Материалдар / Математика және табиғат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика және табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2021
3789
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Есептер шығару


  1. 0,1 с ішінде катушкадағы токтың 0,6 А-ге біркелкі өзгеруі өздік индукцияның 2,1 В тең ЭҚК-нің түзілуін туғызады. Катушканың индуктивтілігін есептеңіз.

  2. 2000 орамнан тұратын соленоидтегі магнит ағынының өзгеру жылдамдығын тап. Ондағы индукцияның ЭҚК-і 120 В тең.

  3. 5 мс ішінде магнит ағыны 9-дан 4 мВб-ге дейін кемиді. ЭҚК-ін тап.

  4. N=100 орамнан тұратын катушкадағы магнит ағыны Тізбекті ажыратқанда катушкадағы индукцияның ЭҚК –і ε=4 В болса, магнит ағыны қанша уақытқа жоғалады?

  5. N=120 орамы бар катушкадан I=7,5 А ток өткендегі оның магнит ағыны, болса катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңдар.

  6. N=150 орамы бар катушка сымынан I=7,5 А ток жүргенде, болатын магнит ағыны пайда болады. Катушканың индуктивтілігі қандай?

  7. Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткізгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі тоқ күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

  8. Актив бөлігінің ұзындығы 8 см өткізгіштегі ток күші 50 А-ге тең. Ол индукциясы 20 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш индукция сызықтарына перпендекуляр 10 см-ге орын ауыстырса, осындағы істелген жұмысты табыңдар.

  9. Ауданы 2 см2 болатын орам біртекті магнит өрісінің индукциясының сызықтарына перпендикуляр орналасады. Егер де 0,05 с ішінде магнит индукциясы 0,5 Тесладан 0,1 Теслаға дейін кемісе, онда орамдағы индукцияланған ЭҚК неге тең?

  10. Ауданы 20 см2, 1000 орамнан тұратын бірқабатты катушка индукциясы 8мТл болатын біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына параллель орналасқан. Катушканың кедергісі 30 Ом. Магнит өрісін алып тастаған кезде катушкадан қандай заряд өтеді?

  11. Бойынан 10 А ток өткенде 0,5 Вб магнит ағынын туғызатын шығырдың магнит өрiсiнiң энергиясын анықтаңыз.

  12. Бойынан 20 А ток өткенде 4 Вб магнит ағынын туғызатын шығырдың магнит өрiсiнiң энергиясын анықтаңыз.

  13. Біртекті магнит өрісінде 0,4 Тл индукция векторына перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 0,15 м тогы бар өткізгіш, әсер еткен күштің бағытында 0,025 м орын ауыстырғанда 12 мДж жұмыс атқарылса, ондағы ток күшінің мәні?

  14. Егер өріс индукциясы 0,4 Тл болған жағдайда ауданы 50 см жазық бет: а) өріс индукциясының векторына перпендикуляр болса; ә) индукция векторымен 450 бұрыш жасай орналасқан болса; б) индукция векторымен 300 бұрыш жасай орналасқан болса, онда бұл бетті қандай магнит өрісі жарып өте алады?

  15. Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0,1м болса, ток күші 50А болғанда өткізгішке индукциясы 10мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер етеді? Өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр.

  16. Индуктивтілігі 0,4 Гн электромагнит орамындағы ток күші 0,02с ішінде 5 А –ге бір қалыпты өзгерсе, өздік индукцияның ЭҚК-нің шамасы қандай болады?

  17. Индуктивтілігі 5 Гн электромагнит орамындағы ток күші 0,3 с ішінде 15 А –ге бір қалыпты өзгерсе, өздік индукцияның ЭҚК-нің шамасы қандай болады?

  18. Индукцияның күш сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,8 м өткізгіш 6 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш ндукциясының ЭҚК-і 1,44 В. Өрістің магниттік индукциясын табыңдар.

  19. Индукцияның күш сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 2 м өткізгіш 8 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш ндукциясының ЭҚК-і 1,55 В. Өрістің магниттік индукциясын табыңдар.

  20. Индукциясы 25 Тл болатын магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,2 м өткізгіш 0,5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш индукциясының ЭҚК-ін табыңдар.

  21. Индукциясы 0,02 Тл-ға тең бiртектi магнит өрiсiнде қабырғасының ұзындығы 4 см болатын квадрат рама орналастырылған. Рама жазықтығы мен индукция векторының арасындағы бұрыш 30°. Осы контурды тесiп өтетiн магнит ағынын анықтаңыз.

  22. Индукциясы 0,2Тл болатын вертикальды біртекті магнит өрісінде горизонталь орналасқан ұзындығы 50см өткізгіш 10м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіштің жылдамдық векторы магнит өрісімен 300, ал өткізгіштің осімен 600 бұрыш жасайды. Өткізгіште пайда болатын индукцияның ЭҚК-ін табыңдар.

  23. Индукциясы 25 Тл болатын магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,2 м өткізгіш 0,5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш индукциясының ЭҚК-ін табыңдар. 

  24. Катушкада 50 А/с токтың өзгеру жылдамдығы, онда 25 В ЭҚК-ін тудырадыү Катушканың индуктивтігі?

  25. Катушкадағы магнит ағыны -ге тең тізбекті ажыратқанда индукцияның ЭҚК-і = 6В болса, магнит ағынының өзгеру уақыты 2,5 с. Катушканың орам саны.

  26. Катушкадағы токты 2,25 А-ге төмендеткенде, 3*10-3 c уақыт ішінде катушкада 15 В өздік индукция ЭҚК-і пайда болғанда, магнит өрісінің энергиясы?

  27. Катушканың ішіндегі магнит ағыны 32с ішінде 24мВб-ден 50мВб-ге дейін өзгерген кезде индукцияның орташа ЭҚК-і 10 В болуы үшін қанша орам саны керек?

  28. Кедергілері R= 100 Ом, N=500 орамнан тұратын ауданы S = 5 см2 катушка біртекті магнит өрісіне орналастырылған. Уақыт өтуімен магнит өрісінің индукциясы 0,7 Тл-дан 0,2 Тл-ға кемиді. Осы уақыт аралығында өткізгіште қандай заряд индукцияланған? 

  29. Кедергісі R= 4 Ом болатын өткізгіш магнит өрісінде орналасқан. 
    Δt = 0,5 с аралығында өткізгіште I=0,3 А индукциялық ток пайда болады. Магнит ағынының өзгеруін анықтаңдар. 

  30. Контурды тесіп өтетін магнит ағыны 5мс ішінде 9-дан 4 мВб –ге дейін кемиді. Контурдағы индукцияның ЭҚК-ін табыңдар.

  31. Көлденең қимасының ауданы 60 см2 –ге тең контурының ішіндегі магнит ағыны 0,3 мВб –ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын тап.                               (50 мТл)

  32. Магнит индукциясы 0,1 Тл-дан 0,3 Тл-ға дейiн 8мс уақыт мезетiнде өзгергенде тiзбекте 10 В-қа тең ЭҚК-i пайда боуы үшiн көлденең қимасының ауданы 50 см2 болатын шығыр қанша орамнан тұруы керек. Магнит индукциясы векторы шығырдың осiмен бағытталған.

  33. Орам саны 500 соленоидта 4 мс уақыт ішінде магнит ағыны 77 мВб-ден 5мВб-ге дейін бірқалыпты кеміді. Соленоидтағы индукцияның ЭҚК-і?

  34. Өрістің энергиясы 1Дж –ге тең болу үшін индуктивтілігі 0,5 Гн –ға тең дроссельдің орамындағы ток күші қандай болуы керек?

  35. Өткізгіш контурынан өтетін магнит ағыны 0,6 Вб өзгергенде, индукцияның ЭҚК-і 1,2В тең болдаы. Магнит ағынынң өзгеру уақытын тап. Егер де өткізгіштің кедергісі 0,24 Ом болса, индуктивті тогының күшін тап.

  36. Өткізгіштің контурында магнит ағыны 0,3 с ішінде 0,06 Вб дейін өзгерген. Магнит ағынының өзгеру жылдамдығы қандай?

  37. Соленоидтың ток күші 10 А болғанда 0,5 Вб магнит ағыны пайда болатындай магнит өрісінің энергиясын тбыңдар.

  38. Темір өзекті катушканының көлденең қимасының ауданы 20см2, ал индуктивтілігі 20мГн. Ток күшінің қандай мәнінде өзектегі магнит өрісінің индукциясы 1мТл болады? Катушканың орамдар саны 1000.

  39. Темір өзекті катушканың көлденең қимасының ауданы 40 см2, ал индуктивтілігі 35 мГц. Ток күшінің қандай мәнінде өзектегі магнит индукциясы 1,5 мТл тең болады? Катушканың орамдар саны 700.

  40. Ток I =6 А кезінде магнит ағыны пайда болады. Сым орамының индуктивтілігі қандай?

  41. Ток күші 5 А болған кезінде контурда 0,5 мВб магнит ағыны туындаса, онда контурдың индуктивтілігі неге тең?

  42. Ток күші 6 А болғанда контурдан өтетін магнит ағыыны 0,8 мВб болса, оның индуктивтілігі қандай болады?

  43. Ток күші 8А болғанда контур арқылы өтетін магнит ағыны 8 вб болса, контурдың индуктивтігі?

  44. Ток күшінің 0,25 с ішінде 2 А –ге бірқалыпты –өгеруі 20 мВ өздік индукция ЭҚК-ін қоздырады. Өткізгіштің индуктитілігі?

  45. Ұзындығы 0,2 м, ал массасы 5 г өткiзгiш, салмағын ескермесе де болатын екi жiп арқылы бiртектi магнит өрiсiне орналастырылған. Магнит өрiсiнiң индукциясы 49 мТл және өткiзгiшке перпендикуляр бағыттлған. Жiптiң әрбiрi 39,2 мН-ға дейiнгi салмақты ұстап тұра алады. Өткiзгiштен қандай ток өткенде жiптердiң бiрi үзiлiп кетедi ?

  46. Ұзындығы 1,4 м түзу өткізгіш индукциясы 74мТл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Магнит өрісіне перпендикуляр жазықтықта өткізгіш 75рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады.Өткізгіш ұштарындағы потенциалдар айырымын табыңдар.

  47. Ұзындығы 20 см және массасы 4г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10А ток өтіп жатыр. Ауырлық күші Ампер күшімен теңгерілетіндей етіп өткізгішті орналастыратын магнит өрісінің индукциясын табыңдар.

  48. Шамды ЭҚК-і 2,5 В –қа тең элементтен қоректендіргенде тізбектегі ток күші 0,5 А –ге тең болады. Элемент ішіндегі 90 секундтағы бөгде күштердің жұмысы

2. Тест жұмысы


I нұсқа

1. Катушка ішіне темір өзекше енгізгенде ондағы магнит индукциясы қалай өзгереді?

А) Көп өседі В) Азаяды С) Аз ғана өседі D) Өзгермейді Е) Аз ғана азаяды

2.Отырған оқушы жанынан мұғалім зарядталған шарды алып өтті. Олардың қайсысы осы кезде магнит өрісін қайсысы электр өрісін байқайды?

А) Мұғалім мен оқушы тек қана электр өрісін байқайды В) Оқушы магнит өрісін, ал мұғалім электр өрісін байқайды

С) Оқушы электр өрісі мен магнит өрісін бірдей байқайды. Мұғалім тек электр өрісін байқайды

D) Олардың екеуі де екі өрісті бірдей байқайды

Е) Оқушы электр өрісін, ал мұғалім магнит өрісін байқайды.

3. Магнит индукциясының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?

А) 1 Тл = 1 Н*м/А В) 1 Тл = 1 А*м/Н С) 1 Тл = 1 Н*А*м D) 1 Тл = 1 Н/А*м Е) 1 Тл = 1 А*Н/м

4. Магнит индукциясының ағыны Ф–ті қандай формула арқылы жазуға болады?

А) Ф = B*S*sin В) Ф = B*sin*S C) Ф = B*S*cos D) Ф = B*S/cos T) A = B* cos/S

5. Магнит ағыны қандай өлшем бірлікте өлшенеді?

А) [Ф]=Гн*А В) [Ф]=Ф*Гн С) [Ф]=В*с D) [Ф]=Тл Е) [Ф]=Гн*Тл

6. 0,5 секундта контурдан өтетін магнит ағыны 1 ден 3Вб артты. Контурдағы индукциялық ЭҚК неге тең?

А) 8В В) 6 В С)D)Е) 10В

7. Лоренц күшінің өрнегі қайсы?

А) F= qE В) F= BIlsin С) F=mg D) F=qvBsin Е) F=mqEB

8. Ток күші 2 А, магнит ағыны 8 Вб. Контурдың индуктивтілігі неге тең болады?

А) L=16 Гн В) L=8 Гн С) L=4 Гн D) L=2 Гн Е) L=12 Гн

9. Магнит өрісінің күш сызықтары:

А) Тұйықталған

В) Электр зарядтардан басталып электр зарядтарына аяқталады

С) Тогы бар өткізгіштерден басталып өткізгіштерде аяқталады

D) Жоқ

Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ.

10. 2 секундта контурды тесіп өтетін магнит ағыны 8 ден 2Вб –ге дейін бір қалыпты кеміді. Контурдағы индукцияның ЭҚК-і неге тең?

А) 12 В В) 5В С) 4В D) 3В Е) 8В

11. Индуктивтілігі L –ға тең контурдың энергиясы неге тең?

А) W=L*I2 В) W=L*I С) W=I2/2L D) W=L*I2/2 Е) W=2L*I

12. Ленц ережесі бойынша:

А) Индукциялық ток, негізгі ток бағытымен бағытталған В) Индукциялық ток, негізгі ток бағытына қарсы бағытталған

С) Индукциялық ток өзінің өрісімен өзін тудырушы себептерді күшейтуге тырысады

D) Индукциялық ток өрісі өзін тудырушы себептерге қарсы бағытталған

Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ

13. Контурдағы ток күшін 4 есе арттырғанда магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді?

А) 16 есе артады В) 4 есе артады С) 2 есе артады D) 4 есе азаяды Е)2 есе азаяды

14. Бойында I тогы бар индуктивтілігі L соленоид қимасынан өтетін магнит ағыны мынадай:

А) LI2/2 В) LI/t С) LI D) L/I Е) I/L

15. 2 А ток күші бар контурдан өтетін магнит ағыны 4 Вб болса, контур индуктивтілігі неге тең?

А) 0,5 Гн В) 1 Гн С) 2 Гн D) 18 Гн Е) 6 Гн

16.Катушка ішіне темір өзекше енгізгенде ондағы магнит индукциясы қалай өзгереді?

  1. көп өседі б) азаяды

с) аз ғана өседі д) өзгермейді е)аз ғана азаяды

17. Магнит ағынының өлшем бірлігі ..

  1. Тл*м2 в) Тл/м2 с) Вт*м2 д) Вт/м2 е) Вб

18. Тоғы бар катушканың энергиясы қай жерде шоғырланған?

  1. Катушканың өткізгіштерінде

  2. Катушканың ішіндегі кеңістікте

  3. Жалғастырғыш сымдарда

  4. Анықталмаған

  5. Катушканың өткізгіштерінде және жалғастырғыш сымдарда

19.Магнит өрісін күш сызықтарымен бейнелеуді кім ұсынды?

  1. Ампер б) Фарадей с)Джоуль

д)Ньютон е)Максвелл

20. Егер зарядталған бөлшектің бастапқы жылдамдығы магнит индукциясы сызықтарына перпендикуляр болса, бөлшек магнит өрісінде қалай қозғалады?

  1. түзу сызықпен б) параболамен

с) шеңбер бойымен д) спираль бойымен

е) тыныш күйде болады


II нұсқа

1. Сыртқы магнит өрісінің өзгерісі кезінде тұйық өткізгіште пайда болған индукцияның ЭҚК-і … тура пропорционал

А) контурды тесіп өтетін магнит ағының өзгеру жылдамдығына

В) контурдың электр кедергісіне

С) контур арқылы өтетін магнит ағынына

D) контурдың индуктивтілігіне

Е) контурдың магнит индукциясына

2.Индуктивтілігі 4 Гн контурдан 2 А ток өткенде магнит ағыны неге тең болады?

А) 0,5 Вб В) 1 Вб С) 2 Вб D) 8 Вб Е) 4 Вб

3. Магнит индукциясының ағынының өлшем бірлігі қалай өрнектеледі?

А) 1Вб = 1Тл *м2 В) 1Вб = 1Тл/м2 С) 1Вб = 1Вт *м2 D) 1Вб = 1Вт/ м2 Е) 1Вб = 1м2 /Тл

4. Магнит индукциясының ағыны Ф–ті қандай формула арқылы жазуға болады?

А) Ф = B*S*sin В) Ф = B*S*cos C) Ф = B*sin*S D) Ф = B*S/cos T) A = B* cos/S

5. Магнит ағыны қандай өлшем бірлікте өлшенеді?

А) [Ф]=Гн*А В) [Ф]=Ф*Гн С) [Ф]=В*с D) [Ф]=Тл Е) [Ф]=Гн*Тл

6. Ауданы 1м2 крнтур индукциясы 1 Тл магнит өрісінде орналасқан. Контур жазықтығы магнит индукция векторына перпендикуляр. Контур жазықтығын индукция векторына параллель бұрғанда, магнит ағыны қалаай өзгереді?

А) 2Вб артады В) 1Вб артады С) Өзгермейді D) 1Вб кемиді Е) 2Вб кемиді

7. Магнит өрісінің күш сызықтары:

А) Тұйықталған

В) Электр зарядтардан басталып электр зарядтарына аяқталады

С) Тогы бар өткізгіштерден басталып өткізгіштерде аяқталады

D) Жоқ

Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ.

8. Ток күші 2 А, магнит ағыны 8 Вб. Контурдың индуктивтілігі неге тең болады?

А) L=16 Гн В) L=8 Гн С) L=4 Гн D) L=2 Гн Е) L=12 Гн

9. Электромагниттік индукцияға арналған Фарадей заңының формуласы қайсы?

А) = I (R+r) В) = -Ф/t С) = BScos D) =IRr Е) = Ecoswt

10. 3 секундта контурды тесіп өтетін магнит ағыны 3 ден 9 Вб –ге дейін артты. Контурдағы индукцияның ЭҚК-і неге тең?

А) 4 В В) 3В С) 2В D) 1В Е) 5В

11. Индуктивтілігі L –ға тең контурдың энергиясы неге тең?

А) W=L*I2 В) W=L*I2/2 С) W=I2/2L D) W=L*I Е) W=2L*I

12. Ленц ережесі бойынша:

А) Индукциялық ток, негізгі ток бағытымен бағытталған В) Индукциялық ток, негізгі ток бағытына қарсы бағытталған

С) Индукциялық ток өзінің өрісімен өзін тудырушы себептерді күшейтуге тырысады

D) Индукциялық ток өрісі өзін тудырушы себептерге қарсы бағытталған

Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ

13. Лоренц күшінің өрнегі қайсы?

А) F= qE В) F= BIlsin С) F=mg D) F=qvBsin Е) F=mqEB

14. Бойында I тогы бар индуктивтілігі L соленоид қимасынан өтетін магнит ағыны мынадай:

А) LI В) LI/t С ) LI2/2 D) L/I Е) I/L

15. Катушка ішіне темір өзекше енгізгенде ондағы магнит индукциясы қалай өзгереді?

А) Көп өседі В) Азаяды С) Аз ғана өседі D) Өзгермейді Е) Аз ғана азаяды

16. Ленц ережесі нені анықтайды?

  1. Индукциялық токтың күшін

  2. Индукциялық токтың бағытын

  3. Индукциялық ЭҚК-ті

  4. Ток күшінің бағытын

  5. ЭҚК-ң бағытын.

17. Электр контурдың магниттік қасиеттерін анықтайтын шама:

  1. Сыйымдылық

  2. ЭҚК-і

  3. Индуктивтілік

  4. Ток күші

  5. Кернеу

18. Ток күші 2 есе артса магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді?

  1. 2 есе артады б) 4 есе артады с)2есе азаяды

д) 4 есе азаяды е)өзгермейді

19. Төмендегі өрнектің қайсысы электромагниттік индукция заңының өрнегі болып табылады?

а) ε =I(R+r) б) ε = с) ε=

д) ε =vBIsinα е) ε =I/(R+r)

20. Тізбекте өздік индукция ЭҚК-нің әсерінен туындайды?

  1. Сыртқы магнит өрісі әсерінің артуынан

  2. Магнит ағынының өзгеруінен

  3. Магнит ағыны әсерінің кездейсоқ өзгеруінен

  4. Сыртқы магнит өрісі ағынының кемуінен

  5. Жауаптардың дұрысы жоқ

3. Тест жұмысы

Нұсқа 1

1.Магнит ағынының анықтамасына сәйкес өрнек

A) Φ = BS

B) Φ = BS cos α

C) Φ = BI cos α

D) Φ = IS cos α

E) Φ = BS sin α

2. Магнит ағынының өлшем бірлігі

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!