2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Математика ,информатика апталығынын қортынды кеші

Математика ,информатика апталығынын қортынды кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәніне оқушылардың қызығушылығын ояту
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Математика, информатика онкүндігінің қорытынды кеші.

8,9,10 сыныптар

( күй орындалып, кеш басталады)

1 жүргізуші.

Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлар ғарышқа,ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика- ғылым бұл,

Сондықтан да,сондықтан сол ғылымның тілін біл!-дей келе, математика, информатика пәндерінің онкүндігінің«Логика және сандық технология әлемінде» атты қорытынды кешіне қош келдіңіздер ! Кешімізде Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері профессор, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану ғылымдарының оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Мустафаев Әбдіқади Пірмағанбетұлы ортамызда

жүргізуші

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кидірген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Әбдіқади ағайымызды сахна төріне шақырамыз

(Ағайды таныстыру)

Мустафаев Әбдіқади Пірмағанбетұлы -1956 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,Жосалы кентінде дүниеге келген. Орта мектепті1974 жылы бітіргенен кейін,еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, студент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді.

1975-1977 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында отан алдындағы борышын өтеді.

1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік унверистетін бітіріп, жолдама мен Семей ет және сүт өнімдері технологиялық институтының « Жоғарғы математика» кафедрасына оқытушылық қызметке орналасқан.Одан кейін Семей қаласы жоғарғы оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, физика- математика ғылымдарының кандидаты,доцент, профессор, кафедра меңгерушісі

Халық аралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі,Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

500 –дің үстінде ғылыми –көпшілік, оқу әдістемелік еңбектердің авторы.

Сонымен қатар студент жастарды тәрбиелеп оқытуда еңбегін қалалық әкім, маслихат, универиситет әкімшіліктері бірнеше мәрте мақтау громаталары, алғыс хаттарымен, түрлі сыйлықтармен марапатталған.

«Шәкәрім» атындағы естелік төс белгі иегері.

2013 жылдың тамыз айынан бастап «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның Алматы облысы бойынша ПҚБАЙ-ның кафедра меңгерушісі.

Сонымен қатар әңгімелер мен өлең жазумен де айналысады. Біздің ағай, біздің агай тамаша, біздің агай осындай.

жүргізуші

Әбдіқади ағайдын құрметіне кеше гана өткен туған күнімен құттықтай отырып баршамыздың атымыздан ән шашуымызды тарту етеміз.

« Мектебім» әні Орындайтын 6а сынып оқушылары Аружан мен Еркежаның әнін тамашалайық.

ІІ жүргізуші

Кешіміздің алғы сөзін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, білгір ұстаз, білікті басшы мектебіміздің директоры Ижанова Гүлзира Болатқызына береміз.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй деп- Абай атамыз айқан тағы бір әсем әнге кезек берелік.

Ән: орындайтын 5б сынып оқушысы Жубай Ғазиз.

ІV. Дарынды оқушыларды шақыру

Мұғалімнің айтқаның

зейін қойып тындайды

қажетті оқу –ілімін

ойын түйіп, жинайды

өлең тақпақ жырларды

тез ақ жаттап алады.

Қиында қызық есепті

Шемішкеше шағады

Уақытын босқа өткізіп

Сабақтан да қалмайды

Тапсырманы кез- келген

Орындайды ұқыпты

Дарынды оқушы осындай.

Алдарынызға мектебіміздің дарынды оқушыларын шақырамыз.

(дарынды оқушылар өздерін таныстырады.


Дарынды оқушылардың атынан 9 сынып оқушысы

«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңін оқиды.


«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға демекші келесі сөз кезегін

«Үздік ұстаз», « Ұлағатты ұстаз» төс белгі иегері, білікті ұстаз, үлгілі басшы, дарынды оқушы жетекшісі мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Ибраимова Алмагүл Нұрқасымовнаға береміз.


Әрбір айтқан сөздерінің өсиет,

Тұғыр көрген әрбір адам бас иет.

Біз үшінде тұғыр болып каласыз

Сізге қарап бой түзейді ,көп ұрпақ,

Себебі сіз биік тұлға , биік шыңсыз біз үшін.

Әбдіқади ағай тек математик емес, ол ақында, жыршыда, жазушыда, сондықтан мектебіміздің оқушылары ағай өлеңдерінен үзінді оқиды

Бүгінгі кешіміздің басты кейіпкері Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері профессор, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану ғылымдарының оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Мустафаев Әбдіқади Пірмағанбетұлына сөз кезегін береміз.

  1. «Күлдіре білу- өнер, күлкі болу -өлім, күле білу –өмір» деген екен халық даналығы. Ендеше келесі кезекте 8 а сынып оқушыларының «Ғаламтордың касіреті» тақырыбына дайындаған көңілді тапқырлар клубының әзіл шыңы аралас қойылымын тамашалаңыздар.


«Ұстазы жақсының, ұстамы жаксы десекші..

Ғалия апайдың оқушысы Дамирдың орындауында «Батырлар үні» әнін тамашалайық

Ұстазым менің, Қамқорым едің,

Баулыған осы өнерге, Жүрегің дархан,

Өзіңнің арқаң, Биікке шықсам егерде. Д еп ақын ағамыз жырлағандай Келесі сөз кезегін мектебіміздің «математика, информатика» бірлестігінің жетекшісі, ұлағатты ұстаз, « мәртебелі ұстаз» төс белгі иегері Галия Жарылкановнаға және мектебімізді білікті математика пәнінің мұғалімі Гүлжанат Амангельдиновға сөз кезегін береміз.

« Қазақтың баласы» әнімен алдарынызда Жубай Газиз.

Біздің ағай ғалым адам тамаша

Ғалымдығына сан жетпейді ау санаса

Ұстаздарын силайтыны соншалық

Ұстаздарға үйретуден шаршамайды қашанда

Біздің ағай, біздің ағай тамаша

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Кездесуіміз бүгінгі аяқталды. дей отырып Әбдіқади Пірмағанбетұлы ағайымыздан бата алайық.









22 Желтоқсан 2017
821
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі