Математика және физика пәндері бойынша кіріктірілген интеллектуалдық сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика және физика пәндері бойынша кіріктірілген интеллектуалдық сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс математика және физика пәндерінен кіріктірілген интеллектуалдық сайысы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Іс-шара тақырыбы:

Физика және математика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін «Дарабоз» интеллектуальдық сайысы

Күні:


Мектебі:


Педагог:


Сынып:

9-11 сынып


Іс-шара мақсаты

Оқушылардың оқу мотивациясын көтеру, білім қорын молайту, бәсекелестік қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді шешуге, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға, патриот болуға тәрбиелеу.


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!   Бүгін 9- 11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылып өткізгелі отырған «Дарабоз» интелектуальды сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымыздың ерекшелігі математика және физика пәндерін ұштастыра отырып білімімізді шыңдаймыз.

Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайыс бөлімдерімен таныстыра кетейік.

  1. Кіріспе.Таныстыру. Қатысушы оқушыларды іріктеу

  2. «Жекпе-жек». Өлшем бірліктер /1/16 финал, /

  3. «Ойы жүйрік –ұтымды жауап береді» /1/8 финал, куизтест/

  4. Сергіту сәті. Байқампаздықты, логиканы шыңдау «Лагердегі демалыс»

  5. «Формуланы анықтау» сәйкестендіру. /1/4 финал/

  6. «Дарабоз». Практикалық тапсырма /1/2 финал /

  7. Қорытындылау.


Сайыс ережесімен таныстырып өтейін. Бір кезеңнен екіншісіне үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ғана өтеді. Яғни, бірінші кезеңнен екіншісіне 8 оқушы, екіден үшке 4 оқушы, үштен төртке 2 оқушы, финалда физика –математикадан ең үздік оқушыны анықтаймыз.

Бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды іріктеп тест алғанбыз. Тест нәтижесі бойынша мына оқушыларды ортаға шақырамыз.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Сәттілік тілеп бәріне,

Қол соғып, қошеметпенен сайысымызды бастаймыз.

Сайысты бастамас бұрын, қатысушыларды екі-екіден жұптап алайық

Амандасу, стикерлер арқылы жұпқа бөлінеді

Алақан соғу, қошемет

презентация

1 бөлім

1-кезең. 16 оқушы, 8 жұп.

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Жауабын анықтап берейік.

Бұл кезең «Жекпе-жек» деп аталады. Жұптағы оқушылар бір-бірімен сынасады, жеңген оқушы келесі кезеңге жолдама алады. Екі оқушығада ортақ сұрақ қоямын, жауабын білетін оқушы белгі беріп қарсыласынан бұрын қимылап қалуы керек. Жылдамдық пен ұшқырлық сыналар кез келді. Сұрақтар өлшем бірліктерден қойылады. Жалпы бес сұрақ.


Сұрақтаға тез жауап береді.

Үздік оқушы келесі кезеңге өтеді.

1 сұраққа 1 жетон

презентация

2-бөлім

2- кезең. 8 оқушы.

«Ойы жүйрік –ұтымды жауап береді»

Компьютерде Quizzy тест бағдарламасында математикалық сауаттылықтан тест тапсырады. Уақытты үнемдеген балы жоғары 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.

8 минут уақыт беріледі. Нәтижесін бағдарлама өзі шығарады. Қатысушылар тест тапсырып отырғанда, көрермендермен «лагерде демалғанда» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты суретке назар аудара отырып, сұрақтарға жауап беру.

Тест шешеді.

Сұрақтарға жауап береді.

1 сұраққа 1 балл

Презентация

Куизтест бағдарламасы

3-бөлім

«Математиканың өз тілі бар. Ол-формула» деп С. Ковалевская айтқандай бұл кезеңде кімнің қаншалықты формула білетіні сыналады. Формуланы білу математикада да, физикадада есеп шығаруда шешуші рол атқарады. Алдарыңыздағы құрылғыларды пайдаланып формулаларды аттарымен сәйкестендіреміз. Жылдам әрі дұрыс жауап берген екі оқушы финалға жолдама алады.

Формулаларды атауымен өлшембірілгімен сәйкестендіреді. 4 оқушыға екі нұсқада 7 формула берілген.


әрдұрыс сәйкестендірілген формулаға 3 балл. Толық дұрыс жауапқа 21 балл

Үлестірме

Плакат

А4

4-бөлім

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына-деп шешуші кезеңге өтейік.


Жасалған тәжірибеге мұқият зер салып, физикалық, математикалық тұрғыдан түсінік береді. Екі тәжірибе бойынша сұрақтарға жауап айтады.

1 тәжірибе 5 балл


2 тәжірибе 3 балл

Презентация

Плакат

Тарелка майшам сіріңке су стакан


Қорытынды.

Сайыстар нәтижесі бойынша жеңімпаз оқушы анықталады


Оқушылар сайыстан алған әсерлерімен «Еркін микрафон» «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы бөліседі.


Қатысушыларға сыйлықтар, мақтау қағазы.

Мадақтама



Сабаққа қосымша материалдар



Физика , математикадан тест. Іріктеу кезеңі

І нұсқа

1.Қуаттың өлшем бірлігі?

А) Ватт

В)Вольт

С)Джоуль

Д)Паскаль


2.Жұмыстың формуласысын тап?

А) A=F*S

В)A=mgh

С)A=N*t

Д) Барлық жауап дұрыс


3.Аспан денелерін зерттейтін ғылым

А) Астрономия

В) Космология

С)Күн жүйесі

Д)География


4.Ең қарапайым өлшеу құралы

А) Вольтметр

В) Сызғыш

С) Мензурка

Д) Секундомер


5.Молекулалары ретсіз орналасуы қалай талады?

А) Кристалл денелер

В) Аморф денелер

С) Материя

Д) Дене


6. Квадраттық функция графигі қандай қисық сызық болады?

А) гипербола

В) парабола

С) шеңбер

Д) кубтық парабола


7. 180 санының 20% неше болады?

А) 8

В) 16

С) 36

Д) 9


8. 23. Бір сиырды бес қойға, ал екі қойды үш ешкіге айырбастайды. Екі сиырды неше ешкіге айырбастайтынын табыңыз.

А) 30 В) 15 С) 14 Д) 20


9. Жансая 3 дәптер мен 4 қалам сатып алу үшін 85 теңге, ал Аружан 7 дәптер мен 2 қалам сатып алу үшін 125 теңге төледі. Дәптердің бағасын табыңыз.

А) 13 теңге В) 12 теңге С) 10 теңге Д) 15 теңге


10. Арман 3,6 км қашықтықты өту үшін дөңгелек тәрізді спорт алаңын 40 рет айналуы керек. Спорт алаңының диаметрін табыңыз. (π=3)

А) 42 м

В) 36 м

С) 30 м

Д) 40 м


Физика, математикадан тест. Іріктеу кезеңі

ІІ нұсқа

1.Қысым дегеніміз не?

А) дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш

В)әртекті сұйық бағандарының биіктіктері олардың тығыздығына кері пропорционал

С)жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама

Д)денеге әрекет ететін күштің өз иініне көбейтіндісі


2. Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасы қандай?

А)2000 кг

В)500кг

С)1000кг

Д)1500кг


3.Физика сөзінің мағынасы қандай?

А) Жер

В) Күн

С)Электр

Д) Табиғат


4. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денемен салыстырғандағы бастапқы орнын өзгертуі ...

А) Материялық нүкте

В)Орын ауыстыру

С)Қозғалыс траекториясы

Д)Механикалық қозғалыс


5.Массаның өлшем бірлігі

А) Килограмм

В)Ньютон

С)Ватт

Д)Паскаль


6. Трапеция дегеніміз не?

а) Қарама-қарсы қабырғалары қос –қостан параллель болатын төртбұрыш

В) Табан қабырғалары параллель болатын төртбұрыш

С) барлық қабырғалары тең болатын төртбұрыш

Д) Қарама қарсы бұрыштары тең болатын төртбұрыш


7. 160 санының 20% неше болады?

А) 8

В) 16

С) 32

Д) 20


8. √21 саны екі натурал санның арасында орналасқан. Осы екі натурал сандардың қосындысын табыңыз.

А) 15 В) 9 С) 11 Д) 7


9. Жандос, Дастан, Шыңғыс, Әлішер және Аңсар мектепке келгенде бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қанша қол алысу болғанын анықтаңыз.

А) 10 В) 20 С)8 Д) 5


10. Цифрлары әртүрлі болатын ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.

А) 899 В) 685 С) 660 Д) 885



Жекпе-жек. Өлшем бірліктер

1 жұп

  1. 1 дм-де неше миллиметр бар? /1дм=10cм=100мм/

  2. нано10-ның неше дәрежесі? /10-9 /

  3. Еркін түсу үдеуі неге тең? /g=9.81m/c/

  4. 100м неше км болады? /0,1 км /

  5. Жұмыстың өлшем бірлігі? /Джоуль/


2 жұп

  1. 1га неше шаршы метр болады? /1000 м2/

  2. 1 сағатта неше секунд бар? /3600с/

  3. Гига 10-ның неше дәрежесі? /109/

  4. Пи санының мәні неге тең? /3,14/

  5. Электр қуатының өлшем бірлігі? /Ватт/


3 жұп

  1. Милли 10-ның неше дәрежесі? /10-3/

  2. Гравитациялық тұрақты 6,67*10-11Нм2/кг2

  3. Электр тогы кедергісінің өлшем бірлігі ? /Ом/

  4. 1 м неше см? /100см/

  5. 30 минут неше сағат болады? /жарты сағат/


4 жұп

  1. 80 минут неше сағат ? / сағат/

  2. 5 га неше шаршы метр? /5*1000=5000 м2/

  3. Қысымның өлшем бірлігі? /паскаль/

  4. Ауданның өлшем бірлігі /гектар, км2, м2,т.с/

  5. 3 МДЖ (мега джоуль) неше джоуль болады ? /3МДж=3*106Дж


  1. жұп


1.1нПа /нанопаскаль/неше паскаль болады?/1*10-9па

2.Жарықтың вакумдағы жылдамдығы неге тең? 3*108 м/с

3.6 га неше шаршы метр болады? /6*1000=6000 м2/

4.Ұзындықтың өлшем бірлігі /км, м, см, мм/

5.90 минут неше сағат? /1,5 сағат/


6 жұп


  1. Кернеудің өлшем бірлігі /Вольт/

  2. 3,5 сағатта неше минут бар? /210 минут/

  3. 100 см неше метр болады? /1м/

  4. Тера онның неше дәрежесімен жазылады? 1012

  5. 1 км/ сағ неше м/с болады? 1000/3600 м/с=5/18м/с


7 жұп


  1. 4 сағатта неше минут? /4*60=240мин/

  2. Гига онның неше дәрежесі? /109/

  3. Кедергінің өлшем бірлігі /Ом/

  4. Еркін түсу үдеуі /9,81 м/с2 /

  5. 250 метр неше км болады? /0,25км/


8 жұп

  1. Милли 10-ның неше дәрежесі? /10-3/

  2. Жұмыстың өлшем бірлігі? /Джоуль/

  3. 90 минут неше сағат? /1,5 сағат/

  4. 1 м/с неше км/ сағат болады? /3,6 км/сағ/

  5. Пи санының мәні /3,14/


Байқампаздықты, логиканы шыңдау «Лагердегі демалыс»

Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді


  1. Бұл лагерьде қанша турист тұрады?

  2. Олар мұнда қашан келді: бүгін немесе бірнеше күн бұрын?

  3. Олар мұнда неменемен келген?

  4. Лагерден ең жақын ауылға дейін алыс па?

  5. Жел қай жерден соғады: солтүстіктен бе, оңтүстіктен бе?

  6. Күннің қай мезгілі?

  7. Шура қайда кетті?

  8. Кеше кім кезекшілікте болды (атын атаңыз)?

  9. Бүгін қай айдың қай күні?



  1. Төрт. Мұқият қарасаңыз: 4 адамға арналған ас құралдары, кезекші тізімде 4 есім бар.

  2. Ағаш пен шатырдың арасындағы торға қарағанда, жігіттер бірнеше күн бұрын келді.

  3. Қайықпен, ағаштың жанында ескектер бар.

  4. Жақын, өйткені тауық көрінеді, бұл ауыл жақын жерде екенін білдіреді.

  5. Оңтүстіктен. Шатырда желдің қайдан соғатынын анықтауға болатын жалауша бар. Суретте ағаш бар: бір жағында бұтақтар қысқа, екінші жағында ұзағырақ. Әдетте, ағаштың оңтүстік жағындағы бұтақтар ұзынырақ.

  6. Таңертеңгі уақыт. Алдыңғы сұрақта біз солтүстік-оңтүстік қай жерде екенін анықтадық, енді шығыс-батыстың қай жерде екенін түсініп, объектілердің түсіретін көлеңкелеріне қарай аласыз.

  7. Ол көбелек аулап жүр. Шатырдың артында көбелек аулайтын тор көрінеді.

  8. Коля. Бүгінде Коля «К» әрпі бар рюкзактан бірдеңе іздеп жүр, Шура көбелектерді аулауда, ал Вася табиғатты суретке түсіруде (өйткені «В» әрпі бар рюкзактан фотоаппараттың штативі көрінеді). Сонымен, бүгін Петя кезекшілікте, ал кеше тізім бойынша Коля кезекшілікте болды.

  9. 8 тамыз. Ал шалғында қарбыз бар, қарбыз тамыз айында пісетін болғандықтан, бұл тамыз дегенді білдіреді.





Неліктен жоғары вольтты сымда отырған құс тоқ соғудан өлмейді?

Құстардың денесі электр тоғын жақсы өткізбейді. Сымға аяқтарымен қонып, параллель қосылу жасайды, бірақ ол ең жақсы өткізгіш болмағандықтан заряттар кабель бойымен жүреді. Құс жерге тұйықталған затқа тиген кезде өледі.


Суды өткізгіштен оқшаулағышқа айналдыруға бола ма?


Ия, болады.Тоқ өткізгіш су молекуласы емес оның құрамында болатын тұздар.Дәлірек айтсақ олардың иондары. Оларды жойса су электр өткізу қабілетін жоғалтады және оқшаулағышқа айналады. Тазартылған су диэлектрик болады.









«Формуланы анықтау» сәйкестендіру. /1/4 финал/


Рисунок 1













«Дарабоз». Практикалық тапсырма /финал /


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі