ШҚО Ұлан
ауданы
М.
Ломоносов атындағы орта мектептің
Математика пәні мұғалімі Чүкүева Бақытжан
Қазезқызы
Сыныптан
тыс жұмыс. "Математика-Физика әлеміне саяхат"
"Математика-Физика әлеміне саяхат" атты сайыс
сабақ
Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушылардың математика, физика пәнінен білім
дәрежелерін жетілдіре түсу. 2.Оқушылардың ғылымға деген
қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, өз бетімен ізденуге
дағдыландыру. Сабақтың әдісі: сайыс сабағы, қатысушы 9-10 сыныптар.
Көрнекілік: Нақыл сөздер, слайд,шарлар, формулалар. Сабақтың
барысы: " Математика-физика әлеміне саяхат" білім сайысы сабағын
екі оқушы жүргізеді
І.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жүргізуші: Уа жарандар, жарандар. Міне бізге
қараңдар, Мінеки залда тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны біз де
қоштаймыз. Кешіккендерді тоспаймыз Ғылымдардың ғылымы
Физика-математика жолында Сайысымызды бастаймыз.
2.
Жүргізуші: Келдік міне біз бүгін, Түсейік деп сайысқа Алғырлықпен
жалықпай, Келіңіздер жарысқа-дей отырып, "Математика-физика әлеміне
"атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын
әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.(Физика-математика пәні
мұғалімдері). І тур.
Әр
команда өзін таныстырып өтеді. 1 Жүргізуші: Таныстыруды 1-ші болып
"Лейбниц "тобы, 2-ші болып "Эврика "тобы таныстырады. (бағалауда ең
жоғары 5 ұпай ). ІІ тур.
Әр топқа
5 сұрақ оқылады (математика) 4 сұрақ (физика) (бағалау әр сұраққа 5
ұпай) 1. Лейбниц тобы (10 сынып)
1.
Жазықтық қалай аталады ? 2. Түзу мен жазықтық қай кезде параллель
болады ? 3.Үш перпендикуляр дегеніміз не ? 4. Туындының
геометриялық мағынасы ? 5. Кеңістікте жазықтықтар қандай жағдайда
өзара болады ?
Физика
пәні бойынша 4 сұрақ: 1. Механикалық кернеу деген
не? 2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. 3. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі.
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы
2.
"Эврика" тобы (9 сынып) 1. Косинустар теоремасын айт.
2.Үшбұрыштарды шешу деп нені айтады ? 3. Синустар теоремасын айт.
4. Үшбұрыштар теңдізінің үш белгісін айт. 5. Көпбұрыштың сыртқы
бұрышы деп нені айтады ? Физика пәні бойынша 4
сұрақ: 1.Ньютонның ІІ заңы және
формуласы. 2. Электр сымы неден жасалған ? 3. Барометр ішіндегі
сұйықтық не ? 4. Математикалық маятник дегеніміз не?
2-Жүргізуші:
ІІІ
тур. Ал, оқушы ұстаздар, Ортаға
назар салайық Сайыскерлер шықпас сайысқа, Қол соғып қарсы алайық.
Әр топтан бір оқушы шығып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын
қорғайды. ( бағалау жоғары ұпай -10)
1-Жүргізуші:
ІV
тур. Эстафеталық жарыс. (математикадан 5 есеп,
физикадан 4 есеп беріледі) Әр оқушы бір есептен шығарады. Дұрыс
жауапқа 5 ұпай). Есептеп сайысады қос команда Алға озар ең мықтысы
осы жолда Көпшілік өнерлерін қызықтамақ Сұрайын шығуларын жұрт
алдына- дей отырып, ортаға дайын болған топтарды
шақырамыз.
Лейбниц тобы (10 сынып)
1.Функция
жұп па, тақ па? f(х)═0,5х3-5х2
2.
Өрнекті ықшамда:
3.Өрнектің мәнін тап: аrс ) + аrс )═ 4.Теңдеуді шеш: 2 ═1 5.Туындыны есепте: f(х)═3х+ Физика есебі: 1. Жарықтандыру желісінде пайдаланылатын мыс
сымның ұзындығы 100м. Көлденең қиманың ауданы
2мм2. Осы сымның кедергісі қандай
? pм
═0,017Ом*мм2
/м. 2.
Кедергісі 10 және 15 Ом екі өткізгіш параллель қосылған және 12 в
кернеуге тіркелген. Әрбір өткізгіштегі ток күшін анықта.
3.Тізбектегі ток күші 0,5А, ал кернеу 12В болса, электр тогы 30
минут ішінде қандай жұмыс атқарады ? 4. Электр үтіктің
қысқыштарындағы кернеу 220В , үтіктің қыздырғыш элементінің
кедергісі 50 Ом. Қыздырғыш элементтегі ток күші неге тең
?
"Эврика" тобы 1. Теңдеулер жүйесін шеш:
5х-2у═-12
3х+4у═-2
2.Ықшамда: (sinα+cosα)2
+(sinα-cosα)2
═ 3.
Берілгені: а1
═-3,
d═0,7 Т/к: а11
-? 4.
Берілгені: в6
═-3, q═3
Т/к: в1
-? 5.
Өрнектің мәнін анықта: sin3900
Физика
есебі: 1. Реостат қосылған тізбектегі ток күші 3,2А. Кернеу 14,4В.
Реостаттың ток жүріп тұрған бөлігіндегі кедергісі қандай ? 2.
Берілгені: m═8кг, F═ 2Н Т/к: а-? 3. 5 секундтағы нүкте10 тербеліс
жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігін табыңдар. 4. Ток күші 5А
болғанда контурдан өтетін магнит ағыны 0,5*10
2 Вб болса, оның индуктивтігі
неге тең ?
2-Жүргізуші: V тур. Дүниедегі құбылыстың
мәнінде Табиғаттың қозғалысын бәрі де Мүмкін емес физикасыз түсіну
Физика дүние кілті бүгін де-деп, әр команда физикалық құбылыс
көрсетеді. Ал оның құпиясын қарсы команда шешеді. (шешімін
тапқандарға 5 ұпай)
1-Жүргізуші: V
тур. 1. Сандардың біз сырына
үңілеміз Үйренбеген достардан түңілеміз Білгеніңді бұл пәннен
жасырыңдар Бүгін достар әрине жеңілеміз. Әр команда математикалық
фокус көрсетеді. (жоғары ұпай 10) 2-Жүргізуші: VІ тур. Өнер
сайысы. Әр команданың жанкүйерлері
бір өнерін көрсетеді. 1-Жүргізуші: VІІ
тур. Команда капитандары сайысы.
Екі топтың капитандары есеп шығарады. (дұрыс есепке 5
ұпай)
2-Жүргізуші: Білім деген биік шың Бақытқа
сені жеткізер, Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер-деп бүгінгі
білім сайысын қорытындылай отырып, әділ қазылар алқасына сөз
беріледі. Сабақты қорытындылау. Жеңімпаз команданы
марапаттау.