Ұйымдастырылған оқу
әрекетінің технологиялық картасы
«Бәйтерек» ортаңғы
тобы
Білім беру
саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы: Бір және көп, көп сандарды
салыстыру және олардың арасындағы сәйкестікті табу. Үлкен және
кіші. Шеңбер (әртүрлі фигуралардың арасынан
табу). Мақсаты: Заттарды санына қарай
салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың
дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде);
солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат
есіммен сәйкестендіру; екі топтпғы заттарды бір – бірімен
салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен,
кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты
көрген мәлеметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді
пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің
де әр түрі болатынын түсіндіру. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
жұмбақ. Қостілдік
құрам: шеңбер-круг, үлкен –
большой, кіші – маленький.
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері:
Жоғары қарап күн
көрдім,
Төмен қарап жер
көрдім.
Оңға солға бұрылып, Егеменді
ел көрдім «Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны. Тәрбиеші балаларға
жұмбақ жасырады.
|
Балалар өлең жолдарына сай
қимылдар жасайды. Балалар жұмбақтың шешуін табады: шырша,
күн,саңырауқұлақ.
|
|
Ұйымдастырушы-лық ізденіс
кезеңі
|
Дәптермен жұмыс. 1- тапсырма.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды. –Суретте ең көп бейнеленген қандай
зат? -Бір-бірден салынған заттың сты қандай? -Бір-бірден салынған
заттарды бояп шығындар. 2- тапсырма. «Жол сал» ойыны түрінде
ұйымдастырылады. Үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, алкішкентай
шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол
«салыңдар». Сергіту
сәті: «Екі шапалақ» Жоғары екі
шапалақ, Алға екі шапалақ . Енді қолды артқа қстап, қос аяқтап
секіреді. 3-тапсырма. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: Бұл
орамның пішіні – Баурсақтың да мүсіні. Кішірейтсек біз мұны, Шығады
тоқаш наны. Ол не? –Барлық шеңберлерді бояндар. –Неше шеңбер
боядыңдар? -Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?Иә, балалар
шеңбердің көлемі әртүрлі болады.
|
Балалар сұрақтарға жауап
береді: шырша, кірпі, күн, саңырауқұлақ, шырша. Балалар Күнді,
саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды. Балалар үлкен шәйнек пен үлкен
кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы
қосады. Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар
жасайды.
Тапсырманы
орындайды.
|
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
Өзін-өзі бақылау және өзі
атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеші тапсырманы орындағаны үшін
балаларға мақтау айтады.
|
Балалар өз жұмысын тәрбиешінің
қолындағы үлгімен салыстырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бір зат пен көп затты
бір-бірінен ажырата алуды біледі.
Үйрену: 2 көлеміндегі заттарды санай
білуді, солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді
зат есіммен сәйкестендіруді, өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен,
кіші) қарай салыстырып, оларды солбелгілері бойынша біріктіруді
игереді.
Меңгеру:Екі топтағы заттарды
салыстыруды меңгереді.