400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

математика "Кесінді.Сынық сызық" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Суретте неше кесінді көрсетілген?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Кесінді. Сынық сызық.

Мектеп: « № 1 М. Горький атындағы мектеп-гимназия»

Күні:13.10.2017

Мұғалімнің аты жөні: Борашева Д

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.3.1.1Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:

1.Геометриялық ұғымдар «кесінді» мен «сынық сызықты» анықтауды біледі. Сызып үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кесіндімен сынық сызықты басқа сызықтардың арасынан табады және сыза алады. Сынық сызықтар құрастырып үйренеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кесінді ұзындықтарын салыстыра алады. Геометриялық фигураларды бір- бірінен ажырата алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата біледі. Заттарды түсі пішіні өлшемі бойынша салыстырады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Кесінді, сынық сызық

Сыныптағы диалог (жазылым үшін) сай келеді:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Кесінді деген не?

Сынық сызық деген не?

Кесіндіні қалай сызуға болады?

Бағалау критерилері

Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажыратып, атай алады.

Құндылықтар

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Пән аралық байланыс

Сауат ашу, жаратылыстану, дүниетану

Алдыңғы оқу:

Геометриялық фигураларды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа даярлығын тексеру

Топқа біріктіру

Геометриялық фигуралар арқылы топқа біріктіру.

1-топ Үшбұрыш

2-топ Төртбұрыш

3-топ Дөңгелек

Түсті фигуралар

4 минут

Ортасы

5 минут
























5 минут







5 минут






Миға шабуыл


Сабақ басында жіптің біраз бөлігін оқушыларға тарқатып сұрақтар қоямын.

-Жіп неге ұқсайды? (Сызыққа)

-Бұл жіптен қандай сызық жасауға болады?

(түзу сызық , тұйықталмаған сызық )

Балалар жіптің бір бөлігін екі жағынан қайшымен кессек не пайда болады?

(жіптің бір бөлігі . Кесінді)

Жаңа сабақты ашу, мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

«Кесінді сызып үйрен»

А4 парағына әр топ оқушылары тапсырманы орындайды.

Дәптермен жұмыс

МК және МН кесінділерін сыз. Сен қандай кесінді сыздың?Оның неше бөлігі бар? Сынық сызықтың 4 бөлігі болатындай етіп толықтыр

Мақсат:Кесінді мен сынық сызықты сызып үйренді.


Жіп, қайшы










+-















А4 парақшалары



Жұмыс дәптері



Дескрептор

Сызғыштың көмегімен нүктелерді қосады,кесіндінің ұштарын әріппен белгілей алады.


Суреттен кесіндіні тауып, ажырата алады.


Сынық сызықты құрастырып,әріппен белгілей алады.


Сызғыш, қалам










3 минут

Оқулықпен жұмыс.

«Кесіндіні тап» тапсырмасы

Әр топ А4 парағындағы геометриялық фигуралар арасынан кесіндіні белгілейді.

А4 парақшаларында бейнеленген фигуралар




4 минут











Дискрептор

Дәптермен жұмыс

«Сынық сызық құрастыр» тапсырмасы.

Өшіргіш пен сызғышқа 4 кесіндіден сынық сызық құрастыруға көмектес.

Оны дәптеріңе сыз.

Мақсат: Кесіндіні ажыратып, сынық сызықты құрастыра алады.

Кесіндіні табуды білді.

Кесіндіден сынық сызық құрастырып үйренді.

Өшіргіш, сызғыш


3 минут

«Орындап көр» тапсырмасы.

Топтық жұмыс

Әр жұптағы кесінділердің ұзындықтарын салыстыр.

Сұрақ –жауап

Қай кесіндінің ұзындығын салыстыра алмадың? Неліктен?

Сызғыш

3 минут


«Шығарып көр» тапсырмасы.

Суретте неше кесінді көрсетілген? Кірпі ініне қай жолмен тезірек жетеді? Суреттен бұрштарды тап. Көрсет.


Мақсат: Кесінді ұзындықтарын салыстыра алады. Фигураларды бір-бірінен ажырата алады.Ретпен санауды үйренеді.


Оқулық

Дискрептор

Кесінділерді салыстыруды біледі

Фигураларды бір-бірінен ажырата алады.



Соңы

2 минут


БББ кестесі арқылы кері байланыс жасау

БББ кестесі

Қосымша мәліметтер:

3минут

Кесінді екі нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі.Кесіндінің ұштары болады. Кесіндінің негізгі қасиеті- ол оның ұзындығы. Кесіндінің ұзындығы- оның екі шетінің арасындағы арақашықтық. Математикада кесінді латынның екі бас әрпімен белгіленеді. Сыннық сызық- бұл геометриялық фигура, ол бір түзудің бойында жатпайтын нүктелерді кесінділермен қосқанда алынады. Сынық сызықтың төбесі- сынық сызықты құрастыратын кесінділерді біріктіретін нүктелер.

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

«Кесінді сызып үйрен» тапсырмасы.

Мақсат:Кесінді мен сынық сызықты сызып үйренді.

«Кесіндіні тап», «Сынық сызық құрастыр» тапсырмалары.

Мақсат: Кесіндіні ажыратып, сынық сызықты құрастыра алады.

«Орындап көр», «Шығарып көр» тапсырмалары.

Мақсат: Кесінді ұзындықтарын салыстыра алады. Фигураларды бір-бірінен ажырата алады.Ретпен санауды үйренеді.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бас бармақ арқылы бағалау

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік.

Қаламсаппен, қаламмен, сызғышпен жұмыс жасағанда мұқият болу.

Рефлексия

Рисунок 1



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі