400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика "Мың көлеміндегі сандар" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 4 «Ә»

Тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар.

Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру .

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқулықпен танысу:

4 класс «Математика» оқулығын Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина – деген авторлар құрастырып жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Алматы қаласынан Алматы «Атамұра» баспасынан 2015 жылы шыққан.

3. Кітапта шартты белгілер бар, сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған.

4.Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің. Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.

ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)

  • Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.

1.Оқулықпен жұмыс.

№ 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.

а) 10 ә) 100 б) 99 в) 999

№2 а) 548, 550, 551, 554, 556, 557, 561, 562, 564.

ә) 564

б) 435

№3 Салыстыр: Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.


а) 384 < 385 749 > 649 2 м 2 дм 4 см = 324 см

600 > 598 758 > 738

ә) 592 < 596 635 < 735 2 м 3 дм 5см = 235 см

400 > 398 865 > 845

№4 а) 5, 50, 500, 5000. 5 < 50, 50 < 500, 500 < 5000

ә) 100, 200, 300, 400, 500 ---- 10, 20, 30, 40, 50 ---- 1, 2, 3, 4, 5

№5

а) 90 : 10 = 9

ә) 7 х 100 = 700

№6 Топтық жұмыс. Кесте бойынша өрнектер құрастыр және жаз. Олардың мәнін тап.

Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

Санның оқылуы

5

3

8

бес жүз отыз сегіз

5

3

0

бес жүз отыз

5

0

8

бес жүз сегіз

5

0

0

бес жүз

538, 530, 508, 500.

Сандарды оқы: өсу ретімен жаз.

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

Санның оқылуы

3-разряд бірл.

2-разряд бірл.

1-разряд бірл.


3

4

7

үш жүз қырық жеті

3

4

0

үш жүз қырық

4

0

7

төрт жүз жеті

3

0

0

үш жүз

300, 307, 340, 347.

Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты құрайды. Оны бірліктер класы деп атайды.

№7 а) 9 жүзд. 9 онд. 9 бірл. = 999

ә) 900 + 90 + 9 = 999

б) 999 + 1 = 1000

Мың – екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.

№8 (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).

(49 : 7 * 5 + 1) : 9 * 3 = 12

28 : 7 * 4 : 2 * 3 : 6 = 4

(7 * 8 + 7) : 9 * 3 : 7 = 3

№9 а) . түсіндіріп шығару.

Жетісу - 300 оқушы

Сарыарқа - ?, одан 100 оқушы артық

Ш: 300 + 100 = 400 Ж: Сарыарқада 400 оқушы

ә)Ақжайық - 400 оқушы

Алтай - ?, одан 200 оқушы кем

Ш: 400 – 200 = 200 Ж: Алтайда 200 оқушы

Шығармашылық тапсырма. № 9. Б)

Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?

Үйге тапсырма: № 10 . 5 бет.

Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі