Материалдар / Математика –ертегілер елінде ( сайыс сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика –ертегілер елінде ( сайыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
1300
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түркістан облысы

Түлкүбас ауданы

Жиынбай жалпы орта мектебі


Сайыс сабақ

Тақырыбы:





Орындаған: Туребекова Ұ.



2019 – 2020 оқу жы




«Математика ертегілер елінде»

(сайыс сабақ)

Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,

сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

қолданылады, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.


Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар, өз ойын, пікірлерін білдірген. Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны

А. Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол»

«Жақсы болсаң, көпке ортақ бол, еліңе, халқына пайдаң тисін», - деген. Білімнің маңызы өте зор , ол сарқылмайтын қазына , сондықтан болашаққа біліммен қадам басуға тиіспіз.

Осы апта біздің мектепте математика апталығы, олай болса математикалық білімдеріміз арқылы сайысқа шығайық.


Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста- деп

«Математика ертегілер елінде» атты сайысына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға топтарды шақырамыз.

Алдымызда өз ақылдылығымен, тәрбиелілігімен, тапқырлығымен, есепке жүйріктігімен тағы басқа жақтарымен көрініп жүрген 6 және 7 - сыныптың оқушылары қатысып тұр. Қош келдіңіздер, сіздерге сәт- сапар тілейміз!

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.



Өту жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Математика ертегілер елінде

3. Логикалық есеп

4. «Ақ сандық, көк сандық» тапсырмалары

5. Логикалық тапсырмалар

6. Сандар айтысы

7. Қорытынды



Басталық ақыл ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші.

Математика ғылымына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе - деп сайысымызды бастаймыз.

Топтардың  сәлемдесуінен бастаймыз

1- Сайыс «Сәлемдесу» бөлімі

І топ . ІІ топ. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі (5ұпай)


  1. Сайыс. Математика ертегілер елінде

Бұл сайыс бойынша сайысқа қатысушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10- ұпай

  1. Күлшеқызға көмектес

Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды. Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Күлшеқыз төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)

  1. Қаршақызға көмектес

Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 68 метр, ал ені 52 метрге тең.

Шарбақтың ұзындығын табыңдар? ( 240м)

  1. Алладинге көмектесіңдер...

Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын.

«Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 12 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?» ( 67 км/сағ,43 км/сағ)


3- сайыс: Логикалық есептер шешу.

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару




1. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңдар. ( 13)


2. Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)


3.Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20,21, 23, 24,26, 27, … (29)


4.Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)


4-сайыс. «Ақ сандық, көк сандық» тапсырмалары

Ал, балалар, балалар

Қиындыққа қайыспай

Асулардан өтейік - деп, берілген жұмбақтардың шешуін табайық.


1. Атадан 10 боламыз,

Бір- бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. (цифр)


2. 1 ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара кәнеки ойлан тап? (жыл,ай,тәулік,күн мен түн)


3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы бір бойында. (сызғыш)


4. Айқасқан екі таяқ,

тұрады жоқты сұрап? (Х)




5. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым. ( шеңбер)

6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. ( түзу)


5-сайыс. Логикалық тапсырмалар

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен - деп, берілген логикалық

тапсырмаларды орындайды.


1. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? ( 7күн)


2. Сен Үржардан Семейге бара жатқан автобустың жүргізушісісің. Таңертеңгі 9.00-де сапарға шыққан сен 3 сағат жол жүрдің. Аягөзде жарты сағаттық аялдау болды. Содан кейін сапарды әрі қарай жалғастырған соң, тағы 9 сағат жол жүрдің. Сұрақ: Жүргізушінің есімі кім?


3. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын,балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған

біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?( түлкі, төрт)


( әзіл есеп) «Қу түлкі»

  1. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған ? (64 балық)


  1. Дөңгелекті үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын

табыңыз. ( 6)


  1. Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жей алады. Олар барлығы жабылып осы қойды неше сағатта жей алады? ( 1сағат)


6- сайыс. Сандар айтысы. Бұл сайыста төп басшысылары 1-52 сандарды

тауып санап шығу керек.Кім тез санайды?


7. Қорытынды


Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!