Математика негіздері Тақырыбы: «Менің анам. Заттар тобын салыстырамын. «=», «<», «>», белгілері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика негіздері Тақырыбы: «Менің анам. Заттар тобын салыстырамын. «=», «<», «>», белгілері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалалы Ашық оқу қызметі Математика негіздері Тақырыбы: «Менің анам. Заттар тобын салыстырамын. «=», «<», «>», белгілері» Мақсаты:  Білімділік: Балаларға аз, көп, тең, артық, кем ұғымдарын ойын арқылы үйрету. Дамытушылық: Балалардың ақыл, ойын сана сезімін ойын арқылы дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ауызбіршілікке, дәптерлерін таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

17. 02. 22ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Менің анам. Заттар тобын салыстырамын. «=», «<», «>», белгілері»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға аз, көп, тең, артық, кем ұғымдарын ойын арқылы үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ақыл, ойын сана сезімін ойын арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ауызбіршілікке, дәптерлерін таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд, суреттер, бейнежазба

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Микрофон» әдісі, мақтау, мадақтау, «Блум» түймедағы әдісі.

Шаттық шеңбері:

Балалар көңілді ән ырғағымен қимылдар жасау арқылы шаттық шеңбер көрсетіп, келген қонақтармен амандасады.

«Микрофон» әдісі арқылы сұрақ-жауап:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінде үш ай бар.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір аптада жеті күн бар.

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Қар жауады, жел соғады, күн тұманды болады, жер көктайғақ болады.

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз!

-Жарайсыңдар, балалар!

Өткен тақырыбымызды еске түсірейікші:

Фигураларды құрастырамыз!

Балалар сан бойынша топтарға бөлінеді.

-Балалар бүгінгі тақырыбымыздың қандай екендігін бейнежазба арқылы тамашалайықшы. (Бейнежазбада қыздарымыз өз аналарына үй жұмысына қалай көмектесетінін көреміз!)

-Аналар туралы әңгімелесу, үй жұмыстарына көмек қолын созу туралы түсіндіру.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге математика негіздері оқу қызметі болады, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Менің анам. Заттар тобын салыстырамын. Аз, көп, тең, кем, артық ұғымдарын қалыптастыру» деп аталады.

Балалар жаңа тақырыбымыз туралы бейне үзіндіге мұқият назар аударайық!

-Бейнеүзінді бойынша сұрақ-жауап.

Мысал: Ортаға 2 баланы шақырамын. Бейнежазбағы достарымыз сияқты бізде бойымызды салыстырайықшы! Кімнің бойы ұзын? Кімнің бойы қысқа?


Сергіту сәті:

Бүгін бізге сергіту сәтін Арыслан көрсетеді.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ!

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Суреттегі заттарды сана.

Не артық? не кем? Атаңдар.

Белгілердің үстінен саусағыңмен жүргіз.

> артық, < кем, = тең,


Picture 4

2-тапсырма: Әлия дастархан жайды, 3-бет

Қайсысы артық; Тәрелке ме? Саптаяқ па?

Қайсысы кем; Қасық па? Тәрелке ме?



Picture 5

3-тапсырма: Қаламмен бастырып сыз.

Тәрбиеші: Логикалық есептердің шешімін табайық!

1-ші ағашта бес алма бар?

2- ші ағашта жеті алма бар?

Қай ағаштын жемістері көп және аз?

Тәрбиеші: Балалар, кім маған санамақ айтып береді?

Аль-Карим:

Бір үйде он баламыз

Бір үйде он баламыз

Бір бір жастан арамыз

Бір жастағы- Біржан

Екідегіміз- Елжан

Үштегіміз- Үсен

Төрттегіміз- Төкен

Бестегіміз- Бекен

Алтыдағымыз -Арқан

Жетідегіміз- Жетен

Сегіздегіміз- Сөкен

Тоғыздағымыз -Тойтан

Ондағымыз- Ойқан

Жастарымызды қосыңыз,

Қосындысы қанша осының?

Зайнаб:

Бір дегенім- Бәйтерек

Екі дегенім- Емен

Үш дегенім- үйеңгі

Төрт дегенім- тұт

Бес дегенім- беке

Алты дегенім -арша

Жеті дегенім- жиде

Сегіз дегенім- сексеуіл

Тоғыз дегенім- тораңғы

Он дегенім- орман

Орман -аң -құстарға қорған.

Нариман:

Бір дегенім- бүрген,

Екі дегенім -ермен

Үш дегенім- үлпілдек

Төрт дегенім- түлкішек

Бес дегенім- бестамақ

Алты дегенім -алқа

Жеті дегенім- жекен

Сегіз дегенім -селеу

Тоғыз дегенім -тошала

Он дегенім- ошаған

Шөптен дәрі жасаған.

Ойын: «Мен анама көмектесемін»

Ойын шарты: 2-бала ортаға шығып дастархан жаяды. Дастархан үстіне

5-алма, 4-бокал тағы да басқа заттар қояды. Дастархан үстіндегі заттарды аз көп екендігін салыстырады. Айтып, көрсетеді, түсіндіреді.

Дінмұхаммед:

Алақай, алақай

Шаттанады балақай

Көрікті көктем мерекесі

Аналардың берекесі

Нұрмұхаммед:

Ақыл ойын дананың

Ана тілін аламыз

Бүгінгі келген қонақтарға

Осы гүлімді сыйлаймыз.

Нұрдаулет:

Мейрімі мол балаға

Барлық барлық анаға

Басымызды иеміз

Барлық аналарға.

«Блум» түймедағы әдісі арқылы кері байланыс:

-Балалар бүгін оқу қызметінде не туралы айтылды?

- Оқу қызметін түсіндіңдерме?

-Оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, сендер өте жақсы қатыстыңдар! Мен сендерді мақтан тұтамын! Әрқашанда биіктерден көріне беріңдер! Көктем мерекесіне тақпақ айтып құттықтап келген қонақтарға балаларымыз тақпақ айтып, гүл сыйлайды.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: анамызға көмек көрсету қажет екендігін;

Игереді: артық, кем, тең таңбаларын ажыратуды;

Меңгереді: тапсырмаларды орындауды, салыстыруды меңгереді.







«Тексерілді» «Бекітемін»

Манғыстау облысының білім Манғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен басқармасының Жаңаөзен

қаласы бойынша білім бөлімінің қаласы бойынша білім бөлімінің

«№17 «Балауса» бөбекжайы» «№17 «Балауса» бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы жедел басқару құқығындағы

МКҚК – ның әдіскері: МКҚК – ның директоры:

___________Жанжигитова Р.С ___________Махашева Т.Е

«______» «______»________ «______» «______»________




Қалалық ашық оқу қызметі: Математика негіздері
Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: «Менің анам. Заттар тобын салыстырамын.

« ˃ », « ˂ », « = » белгілері»

Picture 5


Өткізген: Дуйсенгалиева Ж.К

15 «Самал» МАД тобы












2021-2022 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2022
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі