу болды.

Міне, осылайша олар сәулетті үйшікте бірге тұрып жатты. Кенеттен үйдің маңынан маймақ аю өтіп бара жатты.

Аю: Сәулетті үйшік – тым жақсы. Үйшікте кім бар, тіл қатшы?

  • Мен тышқан – інқазған.

  • Мен бақа-бақылдақ!

  • Мен қоян-желаяқпын.

  • Мен түлкіжан-сіңліжанмын

  • Мен көкжал бөрімін, қасқыр серімін!

  • Ал сен өзің кімсің?

  • Мен – маймақ аюмын

Тышқан: Алдымен менің сандығымның қызыл есігін ашып тапсырмамды орында.

5Тапсырма

Геометриялық пішіндерді атау.»Танграмм «ойыны(Геометриялық пішіндерден үйшік кейіпкерін құрастыру.)

Тышқан: Жарайсың маймақ аю. Кел, бізге қосыл!

Достар, бірігіп ән салайық!

Ән: «Достық»

Тәрбиеші;Ал, балалар тобымызға қайтайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге саяхатқа шыққан ұнады ма?

Балалар: Жауабы

Тәрбиеші;Балалар сандары бар қандай ертегілер билесіндер?

Балалар; 7лақ,3аю,3шошқа..т.б.

Жарайсыңдар, өте тамаша!

Тәрбиеші: Әсіресе, қай тапсырмалар өте жақсы ұнады?

Балалар: Жауабы

Тәрбиеші: Өздеріңді ертегілер елінде қалай сезіндіңдер?

Балалар: Жауабы.

Тәрбиеші: Бүгін барлығың жақсы жұмыс жасағандарың үшін, сендерге медаль (төс белгі) сыйлаймыз!

Кездескенше, достар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!