400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеу барысында бейнелі сөздерді қолдана білуді, сұрақтарға жауап беруді, диалогтік сөйлеуді дамыту. Алдына қойылған міндетті шешуде «не істеу керектігін», «қалай істеу керек» екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге және жасауға мүмкіндік беру. Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты ояту; логикалық есептерді шешу арқылы қарапайым ойлау дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Мақсаты: Сөйлеу барысында бейнелі сөздерді қолдана білуді, сұрақтарға жауап беруді, диалогтік сөйлеуді дамыту. Алдына қойылған міндетті шешуде «не істеу керектігін», «қалай істеу керек» екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге және жасауға мүмкіндік беру. Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты ояту; логикалық есептерді шешу арқылы қарапайым ойлау дағдыларын дамыту.

Кіріктірілген: математика негіздері, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет.

Көрнекілігі: Кілемше, пішіндер, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, қызықтыру, ойын жаттығуы.

Барысы:

Ойынменен, қиялдаумен өсеміз,

Ертегі айтып, жұмбақты да шешеміз.

Білім құмар, қыздар менен ұлдар мыз,

Біз дайынбыз, әр қашанда көмекке.

Татулықпен бөлісеміз әр кезде,

Бүгінгі күн күндегіден ерекше!

Бүгін біз Математика еліне барамыз. Бізді математика патшайымы шақырды. Ол бізге қызықты әрі керемет сапар уәде етті. Бұл сапарға өзімізбен бірге сандарды алуымыз керек. Математиктер санауды жақсы көреді.

-Ой, сандармен не болды, олар жоғалып кетті (SMS дыбысы естіледі)

Маған бір хабарлама келді.

«Сәлеметсіздер ме! Сандарды кері қайтару үшін сендерге тапсырмаларды орындау керек. Жолдарыңа кедергілер дайындадым. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін сендер 2 сан аласыңдар. Ал адасып қалмас үшін мен сендерге картаны жіберемін. Тапсырманы геометриялық пішіндерде табасыңдар» Математика патшайымы.

-Балалар, картаға мұқият қарайық. Қарандаршы картадағы белгілер біздің қай бағытқа қарай жүретімізді көрсетіп тұр, ал түрлі-түсті геометриялық пішіндерде, денелерде тапсырма жасырылған. Біріңші тапсырма сопақшада. Біз қалай ол ғажайып елге барамыз? (Балалар ойларын айтады)

-Балалар ұшақ-кілеммен барамызба? Қараңдаршы қандай ерекше. Қатты ескіріп кетіпті, жыртықтары көп екен, бұл кілемшемен ұшып кете алмаймыз ғой. Біз кілемшеге жамау жабыстырайық.

Дидактикалық ойын: Жамауды орналастыр

Балалар жамауларды ( пішіндер) орналастырады.

1, 2, 3, 4, 5 біз ұшқанға дайынбыз. Бірақ алдымен қанша геометриялық пішін бар екенін санайық.

-Қанша шаршы бар екен?

-Қанша ұшбұрыш?

-Қанша шеңбер бар екен?

-Қанша төртбұрыш?

-Біз ұшып келе жатырмыз. Оң жақтарыңа (төменге) қараңдаршы, не көрдіңдер? (Өзен)

- Сол жақтарыңа (төменге) қараңдаршы, не көрдіңдер? (Ағаштар, Орман)

- Орман ағаштары қандай екен? (биік, аласа)

-Енді алдыға қараңдар, не байқадыңдар? (тау)

-Таук қандай? (биік, әдемі, тасы көп, ағашы көп т.б) .

-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

-Біз Математика еліне келдік. Картадағы бірінші тапсырма сопақша пішінде орналасқан екен. Ол санға байланысты.

Мұқият тыңдап, жауабын айтамыз (логикалық сұрақ).

  1. Жайлауда 4 қой жайылды, екеуі үйге қайтты, қанша қой жайлауда қалды?

  2. Айжанда 5 алма бар, 2 алманы Дастанға берді, Айжанда қанша алма қалды?

  3. Аквариумда 3 балық бар, тағы 2 балық қосылды, барлығы неше балық болды?

Жарайсындар балалар, біз екі сан пайда болды. Қандай сандар екенін айтыңдаршы? (2, 5)

Саяхатымызды жалғастырайық. Қай бағытта жүру керектігін картаға қарап білейік.

-Сол жаққа.

-Екінші тапсырмамыз, текшеде орналасқан екен. Құрастыру. Танграмм мен пішіндер арқылы үй және басқа да заттарды құрастыру.

- Тағы екі сан пайда болды. Қандай? (1, 6)

Келесі тапсырманы орындайық. Ол шарда жасырылған. «Салыстыру» Біз жануарларды салыстырайық.

  1. Қайсысы биік (керік пе піл)?

  2. Қайсысы ұзын (жылан, жұлдызқұрт)?

  3. Қайсысы үлкен (Акула, сазан)?

  4. Торғай үлкен ба, жоқ бүркіт па?

Тапсырманы орындадық екі санды аламыз.Қандай? (4, 9)

Саяхатымызды жалғастырайық. Қай бағытта жүреміз?

-Оң жаққа.Тапсырма цилиндрда орналасқан. «Тексерейік»

Тақтада сандарды ретімен қояды. Тапсырманы орындадық.

Екі санды аламыз. Қандай? (3, 7)

-Соңғы тапсырма қалды. Ол тапсырма үшбұрышта орналасқан.

Бұл тапсырма: «Жинап ал» деп аталады. Сендерге бұл жерде қалдық материал тұр.Осы заттардан сандар құрастырып, қандай сан құрастырғандарыңды айтасыңдар (балалар қақпақтардан, түймелерден, сірінкеден сандар құрастырады).

Жарайсындар балалар, біздің соңғы сандар (0, 8) Жинап алған сандарды қатарымен қоямыз.

Балалар сандарды қатарымен қояды, смс келеді.

-Балалар сендер өте ақылдысыңдар. Маған сендердің тапсырмаларды орындағандарың ұнады. Сендерді тосын сый күтіп тұр. Сау болыңдар. Математика патшайымы.

-Балалар, сендерге саяхат ұнады ма? Кілемшеге отырып тобымызға қайтайық. Кері санайық: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Саяхатымыз аяқталды.

(балаларды мадақтау).

Рефлексивті түзетуші. Кері байланыс.

-Балалар біз кандай елге саяхатқа бардық?

-Сандарды тура, кері санау білеміз ба?

-Оң, сол бағытты ажыратамыз ба?

- Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді білеміз бе (шар, текше, цилиндр)?

-Мансұр, саған кімнің жауап бергені ұнады?

-Азамат, саған кімнің тапсырма орындағаны ұнады?

Балаларға «Қазақстан тәттілерін» ұсыну. Сонымен қатар балалар біз қонақжай халықпыз! Келген қонақтарымызбен таттілермен бөлісейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2025
120
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі