400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика Логикалык есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды логикалык есептерге уйрету,жалгыз ойлау кабилети мен зейнин дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Логикалық есептер.

Мақсаты: Балалардың жалпы ойлау мен зейінін дамыту. Салыстыру, қорытындылау, жіктеу сияқтылогикалық амалдарды ғана емес, логикалық есептер шығару.Дағдыларын жетілдіру.Ұқыптылыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Билингвальді сыңары: Сарай-замок, сиқырлы әлем- волщебный мир.

Сөздік жұмыс: Сарай, сиқырлы әлем.

Пәнді дамытатын орта: сарай келбеті, үлестірмелі құралдар, тапсырмалардың көрнекі үлгісі.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық 

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар.


Педагог. Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.



Балалар шеңберге тұрып өлең шумақтарын қайталайды.


Ұйымдастыру- ізденушілік 

-Балалар бүгінгі біздің кезекті ұйымдастырылған оқу қызметінің ҚМТҚ. Ол өте ерекше өтетін сияқты, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.

-Ой балалар, біздің топ бөлмемізге не болған?

Біз мүлде басқа әлемге түскендейміз...

-Мыстан бір сұлуды сиқырлап ұйықтатып қашып кетіпті.


-Иә,иә, сендер менің сиқырлы әлеміне түстіңдер.

Осы топтың балаларын ақылды деп естідім, егер ақылды болсаңдар көрсетіндер білімдеріңді.

Мен сендердің әлемдеріңнің бір сұлуын сиқырлап ұйықтатып тастадым, менің сендерге қояр шарттарым бар, мына тапсырмаларды орындасаңдар мына есік ашылып өз апайларыңды құтқарасыңдар, ал егер аша алмасаңдар ол сұлу менің патшалығымда мәңгіге қалады.

-Ой балалар не істейміз әрине біз Айғаным апайымызды құтқаруға барымызды саламыз иә, қәнекей орнымызға отырамыз.


1-тапсырма:

1) 1-ден -10-ға дейін тура және кері екі тілде санаймыз.

2) Санның көршісін тап.

5 санның көршісі 4-6

6 санның көршісі 5-7

2 санның көршісі 1-3

4 санның көршісі 3-5


Ой балалар 1-ші құлып ашылды жарайсыңдар.


2- тапсырма

Жұмбақтарды шеш.

1. Теледидар таныс екен баршаға

Ал пішіні ұқсайды екен

(шаршыға)

2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме

Бірден білер құлақ асқан сөзіме.

(үшбұрыш)

3. Табақта бар 5 алма

Алды біреуін Алима

Алды біреуін Салима

Табақта қалды неше алма?

(3 алма)

4. Қорада тұр 2 балапан

Далада жүр 3 балалапан

Барлығы неше балалапан?

(5 балапан)

Жарайсыңдар енді сәл ойнап алайық.

Д/о: «Қандай пішінге ұқсайды»

Шарты: топ бөлмесінен геометриялық пішінге ұқсас затты тауып атау.


Жарайсыңдар


Енді алдыларыңдағы санау таяқшасынан 7 таяқша санап алып қойыңдар.

Енді осы 7 таяқшадан 2 бірдей шаршы құрастырамыз.

Балалар екінші құлыпты аштық.


3-тапсырма.

Қоян қай жолмен жүрсе сәбізді көбірек жинайды?

Сол жолды қоңыр түспен белгілейміз.

Балалар біз 3-ші құлыпты аштық.


Ал балалар сендер кішкене шаршаған сияқтысындар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

1. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 


4-тапсырма.

1. Әсеттің бөкебайы ең ұзыны да емес, ең қысқасы да емес.

Әсеттің бөкебайы қандай түс тап.

(қызыл)

2. Қоршаудың артында қанша балапан жасырынған. (4)

3. Неше қоян жасырынып отыр. (5)

Балалар 4-ші құлыпты аштық.


5-тапсырма.

1. Артық пішінді тауып, боя.


Балалар 5-ші құлыпты аштық.

Ой жарайсыңдар балалар сендер ең соңғы құлыпты да аштық.


Енді ішіне кіріп апайымызды алып шығайық.

Есікті ашып сұлу сыйлығын беріп, өз ризашылығын білдіреді де балалармен өз тобына қайтады.





























-Әрине құтқарып аламыз.







Балалар тапсырманы орындайды.












Балалар жұмбақтардың шешімін табады.



















Ойынға белсене қатысады.







Тапсырманы орындайды

















Өлең шумақтарына байланысты қимыл өозғалыстар жасайды.
















Тапсырманың шешімін табады.














Берілген тапсырмаларды аяқтайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

1-ден 10-ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтарды шештік.
Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.



1-ден 10-ға дейін санайды тура және кері.




Күтілетін нәтижелер: 
Біледі: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу
Игереді: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.

Меңгереді: топтық және өз бетімен жұмыс жасауды үйренеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
1293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі