«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің
№ 13 бөбекжай-бақшасы»
КМҚК
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Білім бері
саласы: «Таным»
Кіші
сала: Математика
негіздері
Тақырыбы: «Математика еліне көңілді
саяхат»
Мектепалды даярлық «Гүлім»
тобы
Тәрбиеші: Миргалиева
А.К.
2020 – 2021 оқу
жылы
Мектепалды даярлық
тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні: 17.11.2020ж.
Тәрбиеші: Миргалиева
А.К. Әдіскер: Омарова
Қ.С.
Білім беру
саласы: «Таным»
Кіші
сала: «Математика
негіздері»
Тақырыбы: «Математика еліне көңілді
саяхат»
Мақсаттары: Балалардың визуалды және есту
зейінін, логикалық ойлау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Тәулік
уақыты, апта күндері, жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту.
Геометриялық пішіндерді бекіту. Сандардың құрамы туралы білімді
жүйелеу. 5 ке дейін тура және кері санауға дағдыландыру. Мысалдарға
сүйене отырып қосу есептерін шығаруға үйретуді
жалғастыру.
Әдіс-тәсілдер:
Ауызша – сұрақтар, әңгімелесу, түсіндіру.
Ойын – дидактикалық ойындар: «Бұл қашан болады?». Логикалық ойын
«Шаршыны тез
жина», тапсырмалар.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: Лунтиктің
суреті, тәулік
суреттері, геометриялық пішіндер, қийылған
шаршылар, тапсырмалар.
Билингвалдық
компонент: тәулік уақыты – время суток, таң – утро, күн
– день, кеш – вечер, түн –
ночь
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі.
- Балалар, кеше маған хат
келді. Хатты оқиын ба?
«Сәлем, балалар! Мен
Лунтикпін, мен де балабақшаға барамын. Сендерді математика еліне
саяхатқа шақырамын. Онда сендер қызықты тапсырмаларды, керемет
ойындарды таба аласыз. Егер математика еліндегі тапсырмаларды
орындасаңдар сендерді тосын сый күтіп
тұрады.»
-Ал, балалар, сендер
математике еліне саяхатқа барғыларын келе
ме?
-Балалар математика еліне
бармас бұрын мен сендердің білімдеріңді тексергім келеді. Мен
сендерге сұрақтар қоямын, ал сендер тез жауап беру керексіңдер.
Дайынсыңдар ма?
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
Қандай?
-Қазір таңертең бе, кеш
пе?
-Аптада күндерін рет-ретімен
атаңдаршы.
-5-ке дейін тура және кері
санандар.
-Жарайсыңдар, балалар! Жақсы
жауап бердіңдер! Ал біз математика еліне ұшатын кілеммен барамыз.
Қолдарымыздан ұстап, көзімізді жұмайық (релаксация музыкасы).
Көздеріңді ашыңдар. Балалар қараңдаршы, сандықтың ішінде не бар
екен! Қарайық, ашыңдар (тапсырмалар салынған конверттер
бар).
-Олардың саны
қанша?
-Дұрыс 5 конверт және барлығы
түрлі түсті. Алғашқы конвертті ашайық. Ол қандай
түсті?
2.Негізі
бөлімі.
1. Тапсырма
– әр суретте қанша зат бар
екенін сана, оларды сәйкес цифрмен
байланыстыр.
-Жарайсыңдар! Біз бірінші
тапсырманы жақсы орындадық. Ал енді біз ... 2 саны бар конвертті
ашамыз (балалар жауап береді). Конверт қандай
түсті?
2.
Тапсырма: Мен заттарды атаймын, ал
сендер олардың геометриялық пішіндерін көрсетіңдер. Дайынсыз
ба?
- Табақша, текше, есік, үйдің
шатыры, қияр. Қай пішінде бұрыш болмайды? Ал қандай пішіннің
жақтары бірдей болады? Жарайсыңдар! Ендеше қазір «Шаршыны тез жина»
ойының ойнаймыз.
Логикалық
ойын: «Шаршыны тез
жина».
Кесілген шаршыны құрастыру
керек.
3. Тапсырма: «Сандардың
құрамын тап»
-Енді
тынығайық.
Сергіту сәті:
«Буги-Вуги»
4.
Тапсырма: «Бұл қашан
болады?»
Ал мына конвертте
бізде «Бұл қашан
болады?» дидактикалық ойыны бар.
Балалар тәуліктің әр уақытында баланың іс-әрекетін бейнелейтін
суреттерді қарап, ол туралы әңгімелеседі.
Билингвалдық
компонент: тәулік уақыты – время суток, таң – утро, күн
– день, кеш – вечер, түн –
ночь
5. Тапсырма: «Есепті
шығар»
Суретке қарап, қосу есептерін
шығарады.
3.Қорытынды:
-Біз барлық міндеттерді
шештік. Кімге не ұнады? (Балалардың жауаптары) Жарайсыңдар
балалар!
- Лунтиктің сіздерге тосын
сыйы бар, өйткені сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, бар
күштеріңді салдыңдар, ол сендерге кәмпит
сыйлайды.
-Назарларыңызға
рахмет.