жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика пәні "Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар." 2сынып
Пән: Математика Күні: 01.2019 Сынып: 2 «А» |
Мектеп: Көздіғара негізгі мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Д.Халиоллаева Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны:0 |
|||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар. |
|||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау 2.3.1.2 көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тіктөртбұрыш, шаршы) танып біледі. Көптеген оқушылар: фигуралардағы бұрыштардың түрлерін танып біледі жəне құрайды. Бұрыштар (тік, сүйір, доғал), тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады. Кейбір оқушылар: фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелей алады. |
|||||||||||
Бағалау критерийлері |
Бұрыш түрлерін ажырата алады. Бұрыш түрлерін практикада көрсете алады. |
|||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Бұрыш, тік бұрыш, көпбұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш. |
|||||||||||
Құндылықты дарыту |
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, жауапкершілік. |
|||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, дәптер, суреттер. Компьютер, проектор, интерактивтік тақта. «Ақиқат, жалған» ресурсы. Кері байланыс парағы. |
|||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Топтық, жұптық жұмыстар. |
|||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек: практикалық жұмыс барысында. Музыка: сабақ басында. |
|||||||||||
АКТ қолдану дағдысы |
Электрондық оқулық |
|||||||||||
Бастапқы білім |
1-сыныптағы геометриялық фигуралар туралы алған білімі және күнделікті өмірдегі ұқсас заттар туралы түсінігі. |
|||||||||||
САБАҚ БАРЫСЫ: |
|
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы |
1.Ұйымдастыру бөлімі А) Амандасу, сыныпты тексеру, оқу-құралдарын дайындау. Ә) Психологиялық дайындық: Ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз, шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем. Осы әлемде біздер ақ ниетті, адал дос жандарға айналамыз. Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз. Б) Ой қозғау. - Берілген фигураларды ортақ белгілері бойынша топта. Неше топқа бөлдің және қандай топтарға? (Екі топқа, бұрышы бар фигуралар және бұрышы жоқ фигуралар.) - Қалған фигураларды неше топқа бөлуге болады? (Үш топқа: үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар.) - Бөлінген топтардағы фигуралардың ұқсастықтары неде? (Бұрыштары мен жақтарының санында.) - Қанекей, бұрыштарын санап, атайықшы. (Үшбұрышта 3 бұрышы, төртбұрышта 4 бұрышы, бесбұрышта 5 бұрышы бар.) - Бүгінгі сабағымызда тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? (Бұрыштар.) - Балалар, ата-анамызды, аға-әпкелерімізді тыңдамағанда, бұрышқа тұрғызған сәттер болды ма? (болды; жоқ, болмады.) - Біз тұрған бөлмеде бұрыш бар ма? (Бар.) - Қалай ойлайсыңдар? Бұрыш қандай геометриялық фигуралардан тұрады екен? (Нүктеден және екі сәуледен.) - Жарайсыңдар, балалар, енді тақтаға назар аударайық. |
«Хрустальная грусть» композициясы
Интерактивтік тақта, проектор, компьютер, флипчарт
|
||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Электрондық оқулық.
«Ақиқат, жалған» әдісі 1.Суретте неше бұрыш бейнеленген. (7, ақиқат.) 2. Айна, Лариса, Дина тік, доғал, сүйір бұрышты салды. Айнаның салған бұрышы Ларисаның салған бұрышынан артық, бірақ Динаның салған бұрышынан кіші. Кім қай бұрышты салды? (Айна – тік бұрышты, Лариса – сүйір бұрышты, Дина – доғал бұрышты салған, ақиқат.) 3.Суреттегі сағат тілдері қандай бұрышты құрап тұр? (сағаттық тіл мен минуттық тіл – тік бұрышты, минуттық тіл мен секундтық тіл – доғал бұрышты, сағаттық тіл мен секундтық тіл - сүйір бұрышты құрап тұр, ақиқат) 4. Суретте неше көпбұрыш бейнеленген? (10, ақиқат)
Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Суретпен жұмыс.
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. Тік бұрыштарды, бұрыштардың төбесін және көпбұрыштарды ата.
Дескриптор:
Сергіту сәті.
3-есеп. Спорт үйірмесінде Айдос 14 жаттығу, Нұрлан 9 жаттығу жасады. Ал Айдос пен Нұрлан бірге қанша жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасады. Еркін қанша жаттығу жасады? Мазмұнымен таныстыру: 1.Есепте не туралы айтылған? -Айдос, Нұрлан, Еркіннің жасаған жаттығулары туралы. 2.Не белгілі? -Айдос14 жаттығу, Нұрлан 9 жаттығу жасағаны. Айдос пен Нұрлан бірге қанша жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасағаны. 3.Не белгісіз? -Айдос пен Нұрланның бірге қанша жаттығу жасағаны. 4.Есеп не сұрайды? -Еркін қанша жаттығу жасағанын. Есепті талдау: 1.Есептің сұрағына бірден жауап беруге болады ма? Неге? -Жоқ. Өйткені біз Айдос пен Нұрланның бірге қанша жаттығу жасағанын білмейміз. 2. Оны табуға бола ма? Қандай амал қоданамыз? - Ия, қосу. 14+9=23 жаттығу. 3. Айдос пен Нұрланның бірге 23 жаттығу жасағанын білсек, есептің сұрағына жауап беруге бола ма? - Ия. Айдос пен Нұрлан бірге 23 жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасаған. 4.Есептің қысқаша берілгенін жазу үшін негізгі сөздерді анықтайық. -Айдос, Нұрлан, Еркін. 5. Енді есептің қысқаша берілгенін жазайық. А Н Еркін - ? жаттығу сонша Шешуі: 14+9=23 (жаттығу) Жауабы: Еркін 23 жаттығу жасаған. 4-мысал.
Дескриптор: - Мысалды қатесіз, жылдам шығарады. |
Интерактивтік тақта, проектор, компьютер, флипчарт
Электрондық оқулық
Интерактивтік тақта, проектор, компьютер, флипчарт
«Ақиқат, жалған» ресурсы.
Оқулық, жұмыс дәптер
Оқулық, жұмыс дәптер
https://www.youtube. com/watch?v=sPX27NNVWCY
Оқулық, жұмыс дәптер
Оқулық, жұмыс дәптер
|
||||||||||
Сабақтың соңы |
1.Кері байланыс. Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды.
2.
|
Кері байланыс парағы
Смайлик суреттері |
||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген