400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика және қазақ тілі ,әдебиеттік оқу ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерине сабақ жоспарына және ашық сабаққа пайдаланады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:Қарабекова Ғ



Сабақтың атауы

Арифметикалық амалдар.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар.үлестірмелер

Жалпымақсаттар

Арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу

Оқыту  нәтижесі

Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

Мысал 5

10:2*7+678=713

500-9*7+45=482

987-546+135=576

458+297-599=156

2. Тірек білімдерін белсендіру.

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс.

1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?

10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес)

1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді)

12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)

24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар)

2). № 1. Ауызша. (жылдамдыққа ұжыммен)

750 + 10 = 760 900 – 130 = 770 110 + 55 = 165

230 + 20 = 250 800 – 450 = 350 250 + 550 = 800 т.с.с.

3). Таза жазу. 3, 4, 5.цифрынан үш таңбалы сан құрастыру. (345, 354, 435, 453, 534, 543)

№ 2. Жазбаша есепте және дұрыстығын тексер. (тақтада есептеу түсіндіре шығару)

69 9 = 621 621 : 9 = 69 621 : 69 = 9 (компоненттердің атауын атау.) 4). Жұппен жұмыс

. № 3. Өрнектер жаз және олардың мәнін тап.

А). 256 : 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19 ә). 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253 б).(176 + 412) : 6 = 98

Оқушылар тақтаға шығып,есептер шығарады.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.

1Shape2 кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель

Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис

Шоколад - ? 1000 – 650 =350(г) шоколад.

Жауабы: 350 г шоколад

№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару.

Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала.

Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр.

1000 – 250 < 1000 – 25 630 + 300 + 20 > 630 + 30 + 200 90 + 110 > 80 + 120

ҮІ. Бекіту. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ...Шығармашылық тапсырма.№ 8 кесінділер сызу.




Сергіту сәті

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Екі қатарға лездік 5 сұрақтан қойылады.

               1 қатар

1. 5ондықты 3есе арттыр

2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан

3. 6ондықтан 2 есе артық сан

4. 1дм-де неше см бар?

5. 30 бен 50-дің қосындысы

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.           

    2 қатар

1. 3 ондықты 2 есе арттыр

2.  93-тің алдында келетін сан

3. 1 сағатта неше минут бар?

4. 90 мен 40-тың қосындысы?

5. 7 ондықты  2 есе арттыр

 8. Логикалық тапсырмалар

Үй тапсырмасы

Мысал

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.





















Тақырыбы

әдебиеттік оқу

Қартқожа

Мақсаты

Әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы атқа айту, тәсілдерін үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін еркін пайдаланады, түснеді

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Композициялық талдау, Венн диагамманы , Бес жолды өлең, Адасқа әріптер

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

Сәлемдесу

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Түгелдеу

Топқа бөлу (Мозайка арқылы 3 топқа бөлінеді)

Әр топ өзорнына отырып сабаққа дайындалады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім



















Қызығушылық

тарын ояту

Жүсіпбек Аймауытовтың  өскен  ортасы,ата – анасы, алғашқы  білім алған орындары.Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары.Прозалық жанрдағы шығармалары.

(Қартқожаға  мінездеме беру)

6.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?


Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі.

Ғылыми еңбектері, аудармалары.

«Қартқожа» романы туралы қысқаша  түсінік беру.

Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ  бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды  кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды…

Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ джауап арқылы бір- біріне жақсылықпен сәттіліктілейді



7.«Туған  жер» тарауы.  (Монолог)

8.Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?


Түсіну

1-топ:  Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)2-топ:    Шығарманы талдау.Ібөлім.  Шығарма  тақырыбы:

ІІ бөлім.


Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ  па? Неліктен?Қартқожа  бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.Шығарманың  идеясы:ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі  кейіпкерлер:ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:Vбөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:3-топ: Шығарма құрылысы:1.Басталуы  2.Байланысуы 3.Дамуы    4.Шиеленісуі    5.Шарықтау шегі    6.Шешімі.


Қолдану

Сәйкестендіру тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру

арқылы сабақты қолдану

Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі.Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманытүсінеді,ойланады

Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді,

Сергіту сәті

жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

жаттығулар жасайды.

Талдау

«Менің мақсатым…» (ойтолғау)

«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды  көрсем, көмегімді берсем, сонда менің жетілгендігім, жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем, менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа  пікірін негізге алу)



Жаңа тақырыпқа қатысты көгілдір экранда көрсетіліп,әр топ таңдау жасайды да, құрастырған өлеңдерін, жұмыстарыын оқиды

Берілген тапсырманы орындайды, алған білімдерін қорытындылайды.

Жинақтау

«Қартқожа» романын оқу.  Қартқожаға мінездеме жазу.  «Түсініктеме күнделігін» толтыру.

Шәкәрім Құдайбердіұлы Қызметі:ақын, жазушы, философ,тарихшы, композиторТуған күні:11.7.1858 (кейбір деректер бойынша 24.7.1858)Туған жері:Кең-Бұлақ, Семей облысы, Ресей империясы

Тақырыпты меңгере отырып жаттығу жұмыстарын орындайды

Ұлты:қазақҚайтыс болған күні:2 қазан 1931Әкесі:Құдайберді

Бағалау

бағалау парақшалары

Бағалайды

Өзін өзі топпен бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Стикерлерді толтырады





















Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шамалар ,олардың өлшем бірліктері.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

Шамалар ,олардың өлшем бірліктерінөрнектеу арқылы меңгерету

Оқыту  нәтижесі

Шамалар ,олардың өлшем бірліктеріұғымын біледі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

Мысал 5

10:2*7+678=713

500-9*7+45=482

987-546+135=576

458+297-599=156

2. Тірек білімдерін белсендіру.

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану


Ү. Жаңа сабақ: № 1.(ауызша). Сағаттардағы көрсетілген уақытты ата. (12 сағ 15 мин. 2 сағ 45 мин. 9 сағ 10 мин. т.с.с.

№ 2. жұптық жұмыс. Салыстыр.

9 ц > 90 кг 200кг = 2 ц 1 ж. > 345 күн 2 ж. < 810 күн

№ 3. Өздік жұмыс. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

Ш: 14 ∙ 4 = 56 Ж: 56 г печеньенің жалпы массасы

Ш: 25 ∙ 6 = 150 Ж: 150 г ақ ірімшік жалпы массасы

№ 4. Есептің берілуін жазуды кесте түрінде жазуға болады.

1 адамды қабылдау

Адам саны

Жалпы уақыт

20 мин

?

? сағ, 9-дан 12-ге дейін

№ 5. Топтық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

2 м 8 см = 208 см 72 дм = 7 м 2 дм 3 тәул. 6 сағ = 78 сағ. 95 мин =1 мин 35 с


Оқушылар тақтаға шығып,есептер шығарады.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 5. Есепті түсіндіріп шығару.

1Shape3 кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель

Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис

Шоколад - ? 1000 – 650 =350(г) шоколад.

Жауабы: 350 г шоколад

№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару.

Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала.

Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр.

1000 – 250 < 1000 – 25 630 + 300 + 20 > 630 + 30 + 200 90 + 110 > 80 + 120

ҮІ. Бекіту. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ...Шығармашылық тапсырма.№ 8 кесінділер сызу.

Сергіту сәті

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Екі қатарға лездік 5 сұрақтан қойылады.

               1 қатар

1. 5ондықты 3есе арттыр

2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан

3. 6ондықтан 2 есе артық сан

4. 1дм-де неше см бар?

5. 30 бен 50-дің қосындысы

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.           

    2 қатар

1. 3 ондықты 2 есе арттыр

2.  93-тің алдында келетін сан

3. 1 сағатта неше минут бар?

4. 90 мен 40-тың қосындысы?

5. 7 ондықты  2 есе арттыр

 8. Логикалық тапсырмалар

Үй тапсырмасы

Мысал

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.





































Пәннің аты:Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауызша және жазбаша  тілде сөйлеу

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру

Ойларын жетік жеткізе біледі;-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды;

Психологиялық ахуал

Ерте тұрып, күнде біз,

Терезені  ашамыз.

Сәлем дейміз күнге біз,

Шаттық  әнге   саламыз. Шеңбер  құрып,  бір  біріне  сәттілік  тілейді.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

- Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз.Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

1-жаттығу.

Мақалды түсініп оқы және түсіндір

2-жаттығу.

Мәтінді оқып,ондағы айтылған тілектерді көшіріп жаз.

3-жаттығу

Жұмбақты шеш.Жауабы болған тыным белгілеріне екі-екіден сөйлем құра.

Ойды аяқтап тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады. Нүкте.

Ұранды,шаттықты,

Өкініш,аптықты,

Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын. Леп белгісі


Жаттығуларды орындайды.








Тіл қаруы сөз,

Сөз қаруы ой.

Сөз- адамның айнасы.


Тақымың мықты болсын.Қызыр бабам тізгініңнен ұстасын.Алла тағалла ақ жол берсін.



Ережелер қайталау

Әңгімелеу.

5-жаттығу

Өзіндік жұмыс

Мәтінді оқып,мазмұнын айт. Қандай сөйлеу тілін пайдаланасың?

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 

Ой сергітеді,шашағандары басылады

Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой толғаныс

Семантикалық карта.Өнерпаздар Қосымшалы сөз

Құрылысшы Түбір + жалғау

Балалар Түбір +жұрнақ

Еңбегі

Қайратты Түбір +жұрнақ +жалғау

Қарны

Үйге тапсырма

4-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




























Тақырыбы

Ә.Бөриев.Ересек оқушы әдебиеттік оқу

Мақсаты

Мәтіннің пайдасы туралы сөз ете отырып , оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты түсініп оқып, талдай білуге жағдай жасайды

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Сақина салмақ,Аялдама ойыны,Суреттер сөйлейді

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым

Оқушылар амандасады, шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.

Әрбір оқушы суреттер арқылы өз жартысын тауып, шыққан сурет бойынша тиісті орнына отырады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

«Кім жылдам арқылы

сұрақ жауапты пайдалану

Өткен тақырыпқа арналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалады

Берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады

Түсіну

«Сақина салмақ»

арқылы сұрақтар мен тапсырмалвр беру

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина саламақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру,

берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, олар сол сұрақ арқылы түсініктері салмақты түрде айта біледі

Қолдану

«Ересек оқушы» «Аялдама» ойыны


Жаңа сабақты түсініп мағанасын ашу , сақина саламақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру, олар сол сұрақ арқылы түсініктерін айтады

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Сергіту сәті

жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

жаттығулар жасайды.

Талдау

Жаттығулар

кітаппен, тапсырмалармен жұмыс


Жаңа тақырыпты талдау мқсатында тапсырмалармен кіттаппен жұмыс жасау тапсырылады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды,

Жинақтау

Суреттер жарысы

сурет арқылы ойларын ортаға салу

Әр топ өзіне берілген суреттегі тапсырмаларды ашады

Әр топ суреттегі тапсырмаларды орындайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Бағалау парақшасын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды

































Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дыбыс және әріп туралы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Дыбыс және әріп туралы білімді еске түсіру. Оқушыларсөйлеу мәдениетін ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету

Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.

Үй тапсырмасын сұрау

ББ кестесін толтыру

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Қырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты
Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.
- Оқушылар бізге не естіліп тұр?
- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.
- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.
Дыбыс түрлері нешеу?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс


Логорифті оқы.
Көңіліміз ақ,
Қуанатты шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.
Қарамен жазылған сөздерді неше дыбыс, неше әріп бар?
Сөздердің мағынасы өзгерді.
Ақ - шақ - ұшақ - құшақ
Тағы да қандай әріп жалғасақ басқа сөздер пайда болуы мүмкін?
Ақ - шақ - ұшақ - құшақ
Сөздерге әріптер қосылған сайын, мағыналары өзгере береді, жаңа сөз пайда болады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.







Дарабоз.

Тақырыбы: Дарабоз интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты:Ойын еркін .жылдам жауап беруе ,тез шешім қабылдай білуге дағдыландыру. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін анықтау.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған карташкалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 - ші сынып оқушыларының арасында «Дарабоз» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
-
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
3 «Білім» тобы

- Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!


Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең: «Қас – қағым сәтте»
2-кезең: «Тұлғаны тани біл»
3-кезең: «Сандар сыры»
4-кезең: « Мақал - сөздің мәйегі»
5-кезең: «Көкпар»
6-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр!»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

1 - тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)

2 - тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
3 - тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт)
2. Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік, үлестірімдік, орын ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті(қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 3 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.

Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.

ІІІ – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.

11, 16, 1, 22, 12, 15, 9, 30

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.





IV - кезең. “Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал - мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Ананың көңілі балада, …..Баланың көңілі далада.
Қына тасқа бітеді,.........Білім басқа бітеді.
Досы көпті жау алмайды, …Ақылы көпті дау алмайды.
Ақыл – тозбайтын тон,...Білім таусылмайтын кен.
Өзге елде сұлтан болғанша,........Өз еліңде ұлтан бол

Білекті бірді жығар,.......Білімді мыңды жығар
Туған жердің күні де ыстық, …..түніде ыстық
Еңбектің наны тәтті,...Жалқаудың жаны тәтті.
Бірлік болмай,.....Тірлік болмас.
Туған жердей жер болмас,.......Туған елдей ел болмас

Оқу – білім бұлағы,...Білім өмір шырағы.
Төртеу түгел болса,......төбедегі келеді.
Ырыс алды -.......ынтымақ
Еңбек етсең ерінбей,........Тояды қарның тіленбей
Ана тілің,.........алпыс тілге татиды.

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

V-кезең: «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.





VІ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.











  «Күз ханшайымы» ертеңгілігі.

Мақсаты: Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып оқушылардың білімін,тапқырлығын,іскерлігін,ұйымшылдығын өз ойларын,өнерлерін ортаға салып көрсете білуін , шеберлігін дамыту.Табиғатты ,қоршаған ортаны,отанын сүюге тәрбиелеу.

 Формасы: Жарыс

 Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ жауап,ой шақыру.

 Көрнекілігі: үн таспа,шар,жапырақтар ,алма ағашы.

 Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі:Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, қонақтар кішкентай бүлдіршіндер.Сіздерге 4 сынып оқушыларының қатысумен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ,мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты,алаңсыз кезеңі.Біздің мектебіміздегі ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылдыда,парасатты да тәрбиелі де,инабаттыару қыз болып өскенің қалаймыз мектебімізде қандай тәрбие алып жүргенің көріп,бәріміз куә болайық.

Баяғы өткен заманда

Дін мұслман аманда

Әділдік іздген екі адам

Биге барып бас қосқан,

Ал,бүгінгі заманда

ЖЮРИ деген ат шыққан

Қазақшаға аударған соң,

Әділ қазы деп шыққан.

Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

1.Асанова Қ

2.Мұратова

3.Сейдеханова Ж.

Уа.халайық халайық,

Бәріміз назар салайық,

Мерекесі бақшаның,

Сайысты біз бастайық.

(ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз музыка ойнап тұрады) 

Мұғалім: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді, міне ортаға толқып тасып.

Арулардың сыйлығың халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгі бойынша таныстыру,орындарына отырғызу.

Сайысты бастамас бұрын,сайыстың шартарымен таныстырып өтейін:

Сайыстың шарттары.

1.Өзін-өзі таныстыру.

2.Кім ойға жүйрік (жұмбақ шешу).

3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы

(Күзгі байлықтардан жарнама)

4.Шебер қолдар (ата аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)

5.Өнерлі өрге жүзер(өз өнерлерін көрсету)

6.Әсем біздің арулар(сән үлгісін көрсету)

1.Өзін өзі таныстыру.Менің ата тегім (реттік санмен аруларды шақыру)

2.Кім ойға жүйрік (жұмбақ шешу)алма ағашымен жұмыс жасау.

3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы (ата-аналармен бірлесіп дайындаған салат түрлерін әділ-қазыларға ұсынады ).

4.шебер қолдар(ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы арулар жасаған жұмыстарын әділ қазыларға ұсынады).

5.Өнерді өрге жүзер (өнерлерін көрсетушілер дайындаған өз өнерлерін ортаға салады)бірі билеп, бірі ән салады.

Ән:Аманғали Ділдә.

6.Әсем біздің арулар (сән үлгісін көрсету).

Мұғалім:Білім,ғылым өнерге,

Қанат қағар кездердің.

Еліміздің ертеңі,

Үміт етер өздерің-дей отырып ,бүгінгі Күз ханшайымы сайысын аяқтаймыз.Әділ-қазылыар қорытынды шығарғанға дейін биге кезек береміз.

Би:Қара жорға.

Күз ханшайым сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп мадақтама тапсырылды:

1.Күз ханшайымы.

2.2-орын.

3.3-орын

4.Мың бұралған биші

5.Көрікті ханшайым

 


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі