400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика және спорт

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика және спорт
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі















«Математика және спорт»



(Пән апталығы)









Орындаған: Егінбаев.Е.







2018- 2019 оқу жылы



Тақырыбы: «Математика және спорт» сайысы

Мақсаты: 1) математика мен спортты байланыстыра отырып,

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және

спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін

қалыптастыру.

  1. қауіпсіздік ережелерді сақтау.


Жүргізуші: Қайырлы күн көрермен!

Құрметті ұстаздар, оқушылар,

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

¤с өркенде қанат жайып кемелден.

Құрметті оқушылар, ұстаздар математика пәні бойынша қазіргі апта сайын теледидардан өткізіліп жүрген интеллектуалдық танымдық бағдарламасы негізінде «Математика және спорт» атты сайысты өз ортамызда өткізгелі отырмыз.

Әділқазылар алқасын сайлау.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.

1 – команда: 8 сынып «Алғырлар»

¦раны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»

2 – команда: 9 сынып «Тапқырлар»

¦раны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»

3 – команда: 9 сынып «Жүйріктер»

¦раны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой!»

Жүргізүші: Ал, балалар енді ойынымыздың біріші

турын бастаймыз.

І тур: «Доппен секіру»

Шарты: мына бөгеттерден өтіп, тапсырмалар столына жетіп, математикалық тапсыма алып, оны шешіп беру керек. Сол жолмен қайтып барып эстафетаны ары қарай жалғастыру керек. Шығарылған есепке 10 ұпай беріледі және бірінші эстафетаны аяқтаған командаға 10 ұпай қосылады.

(Тапсырмалар столдың үстінде тұрады.)

Жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессін сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе қазылар алқасы ұпайларды есептеп болғанша жанкүйерлерден музыкалық сәлем. 9 «Д» сынып оқушысы Бикенов Санат.

ІІ тур : «Нысанаға допты түсіру» Тапсырмалар столына барып тапсырма алады. Командаларға логикалық есептер беріледі. 1 минуттың ішінде шешу қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады. Шешіп болғаннан соң нысанаға доп түсіру керек, түсірген командаға 10 ұпай қосылады.

Жүргізуші: «Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

Қолыңды бекерге бос соға берме

Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп сұрақ – жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласын бар жеңіске». –дей отырып, қазылар алқасы турдың нәтижесін шығарғанша, жанкүйерлерден музыкалық сәлемдеме. 9 «Ә» сынып оқушысы Нұрғазы Нұрдос.

Жүргізуші: Қазылар алқасына екі турдың

қорытындысы бойынша сөз беріледі.

ІІІ тур: «Тұсау кесер»

Команданың екі мүшесінің аяқтары бір біріне тұсауланады. Сол түрде тапсырма столына жүгіріп баруы керек. Тапсырма алып оны орындау қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады.

Жүргізуші: «2030 – дың бағдарлы биігі

Білімнің еншісі мұны әркім біледі

Сондықтан достар-ау дарынды қайрайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді» – дей отырып, 9 «Д» сынып оқушыларының орындауында спорттық би.


IV тур : «Белбеу»

Шарты: команда мүшелері бір белбеудің ішінде тұрып тапсырма столына жету керек.тапсырма алып оны орындау керек. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады.

Жүргізуші: «Игеріп атом күшін ігілікке

Бұл күнде ғылым саны тұр биікте

Ойлап тапқан бәрін де адам миы

Сондықтан бас иемін жүйріктікке» - дей отырып, қазылар алқасы ұпайлардың қорындысын шығарғанша, жанкүйерлерден Анарқұлова Маржанның орындауында ән.

Қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды: жоғары ұпай жинаған команданы марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі