Тақырып бойынша 20 материал табылды

Математика еліне саяхат ашық ұйымдастырылған іс -әрекет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топқа балалардың қарапайым математикалық түсініктерін бекіту, санау, салыстыру, пішіндерді ажырату дағдыларын дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы















































































Целиноград ауданы бойынша

білім бөлімінің жанындағы Қажымұқан ауылының

«Қошақан» бөбекжайы



«Математика еліне саяхат»

Ұйымдастырылған іс-әрекет.










« Балапан» ересек тобы тәрбиешісі:

Нұржанова А.А.









2025-2026 жыл



Целиноград ауданы бойынша

білім бөлімінің жанындағы Қажымұқан ауылының

«Қошақан» бөбекжайы

МКҚК

« Балапан» ересек тобы тәрбиешісі:

Нұржанова А.А.


ҰІӘ: Математика негіздері.

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Міндеттері

  • 1–5 дейінгі сандарды тану және санау;

  • Негізгі түстерді ажырату (қызыл, сары, көк, жасыл);

  • Геометриялық пішіндерді тану (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш).

Дамытушылық:

Зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту; Салыстыру, сәйкестендіру дағдыларын қалыптастыру; Ұсақ қол моторикасын жетілдіру Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

  • Ойын кезінде бір-біріне көмектесуге үйрету.

Көрнекіліктер

1–5 сандары жазылған карточкалар

Түрлі түсті геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш)

Кілем үстіне жапсырылған пішіндер

Салфетка және су құйылған ыдыс (тәжірибе үшін)

Интерактивті тақта

Ұйымдастыру кезеңі

Роботтың сәлемдесуі (дыбыстық эффектпен)

Picture 56 Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің Математика әлеміме қош келдіңдер!
Сендерді қызықты тапсырмалар мен ойындар күтіп тұр!

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Көңіл күйлерің қандай?

Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн,
Армысың көк аспан.


Армысың жер ана,
Армысың достарым!

Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз Математика еліне саяхатқа шығамыз!

Негізгі бөлім 1-кедергі: «Пішінді тап та, орныңды тап!»

Тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндерді таратады.
Балалар өз пішінін таңдап алады.

Нұсқау:
– Қолдарыңдағы пішінге сәйкес кілемдегі пішінді тауып, сол жерге барып тұрыңдар.
– Енді үстел үстіндегі дәл сондай пішіннің қасына барып отырыңдар.

(Балалар сәйкестендіру арқылы орындарына орналасады.)

2-кедергі: Ойын «Санды тап»

Тапсырмалар:

  • 1–5 дейінгі сандарды ретімен атау;

  • Көрсетілген санға сәйкес заттарды санау;

  • Карточкамен немесе интерактивті тақтамен жұмыс.

Сұрақтар:

  • Бұл саннан кейін қай сан келеді?

  • 3 санынан бұрын қай сан тұрады?

  • Қай сан үлкен: 2 ме, 4 пе?

3-кедергі: Тәжірибе «Суда пайда болған пішін»

Жұмыс барысы:

  • Әр бала көк түсті салфетканы таңдайды;

  • Салфетканы суға салады;

  • Судың ішінде жасырынған пішін пайда болады.

Picture 58

Сұрақтар:

  • Қандай пішін шықты?

  • Қандай түсті таңдадың?

  • Бұл қандай пішінге ұқсайды?

4-кедергі: «Түсті тап» тапсырмасы

  • Қызыл түсті дөңгелекті тап;

  • Көк түсті шаршыны көрсет;

  • Сары түсті үшбұрышты ата.

5-кедергі: Ойын «Пішінді таны»

Тәрбиеші пішіндерді көрсетеді.

Сұрақтар:

  • Бұл қандай пішін?

  • Қайсысы домалақ?

  • Шаршының бұрыштары нешеу?

Балалар пішіндерді салыстырады.

Қимылды ойын: «Сандарды тап»

5 бала ортаға шығады.

Тәрбиеші сан айтады.
Балалар сол сан жазылған карточканы тауып, үстіне тұра қалады.

Сергіту сәті

Дөңгелек боп айналдық,
Шаршы болып тұрдық біз.
Үшбұрыштай секіріп,
Биікке біз жеттік тез!

Бір, екі, үш – санаймыз,
Төрт, бес – қолды созамыз!

Қорытынды бөлім

Тәрбиеші– Сабақ ұнады ма?
– Қай ойын қызықты болды?

Қорытынды

Бүгін біз Математика еліне саяхат жасап,
1–5 дейінгі сандарды қайталадық;
Түстерді ажыраттық;
Геометриялық пішіндерді таныдық;
Бір-бірімізге көмектестік.

Жарайсыңдар, балалар! Математика әлемі сендерге риза!

Шығармашылық орта

Бөлімі: Шығармашылық жұмыс

Мақсаты:

Балалардың геометриялық пішіндер мен сандар туралы білімін шығармашылық әрекет арқылы бекіту, ұсақ қол моторикасын және қиялын дамыту.





Picture 61

1-орталық: «Құммен жұмыс – Пішіннің көлеңкесін тап»

Мақсаты:

Пішіндерді тану, көлеңкесі арқылы сәйкестендіру дағдыларын дамыту.

Қажетті құралдар:

  • Құм салынған үстел

  • Пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш)

  • Пішіндердің көлеңке бейнелері

Жұмыс барысы:

  1. Тәрбиеші құм үстіне пішіндердің көлеңке суреттерін орналастырады.

  2. Балалар берілген пішінді алып, оның сәйкес көлеңкесін тауып құмның үстіне орналастырады.

Сұрақтар:

  • Бұл қандай пішін?

  • Қай көлеңке осы пішінге сәйкес келеді?

  • Дөңгелек пен шаршының айырмашылығы қандай?

Дамытушылық маңызы:

Кеңістікте бағдарлау
Көру арқылы сәйкестендіру
Саусақ моторикасын дамыту

2-орталық: «Сандарды тұзбен жазамыз»

Мақсаты:

1–5 сандарын жазу дағдысын бекіту, шығармашылық қызығушылықты арттыру.

Қажетті құралдар: Ақ қағаз , ПВА желімі, Ас тұзы, Акварель бояуы, Қылқалам. Жұмыс барысы:

  1. Балалар қағазға ПВА желімімен 1–5 сандарының бірін жазады.

  2. Желімнің үстіне тұз себеді.

  3. Артық тұзды сілкіп тастайды.

  4. Қылқаламмен акварель бояуын тамшылатып бояйды.

  5. Тұз бояуды сіңіріп, әдемі өрнек пайда болады.

Сұрақтар:

  • Қай санды жаздың?

  • Бұл саннан кейін қай сан келеді?

  • Бояу тұзға қалай тарады?

Дамытушылық маңызы:

Ұсақ қол моторикасы
Шығармашылық қиял


Түстерді үйлестіру
Сандарды есте сақтау

Қорытынды шығармашылық рефлексия

Бүгін біз қандай пішіндермен жұмыс жасадық?
– Қандай сандарды жаздық?
– Құммен жұмыс ұнады ма?
– Тұзбен бояу жасау қызықты болды ма?

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар пішіндерді көлеңкесі арқылы ажырата алады;

  • 1–5 сандарын таниды және жазады;

  • Түстерді дұрыс қолданады;

  • Шығармашылық белсенділігі артады.

Picture 68




Picture 70



Picture 63 Picture 66 Picture 65 Конец формы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12