400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты 1. білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу. 2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой - өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау қабілеттерін, логикалық шапшаңдықтарын дамыту. 3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Математика еліне саяхат

Мақсаты
1. білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу.
2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой - өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау қабілеттерін, логикалық шапшаңдықтарын дамыту.
3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дидактикалық ойын
Көрнекіліктер: суреттер, көңіл - күй галереясы
Әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекілік; т. б.

Сабақтың жоспары:
1. Қызығушылығын ояту.
2. Мағынасын ажырату.
3. Рефлексия
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі күніміз сәтті басталу үшін алдарыңдағы суреттерді өз көңіл - күйлеріңе байланысты таңдап алыңдар.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, таңдаған суреттеріңді көңіл - күй галереясына ілейік.

3. Мағынаны ажырату.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар бүгін біз «Пішіндер әлеміне» саяхатқа барамыз. Ол үшін поезға мінуіміз керек, біздің пойызымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд» Қараңдаршы, вагондары көп екен, түстері бірдей ма?
- Жоқ бірдей емес, әртүрлі
- Вагонның түстері қандай екен?
- Қызыл, сары, көк, жасыл.
- Біздің поездымызды алға сүйреуші «Тепловоз» деп аталады, қане қайталап жіберейік.
- Тепловоз.
- Ал поездың ретін санайықшы.
- 1, 2, 3, 4, 5
- Балалар сендердің қолдарыңда билеттерің бар, сол билетте көрсетілген сан бойынша вагондарыңа отырыңдар. (Балалар вагонға отырады)
- Біздің Ғажайып поездымыз қала аралық поезд, сондықтанда баратын жерімізге тез жетеміз. Мінекей «Пішіндер әлеміне» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет енді орындарыңа отыра қойындар.
Мұғалім:

Алдарыңдағы пішін – шеңбер деп аталады. Шеңбер немесе дөңгелекті ауада салайықшы.
- Енді айналамызға қарап осы дөңгелек пішінге ұқсас заттарды табайықшы. ( Ұқсас заттарды айтады)

Барлық қабырғалары бірдей пішінді – шаршы деп атаймыз?
- Төртбұрыш. (ауада салу, ұқсас заттарды табу)

- Ал үш қабырғасы бар пішін үшбұрыш деп аталады.
- Үшбұрыш. (ауада қайталау, ұқсас затты табу)

Сергіту сәті: Тұрып дем алайық,
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
4. Рефлексия
Дәптермен жұмыс.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, берілген суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?

5. Қорытынды
Балалар сендер бүгін сабақта ерекше, ақылды әрі алғыр болдыңдар.
Бүгінгі сабақта қандай пішіндермен таныстық, сендерге сабақ ұнады ма?

6. Мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар геометриялық пішіндерді ажыратады
Меңгеруі: Заттардың қандай пішіннен құралатынын меңгереді.
Жасай алуы: Әліппе - дәптерінде берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі