400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі пішіндермен, сандармен, түстермен жұмыс істеуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Математика еліне саяхат

Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: Математика еліне саяхат.

Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі пішіндермен, сандармен, түстермен жұмыс істеуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету.

Сандар жайлы түсініктерін дамыту.

Ұйымшылдықты, шыдамдылықты, ұқыптылықты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сандар, пішіндер, ,

Сабақ барысы.

Тәрбиеші: Салеметсіздем ме, балалар! Балалар бүгін бізде, Таным білім беру саласынан математика сабағы. Бүгінгі сабақта біз математика еліне саяхат жасаймыз, бұл дегеніміз осы сабаққа дейін не өттік соны қайталаймыз.

Олай болса шаттық шеңберге тұрайық:

Шаттық шеңбер.

Арайланып таң атты,

Алтын сауле таратты,

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

-Балалар, көңіл күлерін қалай? (Жақсы.)

-Олай болса саяхатты бастайық.

-Балалар, математика еліндегі патшалыққа жету үшін, кедергілерден өту керек. Бұл кедергілерден өту үшін тапсырмаларды орындау керек, дұрыс орындалған тапсырма үшін жұлдызшылар аласындар. Сабағымызды бастаймыз ба? (Иә)

- Балалар, алдымызда бірінші кедергі. Шашылған сандар, бірінші тұрған 10 бала бір-бір саннан алып тақтаға дұрыс қойып шығу керек.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Бәрі келді, олай болса осы сандарды 1 ден10ға дейын және кері санайық.

Балалар тапсырманы орындайды.

-Балалар, әр кедергіде 3 тапсырмадан болады:

Бірінші кедергі «Сандар» кедергісі.

1 тапсырма: ең кішкентай санды тап,

ең үлкен санды ата.

2 тапсырма: 3, 5, 8 сандардын көршісін табу.

3 тапсырма: 4 пен 6, 7 мен 9, 1 мен 3 ортасындағы сандарды табу.

Балалар алдымызда шалшықтар, оларды қалай өтсек болады?(Айналып өтемыз).

-Дұрыс, балалар, айналып өтуге болады және жанындағы парақтарды қалданып өтуге болады.

Міне, балалар, екінші кедергігі де жеттік.

Екінші кедергі «Пішіндер мен түстер» кедергісі

1 тапсырма: Түстерді атау, пішіндерді атау

2 тапсырма: Пішіндерді қолданып ұшақ құрастыру.

3 тапсырма: Пішіндерді ретімен жалғастыру

Үшінші кедергіге де жетті бұл кедергі «Демалыс»кедергісі

Сергіту сәті:

Ал балалар,тұрайық,

Саусақтарды санайық.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Ал қанеки санайық,

1,2,3,4,5,

Алақанды қосайық

Болады екен он саусақ,

Саусақтарды санайық

Жаттығулар жасайық.....

Бәрі келді, бір демалып қалдық. Олай болса кедергілерден өтуді жалзастырайық.

Төртінші кедергі «Санамақ» кедергісі.

1 тапсырма: Алдымызда гүлдер аланы, қандай керемет, олай болса суретке карап, маған санап беріндерші:

  • Неше көбелек бар?

  • Неше гүл бар?

  • Не көп гүлме әлде көбелектер ме?

  • Не аз?

2. тапсырма: «Сана да санын жаз»

3 тапсырма: «Керекті санды тап»

Қандай керемет, балалар, біз математика еліне жетіп қалдық, соңғы кедергіден өту керек.

Өте аламыз ба? (Иә өтеміз.)

Балалар, қарандаршы жолымызда пішіндер шашылып жатыр.

Кім біледі, қандай пішіндер шашылып жатыр? (үшбұрыш)

Дұрыс, неше үшбұрыш? (8 үшбұрыш)

Осы пішіндерден үй құрастыру керек. (Балалардың жұмысы)


Бәрі келді бесінші кедергіге де жеттік бұл «Артығын тап» деген кедергі.

Мында әр бала өзі орындау керек топталған суреттердін ішінен артық 1 немесе 2 артық затты табу керек.


Қандай керемет, сендер барлық кедергілерден өтіп математика елінің патшалығына жеттіндер. Мында сендерді сыйлйқтар күтіп тұр.

Балаларға сыйлықтарын табыстау.

Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Олай болса ұнаса лайк қояйық, ұнамаса диз лайк.

Балалардың жауабы

Балалар, сендерге көп- көп рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды сау болыныздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі