400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Математика Кестелік қосу мен азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерімен мектепке дейінгі даярлық топ тәрбиешілеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынып отырмын.Кестелік қосу мен азайтуды жақсы меңгерген оқушылар математика пәнінен кедергілерге кездеспейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика 1 сынып Сабақтың тақырыбы: «Кестелік қосу және азайту» Мақсаты:Сандарды қосып, азайтуды оқып үйренеді.. Міндеттері: оқушылар 10-ға дейінгі сандарға 1-ді қосу және саннан 1-ді азайту-кестесін оқып-үйренеді. Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, банк қызметі туралы түсінік беріледі. Тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың түрі: Ойын сабақ. Әдістері: АКТ әдіс-тәсілдері,ой қозғау, сұрақ-жауап , түсіндіру, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырма, көрнекілік, ойындар. Көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар,оқулық, парақшалар, сынау,сурет, мысал жазылған слайдтар,. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Біздер тату баламыз, өсіп алға барамыз. Есептерді шығарып, біз білімді боламыз. II.Қызығушылықты ояту. Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады. І қатар-«Казкомерц» банкі. ІІ қатар-«Халық» банкі. ІІІ қатар- «Альянс» банкі. Аудиторлар ( түсінік беру) маған осы 3 банктің қайсысы жақсы жұмыс істейді, тұрақты банк екенін тексеруді тапсырады. Сондықтан бүгінгі сабақты дұрыс ұғуымыз керек, тез есептеп, ойлап жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек. Сабағымыздың тақырыбы:« Кестелік қосу және азайту» бөлімінің бірінші сабағы «10-ға дейінгі сандарға 1-ді қосу және азайту» . ІІІ. Ой қозғау. Қайталау. а) 4,5,6,7,8,9,10 сандарының құрамын еске түсіру. б) Ойын «Көршісін тап» 2 , , 5 , 6 , 8 , 9 . 4. Мағынаны тану. Жаңа сабақ. а) Интерактивті тақтадан « Шалқан» ертегісінің алғашқы 2 суреті бойынша түсінік беру. 1+1=2, 2+1=3. Қандай қорытынды шығаруға болады? (Санға 1-ді қосқанда келесі сан шығады.) б)Енді мына тақтадағы суретке қарайық. - Қай мезгіл бейнеленген ? Балалар не істеп жүр? Бірінші төбешікте неше бала? Бесеудің біреуі қайтті? Шана теуіп кетті, яғни, 5-1=4 - Қолымда неше бүлдірген? (3) -Біреуін бере салдым , нешеу қалды?3-1=2 Саннан бірді алғанда сан кемиді, алдындағы сан шығады. в) Ал, енді, осы түсінікті мына сызғышпен көрсетейік. Мысал.Тақтадағы көрнекілікпен бір бала көрсетеді, жазады. 2+1= ? 3-1=? 5.Сергіту сәті. 6. а)Жеке жұмыс.Банк басшылары тақтада парақшамен жұмыс орындайды.Егер дұрыс орындаса ақшаларын сақтау үшін жаңа сейфтің кілттері тапсырылады. б)Оқулықпен жұмыс.Әр бағанды топтарға шығаруға беріледі. 1-баған-«Казкомерц» банкі. 2-баған-«Халық» банкі. 3-баған- «Альянс» банкі.оқыту. 7.Деңгейлік тапсырма. Әр оқушының алдына бағдаршам көздеріне сәйкес белгілер бар.Қызыл көзі-3деңгей,сары көзі-2деңгей,жасыл көзі-1деңгей.Қызыл үшбұрыш-нашар оқитын оқушылармен жұмыс тапсырмасы. 8.Интерактивті тақтадан логикалық жұмбақ : Дүкеннен мен кітап алдым, оның және қабын алдым,екі дәптер,бір қарындаш, өшіргішті тағы алдым,есептеші сонда қане, қолда бәрі? 9.Ойын. «Кім жылдам?» Бір күні аң патшасы арыстан ормандағы аңдардың, құстардың білімін тексермекші болыпты. Оларға берілген мысалдарды шығаруға көмектесіп жіберейік?Интерактивті тақтада берілген мысалдарды кезектесіп шығарады. 10. Ойын «Жәрмеңке» Әр түрлі ойыншықтар беріледі. Сұраққа жауап беру арқылы сатып алады. 11.Сабақты қорытындылау. Аудитор ретінде мұғалім 3банктің жұмысына баға береді. Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі