Материалдар / "Математика көшбасшысы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Математика көшбасшысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара бастауыш сыныпта өтілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
686
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рахметова Гулсара Балымбетовна

Еңбекту орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


«Математика көшбасшысы»
Жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«Математика көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар !

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2-4 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «Математика көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда.


Сайысымыз 5 турдан тұрады:
І. Бәйге
ІІ.Жеті жұрттың тілін біл
ІІІ. Жұмбақ сандық
ІУ. «Егер мен...»

У. Кошбасшы
Сайыска қатысатын сайыскерлер:
1 – ойыншы Әділбекова Нұршат 2 –сынып оқушысы– болашақта әнші болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы Әділбекқызы Жанерке 4 сыгнып оқушысы— өскенде халқына адал қызмет ететін заңгер болуды армандайды.
3 – ойыншы Ізбасарова Фариза 3-сынып оқушысы— дәрігер боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы Мұратқызы Диана2-сынып оқушысы— мұғалім болып болып, балаларға білім үйретемін дейді
5 – ойыншы Қаупбаева Альбина 4-сынып оқушысы — биші болғысы келеді
6 – ойыншы Утепбаев Дамир3-сынып оқушысы – полиция қызметкері болуды армандайды.


I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
1. Мұнда бір сайыскерден шақырып мектеп бағдарламасынан ортақ 10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
І. Бәйге сұрақтары:

  1. 1 дм неше см? (10 см)

  2. 45+38 нешеге тең ? (83)

  3. Қабырғасы 3 см шаршының периметрін тап (12 см)

  4. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі (л)

  5. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

  6. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 аптада неше ертегі оқиды?(14)

  7. Х+60=90

  8. 8 ондықтан 6 бірліктен құралатын санды ата (86)

  9. 98-64 айырмасы нешеге тең?(34)

  10. Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтар олардан 3 - і артық. Барлығы неше құс? (12+9=21)


Әділқазылар жинаған ұпайларын айтып кетеді.

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!


ІІ -тур. Жеті жұрттың тілін біл

Шарты :

Өлең есептер оқимын жауабын 3 тілде жауап бересіңдер қазақша, орысша,ағылшынша. 3 тілде жауап берсе 30 ұпай беріледі.

Мұқият тыңдаймыз,сосын жауап береміз.


1-ойншы. Жайылып жүр сегіз лақ

Үшеуі оның егіз лақ

Есептеуге сен шебер

Бала болғың келсе егер

Сегіз лақтың енесін

Тез есептеп бересің? ( 5)пять-fife





2-ойыншы.Қолыңда бар 10 асық

10 асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (7)семь-seven



3-ойыншы:Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? ( 6) шесть-six


4-ойыншы. Атам, әжем, ағам,

Әкем, інім және мен

Анам және енесі

Енесінің бөлесі

Отыр едік шай ішіп

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің? ( 10) десять-ten


5-ойыншы. Бас- біреу, қас-екеу,

Жүрек-біреу, бұрым екеу.

Барлығы болды нешеу? 9 девять- nine


6-ойыншы. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой. ( 17) семнадцать- seventeen


Әділқызылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.


Келесі кезекте: «Жұмбақ сандық» бұл сайыста геометриялық фигуралар бойынша сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап берген сайыскерге фигуралардағы сандар ұпай ретінде қосылады. Сайыскерлер таңдайды.

10



- уақыт бірлігін ата (1 мин,1 сағ,1 тәулік)


Shape1

10


  • Сәтті таңдау(10 қосып әрі қарай таңдайды)


Shape2

10


  • -теңдеуді шеш х-28=72(100), а х 20=100(5)


  • 20

    Shape3

    20

    5 тәулік дегеніміз – бұл (120 сағ)



  • 6 санының квадраты (36)



3 онд қосу 5 онд (80)

Shape4

20



4

30

жүздік 7 ондық 0 бірлік (470)



Дене шынықтыру сабағында жүгіруден жарысқа23 ер бала

9 қыз бала қатысты. Барлығы неше оқушы қатысты? (32)

Shape5

30



3 сағ 20 мин неше минут бар? (200 мин)



Shape6

30

Бірінші қосылғыш 430 .Қосындының мәні 800. Екінші

қосылғышты тап. (370)



Әділқызылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды.Оларға сәттілік тілейміз.

ІУ –тур.«Егер мен...» сайысында қалған екі сайыскерлердің шығармашылығын тексеріп көрейік. Қолымда екі тақырып жазылған қағаз бар.Сайыскерлер таңдайды. 3 минут беріледі.

Оқушылар шағын шығарма жазады.Шығарма бойынша 10 ұпай.

  1. «Егер мен бай болсам»

  2. «Егер мен атақты математик болсам»


Сайыскерлер тапсырманы орындағанша көрермендермен ойын ойнатылады.


Әділқызыларға сөз берейік.

Ең шешуші тур Көшбасшы.

У. Көшбасшы сұрақтары.

  1. 270 пен 50 айырмасын 4 есе арттыр. (880)

  2. Амалдарды пайдаланып теңдікті дәлелде

3 3 3=6 (3х3)-3=6

5 5 5 =6 (5:5)+ 5 =6

7 7 7=6 7 –( 7 : 7)=6

Әділ-қазыларға сөз беріледі.
Жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!