2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Математика-физика мамандығын таңдау себебім»

«Математика-физика мамандығын таңдау себебім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе «Математика-физика мамандығын таңдау себебім» Мамандық таңдау – әр адамның өмірінде болатын жауапты, әрі маңызды іс. Себебі , ол адамның болашақ өмірі, нанын тауып жегізетін табыс көзі. Кез-келген адам, бала кезінен бастап болашақта кім болатыны жайлы армандағаны сөзсіз... . Бірі бала кезінде дәрігер, бірі аспаз, ал енді бірі ұстаз болғысы келеді. Мен ұстаз, дәрігер, дизайнер болғысы келетіндердің қатарында жаттым. Мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сыныпты бітіріп, алғаш ағылшын тілін үйрене бастағанда, бұл пән сүйікті пәніме айналды. Сондықтан, болашақта ағылшын тілі пәні мұғалімі болуды ойлайтынмын , бірақ та бұл көпке созылмады,өкінішке орай.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті



Математика және ақпараттық технология

факультеті 6B01502 Математика-Физика білім беру

бағдарламасының пән мұғалімі:Кервенев Қабылғазы Ережеп

1-курс білім алушысы: Абдуллаева Сарвиноз Тулкуновна



Эссе

«Математика-физика мамандығын таңдау себебім»

Мамандық таңдау – әр адамның өмірінде болатын жауапты, әрі маңызды іс. Себебі , ол адамның болашақ өмірі, нанын тауып жегізетін табыс көзі. Кез-келген адам, бала кезінен бастап болашақта кім болатыны жайлы армандағаны сөзсіз... . Бірі бала кезінде дәрігер, бірі аспаз, ал енді бірі ұстаз болғысы келеді. Мен ұстаз, дәрігер, дизайнер болғысы келетіндердің қатарында жаттым. Мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сыныпты бітіріп, алғаш ағылшын тілін үйрене бастағанда, бұл пән сүйікті пәніме айналды. Сондықтан, болашақта ағылшын тілі пәні мұғалімі болуды ойлайтынмын , бірақ та бұл көпке созылмады,өкінішке орай. Жоғарғы сыныпқа көшкенде ,яғни 9 сыныптан бастап, менде мамандық таңдау бойынша ой толғаулар жүре бастады. «Егер ағылшын тілін таңдасам?», « Жақсы маман иесі болсам?», «Әлемдік тіл болғандықтан ағылшын тілі маған әр тараптан көмек көрсетеді» - деп ойладым.Бірақ ағылшын тілін барлығы үйреніп жатыр, ағылшын тілін жақсы білсем - «Бұл маған ағылшын тілі мұғалім бол деген сөз емес, бұл пән маған деңгейімді дамытуға көметеседі, яғни артық етпес» - деп мамандығымды өзгерттім.

Ал енді Қай манмандық деп ойлайсыз?

Мен мұғалім болу арманымды өзгерткен жоқпын, жәй ғана пәнді ауыстырдым. Әлемге басқа көзбен қарауды қаладым.

Ал енді неге мұғалім деген сұрақ туады, ия? Мұғалім болу, айта кеткенімдей бала кезден бергі арманым болды. Шәкірттерді жаңа нәрсеге үйретіп, сол үйреткеніңді болашақта игі істерге қолданды дегенді естігенде бір марқайғанға не жетсін?!Сонымен қатар, өзіме балалармен жұмыс істеген қатты ұнайды. «Жақсы мұғалім – шәкіртіне есік ашады, ал жаман мұғалім – ашылған есікке итермелейді» дегендей, болашақта шәкіртіме есік ашар жақсы мұғалім болғым келеді.сол үшінде мұғалім қалпында қалдым.

Қай пән мұғалімі екенін білгіңіз келеме?

Бұл пән - ғылымдардың іргетасы, әрі ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік пішіндері жайлы ғылымды зерттейді. Математика пәні - бұл мен таңдаған мамандық болды. Неге математика пәні ? Менің әкем математик ,ал әкемнің атасы,яғни атам да әйгілі математик болған, тіпті оның сүреттері мектеп тақтасында асылып тұрады. Енді өзіңіз ойлаңыз, неге математика пәнін таңдағанымды. Бұл монархия сияқты, атадан балаға берелетін қабілет болып келеді. Менде де осындай, математика саласына деген қызығушылығым артып , әрі ата кәсібін жалғастыруды қаладым. Шынымды айтсам, мен «Физика» пәніне қызығушылығым жоқ еді. «Ұлттық Біріңғай Тестілеу» ге Математика пәні мұғалімі болу үшін Физика пәнінде қоса тапсыру керек еді. Мен Физика пәнін меңгеруді бастадым, көп уақыт өтпей бұл пәнге деген қызығушылығым арта түсті. Әрине Эйнштейн оқиғаларын тыңдап, Ньютон және басқа ғұламалардың формулары, заңдары тікелей табиғатқа, өмірге байланысты болғандықтан бұл пәнді яғни Физика пәніне деген сүйіспеншілігім артты.

Бұл екі пән МАТЕМАТИКА және ФИЗИКА бүкіл салада, әрі өмерде қатар қолданылатын бәріміз білеміз. Енді өзіңіз ойлап көріңізші, сіз және біз Математикасыз ғұмыр кешіре аламызба? Барлық өмірдегі тіршілік иесі – қандай да бір формулалар арқылы , барлығы есепке алынып , жаратылған. Математиканы кез келген ғылым саласына енгізсеңіз , оған жан бітіп, бойына қан жүгіреді. Ол бізді қоршаған ортаны танып – білуге, заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытындылап айтатын болсам, Мен бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Енді осы мамандықты әрі қарай меңгеріп , әкем сияқты , атам сияқты әйгілі математик болуды қолға алып , оқушыларға өзімдегі білімненде артық беруді қалаймын. [475 cөз]

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!


1


19 Қаңтар 2025
102
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі