400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика еліне көңілді саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған. математика бойынша оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 13 бөбекжай-бақшасы» КМҚК














Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім бері саласы: «Таным»

Кіші сала: Математика негіздері


Тақырыбы: «Математика еліне көңілді саяхат»


Мектепалды даярлық «Гүлім» тобы










Тәрбиеші: Миргалиева А.К.










2020 – 2021 оқу жылы


Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 17.11.2020ж.

Тәрбиеші: Миргалиева А.К. Әдіскер: Омарова Қ.С.

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: «Математика негіздері»

Тақырыбы: «Математика еліне көңілді саяхат»

Мақсаттары: Балалардың визуалды және есту зейінін, логикалық ойлау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Тәулік уақыты, апта күндері, жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту. Геометриялық пішіндерді бекіту. Сандардың құрамы туралы білімді жүйелеу. 5 ке дейін тура және кері санауға дағдыландыру. Мысалдарға сүйене отырып қосу есептерін шығаруға үйретуді жалғастыру.

Әдіс-тәсілдер: Ауызша – сұрақтар, әңгімелесу, түсіндіру. Ойын – дидактикалық ойындар: «Бұл қашан болады?». Логикалық ойын «Шаршыны тез жина», тапсырмалар.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Лунтиктің суреті, тәулік суреттері, геометриялық пішіндер, қийылған шаршылар, тапсырмалар.

Билингвалдық компонент: тәулік уақыты – время суток, таң – утро, күн – день, кеш – вечер, түн – ночь


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі.

- Балалар, кеше маған хат келді. Хатты оқиын ба?

«Сәлем, балалар! Мен Лунтикпін, мен де балабақшаға барамын. Сендерді математика еліне саяхатқа шақырамын. Онда сендер қызықты тапсырмаларды, керемет ойындарды таба аласыз. Егер математика еліндегі тапсырмаларды орындасаңдар сендерді тосын сый күтіп тұрады.»

-Ал, балалар, сендер математике еліне саяхатқа барғыларын келе ме?

-Балалар математика еліне бармас бұрын мен сендердің білімдеріңді тексергім келеді. Мен сендерге сұрақтар қоямын, ал сендер тез жауап беру керексіңдер. Дайынсыңдар ма?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар? Қандай?

-Қазір таңертең бе, кеш пе?

-Аптада күндерін рет-ретімен атаңдаршы.

-5-ке дейін тура және кері санандар.

-Жарайсыңдар, балалар! Жақсы жауап бердіңдер! Ал біз математика еліне ұшатын кілеммен барамыз. Қолдарымыздан ұстап, көзімізді жұмайық (релаксация музыкасы). Көздеріңді ашыңдар. Балалар қараңдаршы, сандықтың ішінде не бар екен! Қарайық, ашыңдар (тапсырмалар салынған конверттер бар).

-Олардың саны қанша?

-Дұрыс 5 конверт және барлығы түрлі түсті. Алғашқы конвертті ашайық. Ол қандай түсті?

2.Негізі бөлімі.

1. Тапсырма – әр суретте қанша зат бар екенін сана, оларды сәйкес цифрмен байланыстыр.

-Жарайсыңдар! Біз бірінші тапсырманы жақсы орындадық. Ал енді біз ... 2 саны бар конвертті ашамыз (балалар жауап береді). Конверт қандай түсті?



2. Тапсырма: Мен заттарды атаймын, ал сендер олардың геометриялық пішіндерін көрсетіңдер. Дайынсыз ба?

- Табақша, текше, есік, үйдің шатыры, қияр. Қай пішінде бұрыш болмайды? Ал қандай пішіннің жақтары бірдей болады? Жарайсыңдар! Ендеше қазір «Шаршыны тез жина» ойының ойнаймыз.

Логикалық ойын: «Шаршыны тез жина».

Кесілген шаршыны құрастыру керек.

3. Тапсырма: «Сандардың құрамын тап»

-Енді тынығайық.

Сергіту сәті: «Буги-Вуги»

4. Тапсырма: «Бұл қашан болады?»
Ал мына конвертте бізде «Бұл қашан болады?» дидактикалық ойыны бар. Балалар тәуліктің әр уақытында баланың іс-әрекетін бейнелейтін суреттерді қарап, ол туралы әңгімелеседі.

Билингвалдық компонент: тәулік уақыты – время суток, таң – утро, күн – день, кеш – вечер, түн – ночь

5. Тапсырма: «Есепті шығар»

Суретке қарап, қосу есептерін шығарады.


3.Қорытынды:

-Біз барлық міндеттерді шештік. Кімге не ұнады? (Балалардың жауаптары) Жарайсыңдар балалар!

- Лунтиктің сіздерге тосын сыйы бар, өйткені сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, бар күштеріңді салдыңдар, ол сендерге кәмпит сыйлайды.

-Назарларыңызға рахмет.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі