Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы
«Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша» КММ
Орындаған: Турсунова Адель 6 «а» сынып оқушысы
Жоба атауы: «Математика мен шахматтың байланысы»
Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік үрдістегі математикалық модельдеу
Секция: Математика
Жетекшісі: Ешенова Бахтыгуль Маулитбековна
математика пәні мұғалімі
Үржар ауылы
2018-2019 оқу жылы
Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы,
«Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша»КММ-нің 6-сынып оқушысы Турсунова Адельдің «Математика мен шахматтың байланысы» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына
Пікір
Турсунова Адель бұл жобасында шахматтың шығу тарихын және оқушыларға пайдасын тауып сол жайында айтылады. Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы мақсаты қазіргі таңда бұл шахматтың келешек ұрпаққа берері мол екенін түсіндіріп, қолданысқа енгізу. Зерттеу жұмысының мақсатында шахматтың пайдасын көрсете білген. Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері- білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.Шахмат ойыны балалардың жүрегіне шығармашылыққа деген шабыт сезімін ұялатады және олардың рухани әлемін байытады. Оқушы шахмат жайында жаңа мәліметтер енгізген.Алайда шахмат ойынының теориясы тәжрибесімен таныстырған кезде, шахмат ойыны күрделі екенін түсіну керек.Шахматпен математиканың байланысын,яғни жүріс жасап мат қоюды көрсеткен.Ерасылдың алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып,оның осы жоба арқылы үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспін
Ғылыми жетекшісі: Ешенова Бахтыгуль Маулитбековна
математика пәні мұғалімі
Мақсаты:
Математика мен шахмат арасындағы байланысты анықтау және балалардың дамуына шахматтың жағымды әсерін дәлелдеу,болашақ ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қосатындығын анықтау.
Өзектілігі:
Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі спортпен жан-жақты айналысады да шахматтың спорттың бір түрі екендігін ұмытып кетеді,шахматты ойлау қабілеті үшін ғана керек деп ойлайды.Ерте жастан шахмат ойынына үйрету балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейтеді,өзінің ойларын еркін білдіруге мүмкіндік тудырады,мидың ойлау қабілетін кеңейтуге ықпал етеді,балалардың ынтасын шоғырландырады,еркіндікке тәрбиелейді.
Ғылыми жаңалығы:
Мектепте шахмат тақтасында орындалатын математикалық және геометриялық сипаттағы тапсырмалар жинағын дайындау.
Мазмұны:
І. Кіріспе.....................................................................................................3 бет
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.1 Шахмат ойынының ережесі.......................................................4-5бет
2.1.2 Оқу бағдарламасына шахматтың пайдасы,шахмат тақтасындағы есептер......................................................................................................6-9бет
2.1.3 Ой-өрісті өсіретін ойын мектеп бағдарламасына ену қажет пе?.10-12бет
ІІІ. Қорытынды бөлім............................................................................13 бет
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер................................................... ...........14бет
Кіріспе
Тақырыптың
өзектілігі: Шахмат- интеллектуалдық спорт түрі ғана емес,
сонымен бірге баланың ойлау қабілетін дамытудың керемет
құралы.Шахмат оқушы дамуына орасан зор мүмкіндіктерге ие екенін В.
А. Сухомлинский де айтқан
болатын..Шахматқа үйрету мектеп
бағдарламасына енгізілген Татарстан, Ресейдің Свердловск облысында
шахматшы – оқушылардың барлық пәндер бойынша жалпы оқу үлгерімінің
деңгейі едәуір жоғары екенін көрсеткен. Сингапур, Түркия, Греция,
АҚШ, Испания сияқты мемлекеттерде жүргізілген эксперименттер
осындай нәтижелерді көрсетті.
Бастауыш мектепте шахмат үйрету пәні енгізіліп,
оқытушы ұстаздар шахмат пен математиканың
арасындағы терең және тығыз байланысты аңғара білуге үйретсе.
Осы мәселенің зерттелуіне аз да болса, өз үлесімді қосқым
келіп,ғылыми- зерттеу жұмысымның
тақырыбын « шахмат пен математиканың байланысы»деп таңдап
алдым.
Зерттеу объектісі: шахмат тақтасындағы
математика.
Зерттеу пәні: мектептегі балалардың
ойлау қабілеті.
Зерттеу жұмысының практикалық
бағыттылығы: мектепке
шахмат қажет пе? деген сұраққа
жауап іздеуде; мектепте шахмат пәнінен факультатив сабақ
немесе үйірме ұйымдастыруға назар аудартуда болып
табылады.
Зерттеу әдісі:
Сауалнама алу, шахмат тақтасындағы есептер шығару, берілген сараптама қорытындыларын жинақтау, әдебиеттер таңдау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: мектепте шахмат тақтасында орындалатын математикалық және геометриялық сипаттағы тапсырмалар жинағын дайындауы.
Шахмат ойынының ережесі.
Міне, шахмат осындай ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай
фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі. Бұл жоспарсыз ойнауға
болмайтын саяси ойын. Шахмат ежелде Үндістан жерінде пайда болған.
Одан Парсы, Араб, Еуропа және Азия елдеріне кеңінен тараған деседі.
Бірақ, атауы парсы тілінде сақталған. «Шах-мат», қазақша «Хан-өлді»
деген мағынаны білдіреді. Аты жақсы емес. Әйтсе де, адамның ойлау
жүйесіне әсері зор. Әр түрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын
қызметі, қимыл-қозғалысы, өз жерін қорғаудағы белсенділігі, қарсыласқа
қауіптілігі, бәрі де шебер ұйымдастырылған.Мұндағы басты тұлға –
Король (Хан). Ол кетсе, ойын да бітеді. Сондықтан барлығы Корольдің
бұйрығына бағынуға және оны кез-келген қауіптен қорғауға міндетті.
Екінші тұлға – Ферьза. Бұл пәтшәғардың жүрмейтін жері, баспайтын тауы
жоқ. Тіке де, қиғаш та қалағанынша қадам жасайды. Онан кейінгі Арба
(Ладья) мен Піл (Офицер). Бірі тіке, бірі қиғаш қалағанынша жүреді. Бұл
үшеуі (ферьза, арба және піл) жаудың қасына барып та, тым алыста тұрып
та шах береді. Өз жерінде тұрып өзгенің жеріндегі тұлғаларға бұйрық
береді, қауіп төндіреді. Тіпті, тұрған орнынан бездіріп жібереді. Сондай
алыстан бұйрық бергіш. Онан кейінгі мықты фигура Ат. Мұның қимыл-
қозғалысы тіпті бөлек. Жүрісі «Г» тәрізді. Орағытып қасыңа жетіп келсе,
құтылу қиын. Бұл шах бергенде, Король өзі қашып құтылмаса, оның
жолын бөгеу мүмкін емес. Басқа фигуралардың алдын бөгей тұруға
болады, атты олай алдай алмайсың. Егер ол Король мен Ферьзаның екеуіне
де бірдей қауіп төндірсе, онда Корольді аман алып қалу үшін екіншісін
қиясың. Екеуін бір оқпен атады. Сондықтан аттан келетін қауіп өте күшті
десе де болады. Атты мықты пайдаланатындармен кездессең, қиынның
қиыны. Енді ең соңғы фигура жай тас (пешка-жаяу солдат). Кей жұрт оны
қауқарсыз деп есептейді. Бірақ, бұл да едәуір қорған. Егер жай тас жаудың
төріне шығып, ерлік жасаса, оның дәрежесін көтеріп, Ферьза, Арба Ат,
немесе Піл қылуға болады. Бірақ, Король бола алмайды. Тегі қара ғой, Хан
емес. Ал, шахматтың ешқашан өзгермес заңдылығы – жеңсең де, жеңілсең де,
ойын біткеннен кейін Король де, жәй тастар да, бәрі де бір қорапқа
салынады. Бәрінің барар жері – бір жер.
Оқу бағдарламасына шахматтың пайдасы,шахмат тақтасындағы есептер
Қыркүйектің 5-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім
қоғамына барар жолда» тақырыбында өткен онлайн режиміндегі дәрісінде
мектептерде шахмат ойынын пән ретінде енгізуді қолдайтындығын айтқан
болатын. Мемлекет басшысы бұл туралы былай деді: «Таяуда мен Әлемдік
шахмат қауымдастығының басшыларымен, белгілі гроссмейстерлермен
кездескен болатынмын. Олар балалары жастайынан шахматқа әуес келетін
елдер мен аймақтарда оқу үлгерімі артатынын және де математика пәнінен
білімдері жақсаратынын алға тартты. Шахмат бірнеше қадам алда жүріп,
шешімді қабылдай білуге үйретеді.Шахмат ойыны- баланың ойлау, есте
сақтау қабілетін, қызығушылығын арттырады, танымдық қасиеттерін
жетілдіреді. Шахмат сабақтарында балалар шахмат ойынының тарихын,
әліппесін, тактикасын, психологиясын, этикасын біледі. Шахмат шешімді
зерттеуге, әртүрлі жүріс нұсқасын қайта-қайта таңдауға, өз бетімен есеп
шығару қабілетін дамытуға, қорытындылауға үйретеді. Шахмат ойыны
жеке бастың мінез–құлқының қалыптасуына, ұстамды және ізденімпаз
болуына, ойлау қабілетінің артуына ықпал етеді. Өзгенің қателіктерін және
өзінің қатесін түсіне білуіне, одан дұрыс қорытынды жасауға, қарсыласты
сыйлай білуге үйретеді.Енді, әуел бастағы әңгімемізге көшсек. Шахматты
мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс тақыр жерден көтеріліп
отырған жоқ. Тәжірибе жүзінде дәлелденген мынадай бір қағида бар.
Кәмелеттік жасқа жетпеген жеткіншектің ой-санасын өрістету, логикалық
ойлау қабілетін дамыту, үлкеннің ақылына құлақ асу, шешім шығарудағы
шапшаңдық пен есте сақтау қабілетін жетілдіру, өзін-өзі ұстамдылыққа
тәрбиелеу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруде шахмат ойыны
таптырмайтын құрал екен. Әзіргі күні әлемнің бірнеше елі, оның ішінде
АҚШ, Испания, Венгрия, Италия, Голландия, Аргентина, Израиль сияқты
мемлекеттер шахматты мектеп бағдарламасына енгізуге белсене кірісіп
жатыр. Бір ғана Үндістанның өзінде 2 миллионнан аса оқушы шахматты
арнайы пән ретінде меңгереді екен. Ал Израильде шахматты сыныптық
білім бағдарламасына етене енгізуге арнайы атсалысатын Гарри Каспаров
атындағы академия жұмыс істейді. Халықаралық шахмат федерациясының
(ФИДЕ) президенті, Қалмық елінің басшысы Кирсан Илюмжановтың
бастамасымен осыдан біраз жыл бұрын Қалмық орта мектептерінде
шахмат ойыны енгізілген. Бір анығы, шахматты мектеп бағдарламасына
енгізудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Шахмат білекпен емес, баспен
ойланып, жүрекпен зерделейтін спорттың түрі. Тұнып тұрған есеп. Ал
есеп-қисапқа жүйрік адам бүгінгі дәуірдің көшінен қалмайды. Шахмат
баланың ойлау, ой түю қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, болашақ
ұрпақтың психологиялық жағынан мықты, жолында кездескен
қиыншылықтарға төзімді болып өсуіне өзіндік үлес қосады. Яғни, жүйке
жүйесін жетілдіреді. Мен бұл арада, ойынның адамға әсер етер
физиологиялық қырларын ғана тілге тиек етіп отырмын. Шахматты жетік
меңгерген баланың сабақ үлгерімі де үздік болады. Білімді, озат оқушыдан
білікті кадр шықпайды деп кім айта алар. Елбасымыз: «шахмат ойнайтын
баланың ой-өрісі шахмат тілін меңгермеген қатарласынан қарағанда он есе
артық болады» дегенде де осыны меңзеп отыр.Біздегі бір кемшілік
шахматтан тәлім беретін білікті ұстаздар саусақпен санарлық. Алдағы
жылдары шахмат сарайының қабырғасын қалап жатсақ, осынау академияға
шетелдік білікті бапкерлерді тартпақпыз. Бұл, біріншіден шахматты
бұқаралық деңгейге жеткізуге септеседі. Шахматты институт
қабырғасында жүріп меңгерген ұстаздың шәкіртіне берер тәлімі де мол
болмақ. Әрине, бұл арада барлық ұстаздан кәсіби шахматшы шығаруды
талап етіп отырған жоқпыз, шахматтың бастауыш және жоғары
сыныптарға арналған арнайы бағдарламалары бар. Соларды бес саусақтай
меңгерген мамандар болса, олардың жас өскінге берері де мол болар еді.
1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат
күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат
федерациясы шешімімен бекітілген.Кезінде құмар ойындарға жатқызып
аластатылған шахмат ойынының бұл күнде ғалымдар адам миының
қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін дәлелдеген.
Бұл ұлы ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.
Шахматтың пайдасы:
-
Бала өз бетімен шешім қабылдай алатын болады;
-
Бала назар салуға дағдыланады;
-
Баланың кеңінен ойлау қабілеті дамиды;
-
Балада іс-әрекетін жоспарлау қалыптасады;
-
Шахмат мінез-құлықты тәрбиелейді;
-
Шахмат шығармашылыққа үйретеді.
Шахмат тақтасындағы есептер:

Жауабы: Ла8x Жауабы: Фh2x

Жауабы: Фb7x Жауабы: Фе7x
Ой-өрісті өсіретін ойын мектеп бағдарламасына енуі қажет пе?
Шахмат. Қарым мен қабілет, амал мен айла, ақыл мен сабыр тартысқа
түсетін айқас алаңы. Осынау ойынды спорт түрі деп бағалайды. Өзінің
қадым заманнан бері қасықтап жинаған атақ-абыройы жағынан шахмат кез
келген спорт түрінен салмақты, салиқалы. Егер естіген болсаңыз, Англияда
жарық көрген ең алғашқы кітап шахматқа арналған екен. Осының өзі
адамзаттың арғы-бергі даму тарихында шахматтың алатын алабөтен рөлін
айшықтап тұр. «Қазақстан – білім қоғамы жолында» атты дәрісінде
Елбасының шахматты мектеп бағдарламасына кіргізу туралы айтылған
ұсынысы да тектен-тегін туындаған жоқ.Оңтүстік Қазақстандағы
мемлекеттік педагогикалық институтында шахматтан Әлем
чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы Жансая Әбдімәлік атындағы
шахмат академиясы ашылды. Спортшы интеллектуалдық ойын ордасының
ашылуына арнайы қатысып, жиналған қауымның сұрақтарына жауап
берді. Ал, кездесу соңында жоғары оқу орынның оқытушылары мен
студенттеріне бір уақытта ойнау сеансын өткізді. Ойынға қатысушылар
шеберлігі шыңдалған спортшының ойын техникасымен танысты.
Академияда спортшыларды жаттықтыру үшін, Ереваннан халықаралық
гроссмейстерлерді шақыру жоспарланған. Ал, қазір 13 жастағы
Жансая Шымкентте өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының ашық
чемпионатына қатысуда. Алдияр Тұрдалиев, ойынға қатысушысы:Жансая
өзінің жасына қарамай, нағыз шебер екенін бізге тағы бір рет
көрсетті. Әрине, он екі жасында әлем чемпионы атану кез келген адамның
қолынан келе бермейтін нәрсе.Бұл кітапта Гарри Каспаров оқырмандарға
шахматтық ойындарда ғана емес, күнделікті өмірде де басымдылықтарды
тудырудың таңғажайып құпияларын ашады.Дұрыс қадам басу үшін не
нәрсеге талпынатынымызды білу қажет. Шахматтағы мақсат өте анық:
дұшпан короліне мат қою. Осыған талпынау барысында ойынның
стратегия мен тактикасын анықтап, жоспар құрамыз. Футболда да
солай: айла-тұзақ, түрлі амалдар құра алатын, тәжірибелі ойыншы
қарсылас қақпашысының сырғып кеткенін көріп, бос қақпаға соққы
жасайды. Бұл нағыз тактикалық шешім.Стратегия тактиканы бағыттау
керек. Біз тәжірибемізге және сараптамамызға сүйене келе, шешім
қабылдаймыз. Сондықтан осы үдерісті нақтылап, оны жетілдіру керек.
Дегенмен, кездейсоқ тактикалық операциялар стратегиялық мақсатты шет
жаққа шығарып тастамауын қадағалау жөн. Сонымен, стратегия мақсатқа
жетуге арналса, онда тактика... осы стратегияны жүзеге асуға бағытталады.
Нақты және аралық мақсаттар бар болғанда, олардың шешімі үшін
тактикалық әдістерді қолдануға болады. Оны жиі істеген сайын,
қолымыздан жақсы келеді: біздің стратегиялық мақсаттарымыз тактикалық
ойлауға қосылып кетеді, әсерлер жылдамырақ болып, сонымен бірге
нақтылана түседі. Ал табысқа жету үшін жылдамдық маңызды
нәрсе.Стратегтің қас жауы - сағат тілі. Уақыттың жетіспеушілігі –
шахматта бұл цейтнот деп аталады – бізді таза рефлексте тұрғызылған ,
тактикалық ойынға лақтырады. Позицияның нақты есебіне және
бағалауына уақыт жетіспеген кезде, біздің стратегиялық елесіміз эмоция
және түйсікпен тұманданады. Бұл жерде жетілген интуиция да көмектесе
алмай қалуы мүмкін.Пабло Пикассоның қатты айтқан сөздері бар еді:
«компьютерлер пайдасыз нәрсе, өйткені олар тек жауап қайтарады».
Негізгі мағынаға ие болу үшін мағыналы сұрақтар қою керек! Дұрыс
сұрақтарды іздеу және тұжырымдау – сіздің стратегияңыздың
орындалуына кепілдік болатын табыс. Ақпараттың тасқыны сіздің
стратегиялық елесіңізді сандармен, майда-шүйделермен, есеппен,
сараптамамен жуып салады. Нағыз тактикашы болуды қаласаңыз өзіңіздің
арсеналыңызда, бір жағынан, стратегиялық көру, екінші жағынан –
аналитикалық ойлау болу керек.
Сауалнама: Шахмат ойыны туралы білесің бе?
|
Оқушы саны |
Шахмат ойнай аласың ба? |
Өз мектебіңде шахмат үйірмесінің болғанын қалайсың ба? |
Үйлеріңде шахмат тақтасы бар ма? |
|||
|
Ия |
Жоқ |
Ия |
Жоқ |
Ия |
Жоқ |
|
|
46 |
20 |
26 |
32 |
14 |
22 |
24 |
Мектеп оқушылары бағаларының мониторингі

Қорытынды
Біз жұмысқа бара жатқанда ана жаққа, мына жаққа басымызды неліктен
бұратынымызды түсінбейміз, бұл жай ғана әдет. Ал шахматшы үш жүріс
жасап-ақ қарапайым матты лезде байқай алады, тіпті бұндай позицияда
ешқашан болып көрмесе де. Бұл кезде ол өзінің кәсіби дағдысын
пайдаланады. Біз жиі шартты-сызылған сызбаға немесе біздің дем алу
үдерісімізді басқаратын ағзаның автономды жүйке жүйесіне сүйенеміз. Ал
мұнда шартты және шартты емес рефлекстер жұмыс істейді. Бірақ
рефлекс, әдеттер, дағдылар — бұл әлі интуиция емес. Жүріп-тұрудың
шартты сызбалары уақыт үнемдеп, стандартты жағдайларда кемшіліктері
болайды. Қиын проблемаларды шешу барысында осы
сызбаларға сүйенген кезде, проблема сонда ғана туындай бастайды. Бұл
шығармашылық қабілетті тұншықтырып, “әмбебап” амалдарды қолдануға
апарады, яғни кез-келген проблеманы бірдей сызбамен және рәсіммен
шешуге тырысу.Өмірде ережелер шахматтағыдай оңай емес. Біздің
шешіміміз салдары қандай болатынын біле бермейміз. Кейде жағдай анық,
кейде тек интуицияға сену қалады. Шешіміміз бұрыс болса, жағдайды
түзете аламыз ба деп өзіңізден әр кез сұрау керексіздер. Егер дәл қазір қабылданған шешімдеріңіз пайда әкелмесе, оны шетке ығыстырудан ұтылмайсыз. Уақытты сапаның жақсаруына, жаңа ақпаратты жинауға және басқа нұсқаларды ойлауға жұмсаңыз. Маргарет Тетчер айтқандай: “Саясатта мен бір нәрсе ұқтым: сіздер оны істеуге мәжбүр болмағанша, шешім қабылдамайсыздар”.
Ұсыныс
1.Шахмат ойынын мектеп бағдарламасына енгізу.
2. Мектептерде шахмат үйірмелері ашылса.
3. Мектепшілік шахмат жарысы ұйымдастырылса.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
-
«Ол кім? Бұл не?» энциклопедия
-
Ғаламтор желісі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика мен шахматтың байланысы

шағым қалдыра аласыз