жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Математика жұлдыздары" сыныптан тыс жұмыс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Ақадыр орта мектебі
«Математика жұлдыздары»
Сыныптан тыс сайыс сабақ
(5-11 сыныптар)
Өткізген: Берлисхан А.
Тумархан Р.
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: “Математика жұлдыздары”
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Сыныптар арасында танымдық білгірлер сайысын өткізе отырып, оқушылардың пәнге деген көзқарастарын бағалау, озық оқушыларды ерекше марапаттау;
Дамыту: Оқушылардың интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, шапшаңдыққа,
шабыттылыққа,инабаттылыққа,сыныптарды достыққа, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: сыныптан тыс сабақ
Сабақ әдісі: ойын, жарыс түрінде
Көрнекілік: фигуралар,ұлағатты создер, кестелер, әзірленген зал
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткізілетін сайыстың жоспары:( 7 кезеңнен тұрады)
-
“Таныстыру”
-
“Алғашқы қадам”
-
“Ой қозғау”
-
“Кімдер шапшаң?”
-
“Білімдіге-биіктен орын”
-
“Мен-саған, Сен-маған”
-
“Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір”
Құрметті ұстаздар, оқушы сайыскерлер, математиканың жанкүйерлері мен кештікке жиналған қонақтар, сіздерге бізден қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!!!
Бүгінгі «Математика жұлдыздары» атты кештігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Қатысуға ойынға,
Шақырамыз сіздерді- дей келе отырып сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Қошаметпен қарсы алыңыздар!
Топ басшысы, Айымбек Ақерке бастаған «Пифагор» тобын қошаметпен ортаға шақырайық! Келесі топ басшысы, Бекболат Еркетай бастаған «Виет » тобын қошаметпен қарсы алайық! Ендеше кештіктің сырын танып, шынын бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып Көңілді кеш жасайық.
1 кезең. “Таныстыру”- бұл кезеңде әр топ өзін таныстырады. (топтың аты, ұраны, эмблемасы болу қажет). Бұл үй тапсырмасына берілген.
2
кезең. “Алғашқы қадам”-бұл кезеңде
төмендегі суретте көрсетілгендей фигуралардың қиықтарын
көрермендердің арасынан іздеп құрастыру
керек.
![]()

![]()
Кездестік міне тағы да,
Саласында білімнің.
Сараптайық асықпай,
Логикалық есеп қызығын.
3 кезең. “Ой қозғау”- бұл кезеңде әр топқа 10 логикалық сұрақтар қойылады.
(10 сұраққа 10 балл қойылады, жауап бере алмаған жағдайда екінші топ жауап беруге болады)
1 топқа
1) Электр поезы шығыстан батысқа жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді? (электр поезнде түтін болмайды)
2) Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
3) Жерден көтеруге болады, бірақ лақтыруға болмайды? (Мамық)
4) Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
5) Үлкен ағасында 2 кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
6) Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
7) Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
9)Дөп-дөңгелек дәмді қарбыз дәл ортасынын екіге бөлінген. Осы бөлінген қарбыздың жартысы неге өте қатты ұқсайды? (2 ші жартысына)
10) Қай кезде ай жерден төмен тұрады? (Судан сәулеленіп көрініп тұрғанда)
2 топқа
1) Екі таяқтың 4 ұшы бар. 2 жарым таяқтыңт қанша ұшы бар? (6)
2) Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3) Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне бірі: -Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді. Олар бірін-бірі қалай көріп отыр?( қарама-қарсы отыр)
4) Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар? (1, 2, 3)
5) Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық)
6) Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (үш стакан)
7)Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7-ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік бар. Барлығы неше күшік бар? (49)
8) Отырып-ақ жүре беретін кім? (шахматшы)
9) Екі адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып алды. Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар канша шеге тауып алады? (шегелерді алдыңғылыры алып кетті, олар таппайды)
10) Ғасыр, жыл және сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе? («Н» әріпі)
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
4 кезең. “Кімдер шапшаң?”- бұл кезеңде әр топтан 4 оқушы шығады. Әр оқушының алды артына әріптер ілініп, математикалық сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын сол әріптер арқылы орындарын ауыстырып, құрастырып жауабын көрсету керек. ( бұл 8-11 сыныптарға)
1 топқа 2 топқа
|
т |
ү |
з |
у |
|
ж |
л |
и |
р |
|
б |
т |
ө |
е |
|
қ |
о |
с |
у |
|
р |
и |
м |
а |
|
т |
л |
ы |
б |
1 топқа
1) Шексіз сызық қалай аталады? (түзу)
2) Сұйықтың өлшем бірлігі? (литр)
3) Сандардың қатынасы қандай амалды білдіреді? (бөлу)
4) Екі жұп теңдеулер тобы не арқылы жазылады? (жүйе)
5) Үшбұрыштардың бұрышындағы нүктелерін қалай атайды? (төбе)
2 топқа
1) Цилиндрдің ортасын жазықтықпен бөлгендегі бөлігін қалай атайды? (қима)
2) Азайтуға кері амал қалай аталады? (қосу)
3) Барлық қабырғалары тең паралеллограм? (ромб)
4) 216- ны 36- ға бөлсек нешеге тең? (алты)
5) ...-ойды тәртіпке келтіретін- математика (ақыл)
Ал 5-7 сыныптарға томендегі сандар бойынша аталган сандарды орындарын ауыстырып құрастыру керек.
1 топқа 2 топқа
|
2 |
3 |
4 |
|
5 |
6 |
7 |
1) 234, 324, 32, 342, 432, 43, 243, 423, 23,
2) 567, 657, 65, 675, 765, 76, 576, 756, 56
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
5 кезең. “Білімдіге-биіктен орын”- бұл кезеңде әр топ математикалық формулаларды жазу керек.
-
Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлу формулаларын жазыңдар?
;
![]()
2) Қысқаша көбейту формулаларын жазыңдар?
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
-
Тригонометрияның тепе-теңдік формулаларын жазыңдар?
![]()
![]()
![]()
6 кезең . “Мен-саған, Сен-маған”- бұл кезеңде әр топ бір-біріне математикалық сұрақтар қояды. Сұрақтар дайындау үй тапсырмасына берілген.

![]()
![]()
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар,
Шабытты топ басшыларын
Қол соғып қарсы алайық.
7 кезең. “Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір”- бұл бөлімде топ басшылар сайысады. Әр топ басшысына 5 сұрақтан құралған тест тапсырмасы беріледі.
5 сұраққа 5 балл қойылады.
1) Есептеңіз: 
A)
B)
C) 11,2 D)
E) ![]()
2). Өрнекті ықшамдаңыз: ![]()
A)
B)
C)
D)
E) ![]()
3) Теңсіздікті шешіңіз: ![]()
A)
B)
C)
D)
E)
(2;4)
4) Туындысын тап ![]()
A)
B)
C)
D)
E)
![]()
5) Туындысын тап: ![]()
A) –6(4х+7)-5 B) –24(4х+7)-7 C) –4(4х+7)-6 D) –4(4х+7)-7 E) –42(4х+7)-4
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Әділқазылар қорытындысын шығарады.
Әділқазыларымыз қортындысын шығарғанша 5 сынып оқушысы Айымбек Айнұрдың орындауындағы «Биле достар» әнін қабыл алыңыздар!
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Миға тоқып, ойға салар әсерлі
Бойға жинап күш-қуаты жетерлі.
Сайысымызды қорытындылап жеңімпаз тобымызды анықтау үшін сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Қорытыны: Бүгінгі сайысқа қатысқан сайыскерлер, ұстаздар, оқушылар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көптен-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген