Математика және логика факультатив 1 класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика және логика факультатив 1 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін тереңдету, пәнге қызығушылығын арт-тыру мақсатында математика пәнінен « Математика және логика » атты таңдау сабақ бағдарламасын алдым. Бұл бағдарламаға пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтер мен логикалық тапсырмалар енгізілген . Логикалық тапсырмалар сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі тапсырмалар оқушы-ларды жалықтырмайды . Оқушылар танымдық тапсырмаларды әр түрлі тәсілдермен шешу жолдарын үйренуге мүмкіндік алады . Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түсінік хат

Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін тереңдету, пәнге қызығушылығын арт-тыру мақсатында математика пәнінен « Математика және логика » атты таңдау сабақ бағдарламасын алдым. Бұл бағдарламаға пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтер мен логикалық тапсырмалар енгізілген .

Логикалық тапсырмалар сан жағынан бай бола отырып, ойлау және ақыл жүгіртуді көп талап етеді. Түрлі тапсырмалар оқушы-ларды жалықтырмайды . Оқушылар танымдық тапсырмаларды әр түрлі тәсілдермен шешу жолдарын үйренуге мүмкіндік алады .

Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуғаарналған.
Мақсаты:

Оқушылардың математикалық мәдениетін көтеру. Математика пәнін қызығушылықпен оқып – үйренуге ынталандыру . Өз бетін-ше жұмыс істеуге, зейінің дамытуға, ойша тұжырым жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Міндеттері:

бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сай мүмкіндік деңгейіндегі білімін қалыптастыру; математикалық санамақ, өлең, жаңылтпаштар жаттау арқылы оқушылардың тілін дамыту;  

логикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мен қалыптастыру;

таңдау сабақтың талабына қажет білім, білік, дағдыларын меңгерту.

- логика туралы ұғым 
- логиканы есептер шығарғанда қолдана алу
- құрастыруға берілген есептерді шығара білу
- әртүрлі фигураларды қолдана алу
- басқатырғыш есептер шығарудағы мүмкіндіктерін дамыту.
Күтілетін нәтижесі:

-Бұл бағдарламада танымдық тапсырмалардың бірнеше түрлері қарастырылды. Осы танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың математикалық тіл байлықтары жетіледі.

-Тапсырмалар баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады , ақыл-ой деңгейін қалыптастырады. Жұмыс жасау кезінде баланың бойындағы қорқыныш пен қате жасап қоямын-ау деген мазасыз ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды.

-Сонымен қатар баланың танымдық белсенділігі мен шапшаңдылығы арта түседі. Оқушылар өз ойын дәлелдеуге үйреніп, жалықпайды және тапсырманы орындау барысындағы жылдамдықтары артады.

-Оқушылар алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана алады да, соған іс-әрекет жасауды үйренеді.







Тақырыптық жоспар .35 сағат

Тақырыбы

Сағ.

саны

Мерзімі

Балалардың даму деңгейін анықтау.

1

5.09

Қызықты суреттер. Анықтап шық.

1

12.09

Талдау және жинақтау. Тіл дамыту. Менің ойыншығым.

1

19.09

Ширату. Қайсысы артық? Не өзгерді?

1

26.09

Ширату. Зейінмен жұмыс.

1

3.10

Ширату. Сөйлемді аяқта. Артығын тап.

1

10.10

Ширату. Сәйкестендір.

1

17.10

Ширату. Анықта, дәлелде, сұрақ қой.

1

24.10

Ширату. Топтастыр.

1

7.11

Салыстыру. Айырмашылығын тап.

1

14.11

Ширату. Сайқымазақ.

1

21.11

Ширату. Жыл мезгілдері. Сыңарын тап.

1

28.11

Ширату. Суретті аяқта. Сөз ойла , тез ойла.

1

5.12

Мөлшерді зерттеп салыстыру. Ширату. Ортақ және айырмашылық.

1

12.12

Жүйелеу. Ширату. Үлкен-кіші. Заңдылықты сақта.

1

19.12

Ширату. Не өзгерді?

1

26.12

Ширату. Заңдылықты сақтап, өз ойыңды жеткіз.

1

9.01

Ширату. Көкөністер мен жемістер. Не артық?

1

16.01

Ширату. Не жоқ? Мағынаны ажырат.

1

23.01

Ширату. Ретімен орналастыр.

1

30.01

Шектеу. Ширату. Сұрақ-жауап. Сөздер қатарын толықтыр.

1

13.02


Ширату. Жұмбақтар.

1

20.02

Ширату. Апта күндері. Тең, артық, кем.

1

27.02


Терістеу. Мойындамау.

1

6.03

Ширату. Екі шындық, бір өтірік.

1

13.03


Ширату. Пішіндермен жұмыс. Қиял.

1

20.03

Талдап қорыту. Ширату. Жұмбақтар әлемінде

1

27.03

Ширату. Ортақ белгісін тап.

1

03.04

Қорытындылау. Ширату. Сөздер шынжыры.

1

10.04

Сұрыптау. Таңдап алу

1

17.04

Ширату. Менің көңіл- күйім.

1

24.04

Ширату. Біріктір, ажырат.

1

8.05

Ой тұжырым.

1

15.05

Қорытынды

1

22.05

Жыл бойына өткенді қайталау

1

29.05








Пайдаланылған әдебиет

  1. Математикадан тест жинақтары . ­- 2001-2009 ж.ж.

  2. Жанасбаева  Ұ.Б. Логикалық  және  комбиноторикалық  есептер. – Алматы, 2017 ж .       

  3. А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева. Қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру. -Алматыкітап баспасы, 2012ж.

  4. Ұ.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. – Алматы, 1997 ж.

  5. А.Құралұлы. Ұлттық дүниетаным. – Алматы, 2002 ж.

  6. Б.М.Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. – Алматы, 1998 ж.

  7. «Ойнайық та ойлайық». – Алматы,1996 ж.

  8. Қызықты математика. – Алматыкітап, 1998 ж.

  9. К. Ерешева, Г.Жамалбекова. Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары. – «Өлке» баспасы. – Алматы, 2009 ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2023
2764
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі