Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика күнделікті өмірде Жоспар Қмж 1 жылға

Материал туралы қысқаша түсінік
Факультативке арналган бағдарлама қмжысымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының білім беру дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №3 27.08.2021 жыл














Құрастырған: Тасқала аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сыныптар

бойынша әдіскері Ахметкалиева Серикканым Темиржановна







Рецезент: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Жаратылыстану және

гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға

оқытушысы, тренер Габбасова Багдагул Беккалиевна



















Аннотация


Ұсынылып отырған бағдарлама бастауыш мектептерде оқу материалын терең меңгеруге негізделіп жасалынған әдістемелік құрал. Жинақ математика сабақтарын түрлендіріп, халық педагогикасын кеңінен қолдануға, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін арттыруға, логикалық тапсырмаларды орындаудың әр түрлі тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының түсінуін жеңілдетіп, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырады.

Бұл еңбек- бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу және жас мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады










































Түсінік хат

4 - сыныпқа арналған «Математика күнделікті өмірде» Факультатив бағдарламасы оқыту процесінде оқушы математикадан алған білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын арттырып, математикалық ойлау қабілетін дамытуғаарналған.
Берілген курс математикадағы қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады. Бұл курсты игеру оқушылардың ой - өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулерді жүргізу, практикалық есептеулерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктілігін дамытуға PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамытуға, жалпы адами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне бағытталған.

Таңдау курсының мақсаты:

- жеке тұлғаның таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту;

-коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

-оқушылардың логикалық ойлау, қабылдау әрекеттерін жетілдіру;

-әрбір оқушының жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы оның интеллектісін байыту, дүниетанымын тереңдету, ой-өрісін дамыту;

-оқушылардың өзін-өзі тану қабілетін дамытуға жағдай жасау;

Оқушылардың өзін-өзі тану қабілеті арқылы өмірлік ұстанымын қамтамасыз етуде қажетті ресурстарды қалыптастыру.

Таңдау курсының міндеттері:

- проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттері дамыған тұлғаны қалыптастыру;

- оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі пәндерді таңдауда білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;

-оқу әрекетінің формаларын даралау, оқушылардың өнімді және қайталама әрекетін ұштастыру және өз бетінше жұмыс істеу, оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру;

-оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында математика элементтерін тиімді пайдалану;

-түрлі логикалық тапсырмаларды шешу арқылы өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға және өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру;

-әр сабақ барысында денсаулық сақтауға бағытталған жаттығуларды тиімді пайдалану;

-оқу әрекеті және оның нәтижелері бойынша оқушылардың өзіне-өзі ұдайы талдау жасауына , баға беруіне жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

Білімі терең, дені сау, өзін-өзі тану қабілеті арқылы өмірлік ұстанымы қалыптасқан тұлға. Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады. Оқушыларды түрлі математикалық олимпиадаларға қатыстыру.











Күнтізбелік жоспар

4 сынып

р\с

Тақырыптары

Сағат саны

Мерзімі

І

Қарапайым математикалық есептеулер.

9 сағат


1.

Суреттер бойынша қарапайым есептер құрау.

1


2.

Ондықтар мен жүздіктерге арналған тапсырмалар

1


3.

Теңдеулер құру, шығару.

1


4.

Зейін топтарын дамытуға арналған тапсырмалар

1


5.

Санды өрнектер мен әріпті өрнектер

1


6.

Амалдарды ауызша есептеу тәсілдері

1


7

«Біз есептей аламыз» жарыс сабағы



8.

Сурет бойынша теңдік құр

1


9.

Білімдерін тиянақтау



ІІ

Қызықты математикалық есептер

10 сағат


1.

Өрнектер

1


2.

Жақшалы есептер

1


3.

Амалдардың орындалу тәртібі

1


4.

Қызықты тапсырмалар

1


5.

Математикалық ойын есептер

1


6.

Есту арқылы есте сақтауға арналған тапсырмалар

1


7.

Көру арқылы есте сақтауды жаттықтыру тапсырмалары

1


8.

«Математикалық турнир» жарыс сабағы

1


9.

Математикалық ребустар

1


10.

«Қызықты тапсырмалар» ойын сабағы

1


ІІІ

Геометриялық фигуралар мен шамалар

8 сағат


1.

Геометриялық фигуралар (тік төртбұрыш, шаршы т.б.)

1


2.

Фигура бұрыштары

1


3.

Фигуралардың периметрін табу

1


4.

Шамалар.Ұзындық бірліктері

1


5.

Уақыт бірліктері

1


6.

Масса бірліктері, сыйымдылық

1


7.

Геометриялық фигуралардан құрастыру жұмыстары

1


8.

Білімді тиянақтау.Тест

1


ІV

Логикалық ойлауға арналған есептер

7 сағат


1.

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту

1


2.

Екі таңбалы сандардың разрядтары

1


3.

Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу, екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту

1


4.

Екі таңбалы санға толық  ондықты  қосу.  Екі  таңбалы  саннан  толық  ондықтарды  азайту.

1


5.

Екі таңбалы санды жазбаша қосу және азайту

1


6.

Екі таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша ондықтан аттап қосу және азайту

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2023
1313
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12